Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ БӨЛІНУІ



Pdf көрінісі
бет289/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ БӨЛІНУІ 
 
Сөйлем болу үшін ең басты шарт — сөйлемде бастауыш пен баяндау-
ыштың болуы. Тұрлаулы мүшелер (бастауыш пен баяндауыш) сөйлемнің 
негізін құрайды. Бірақ барлық сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден ғана құрала 
бермейді. Сөйлемде бастауыш пен баяндауышты төңіректеп жүретін 
тұрлаусыз мүшелер де (толыктауыш, анықтауыш, пысықтауыш) болып 
отырады. Сөйтіп, бір сөйлемде тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің барлығы да 
болуы мүмкін. Бұл машинаны кеңшар басшысы кеше сатып әкелді. Бұл 
сөйлемде тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің бәрі де бар. Кеңшар басшысы
(к і м?) — бастауыш, сатып әкелді (не істеді?) — баяндауыш, машинаны 
(нені?)—толыктауыш, бұл (қай машинаны?) — анықтауыш, кеше (қ аш а н?)— 
пысықтауыш. 


311 
Үнемі сөйлемде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер түгел айтыла бермейді. 
Кейде сөйлем таза тұрлаулы мүшелерден ғана тұрады. Кейде сөйлем ішінде не 
бастауыш, не баяндауыштың бірі айтылмауы да мүмкін. Бірақ сөйлемдегі бар 
мүшелердің морфологиялық тұлғаларына немесе сөйлемнің жалпы 
мағынасына, өзге сөйлемдермен іргелес келуіне қарай айтылмаған мүшенің 
қандай сөз екенін тауып алу қиыншылық келтірмейді. 
Сөйтіп, жай сөйлемдер кұрылысына қарай: жалаң және жайылма
толымды және толымсыз, жақты және жақсыз, атаулы болып бөлінеді. 
§ 137. Жалаң және жайылма сөйлемдер 
Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған жай сөйлемді ж а л а ң
с ө й л е м дейді. 
I) Күз келді. 2) Қүн суыды. (Қ. Әбд.) 3) Аттылар жүріп кетті. (М. Ә.) 4) Мен 
оқып жаттым. 5) Ай жарық. 6) Мен ұйықтап қалдым. (С. М.) 7) Балалар оқуда. 
(Ғ. М.) 9) Қар жұқа болатын. (М. Ә.) 
Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет