285
капитал дүниесін айқын көріп отыр.
(Ғ. М.) 11) Бүгінгі кештің сырын көңілді
сәтте ашқысы келіп отырған Калует бар жайды енді баяндады.
(Ғ. Сл.) 12)
Майданға кеткелі бес жыл болған жалғыз ұлы Қасымнан екі жылдан бері
хабар жоқты.
(Ғ. Мүсір.) 13) Сәтжан ауылға жеткенше асығып келеді.
(С. Бег.)
ПЫСЫҚТАУЫШТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Пысықтауыштар етістік баяндауышпен және етістіктен болған өзге
мүшелермен байланысты болып, етістіктегі қимылдық процесті түрлі жағынан
пысықтап тұрады. Пысықтауыш және онымен байланысты етістіктен болған
мүшелердің арасындағы мағыналық қарым-қатынастардың түріне
қарай
пысықтауыштар мына сияқты алты түрге бөлінеді:
1)Мезгіл пысықтауыш. 2). Мекен пысықтауыш. 3). Мақсат пысықтауыш.
4)Сын-қимыл (амал) пысықтауыш, 5) Себеп пысықтауыш. 6)
Мөлшер
пысықтауыш.
Достарыңызбен бөлісу: