Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет288/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 136. Одағай сөздер
Сөйлем мүшелерімен тікелей байланысы жоқ, сөйлемде айтылған 
ойға жалпылап қатысы бар, адамның түрлі көңіл күйін, сезімдерін 
білдіретін оқшау сөзді о д а ғ а й деп атайды. 
Өзге оқшау сөздер сияқты одағай сөздер де түбір тұлғада тұрып, сөйлемге 
мүше бола алмайды. Сондықтан сөйлем ішінде өзге сөздерден бұлар тыныс 
белгілерімен бөлініп тасталады. 
Одағай сөздердің белгілі сөйлемде айтылу интонациясына қарай, соңынан 
не үтір, не леп белгісі қойылады. Одағай сөйлем ішінде жай бір қалыпты 


дауыспен айтылса, одан кейін үтір қойылады да, аса көтеріңкі дауыспен 
айтылса, соңынан леп белгісі қойылады. 
1) Япырай, мынауың да бір соны сөз болды-ау, Абай! 2) — Әй, жігітім, 
тоқташы былай!— дей беріп еді. Далбай қамшысын сілтеп қап, ақырая берді. 
(М. Ә.) 3) — УҺдеп, демін алды — Менің мендігімнен ғана келдім. (Ғ. М.) 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Қандай сөздер оқшау сөздер деп аталады? 
2) Оқшау сөздер атқаратын қызметіне қарай қандай сөздер болып 
бөлінеді? 
3) Қаратпа сөз қандай мақсатта айтылады? 
4) Қыстырма сөз деген не? 
5) Одағай сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады? 
6) Оқшау сөздердің тыныс белгілері қалай қойылады? 
 
181-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, ондағы қаратпа сөздің астын бір
қыстырма сөздің астын екі, одағай сөздердің астын үш сызыңдар. Қаратпа сөздердің 
мағынасын түсіндіріндер. 
1) —Сен осындай қорқақ па едің, Асқар?—деді Бүркітбай Асқарды белінен 
қүшақтап, үрейлі кескініне күлімсірей қарап. (С. М.) 2) Гүлдерде тозаңның 
болатынын, мүмкін, сіздердің бәріңіз де білетін шығарсыздар? (В. Л.) 3) — 
Бәсе, бүйтпесе Базекең бола ма?— деп, Абай Дәрменге қарады да,— міне, 
заман үні, ендігі саналы буын үні деген осы!—деді. (М. Ә.)4) Япырай, 
қалай өзгерген! Ән мен күй қалай өзгерген! Сондай сырлы, соншалық жан 
тамырды солқылдатқан қандай сөздер! ( М.Ә.). 5) Есімде, Қайреке,ұмытатын 
уақыт та бола қойды ма?6) Меніңше, темір жолға тіке тартқан жөн бе деймін ) 
Ғ. Сл.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет