аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис
кешіп жүгіре береді. (Т. А.) Құмы езілген бір жерді ол шұқырлап қаза
бастады. (С. М.) 4) Оспанқүл да қош деместен қасқа биенің басын шұлғытып аяңдап жөнеліп еді. (М. Ә.) 5) Көбіне-ақ дүниеге таңдана не сүйсіне қарайтын көз жанарында бір кірбең бар. (Т. А.) 5. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларында қолданылған
есім сөздер де қ а л а й? қ а й д а? қ а й д а н? деген сияқты сұрауларға жауап
беріп пысықтауыш болады.
1. Бүгін мал біткен аулағыраққа өрістеген. (Ғ. Сл.) 2) Сені Қарағандыдан тапқаныма әрі қуандым, әрі қиналдым. (Ғ. Мүсір.) 3) Сәтжан мен Жанайдың құлағына шырылдаған ителгі балапандарының даусы тіпті таяудан естілді. (С. Бег.) 4) Алыстан неміс самолеттерінің гүрілі естіліп еді,оны да елеген жоқ. (Ә. Ә.) 6) Бұдан кейін Раузамен кітапханада жиі ұшырасып тұратын болдық. (М. И.) Ескерту: барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары тұлғасында
айтылған сөздер сөйлем ішінде толықтауыш қызметінде қолданылуы да
мүмкін.
Сөйтіп, бұл септік жалғауларьшда қолданылған зат есім сөздері сөйлем
ішіндегі беретін мағынасына және кандай сұраққа жауап беріп тұруына бай-
ланысты бірде жанама толықтауыш қызметін, бірде пысыктауыш қызметін
атқарып келе береді. Өйткені әрбір сөз белгілі морфологиялық тұлғаға еніп,
грамматиканың қарамағына түскенде, оның тілдегі атқаратын қызметі айқын-
дала түседі.
Жоғарыдағы септік жалғаулары тұлғасында айтылған сөздердің бірде то-
лықтауыш, бірде пысықтауыш қызметін атқарып тұруының екі түрлі себебі
бар: біріншіден, сөздің лексикалық мағынасына байланысты, екіншіден, ол
сөздің сөйлем ішінде қандай сұраққа жауап беріп тұруына байланысты.
Егер сөз лексикалық мағынасы жағынан адамды білдіріп, немесе өзге бір
жанды және жансыз нәрселердің атын білдіріп кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрақтардың біріне жауып беретін
болса, толықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: 1) Қазақ халқы — ән мен