Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


байланысы жоқ және өздері сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек



Pdf көрінісі
бет285/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

байланысы жоқ және өздері сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек 
сөйлемдегі ойдың кімге, неге арналғанын, сөйлеушінің сол ойға 
көзқарасын, ішкі сезімін білдіру үшін айтылған сөздерді о қ ш а у с 
ө з д е р дейді. 
Оқшау сөздер атқаратын қызметіне қарай үш түрлі болады: 1) қаратпа 
сөз, 2) қыстырма сөз, 3) одағай сөздер. 


307 
§ 134. Қаратпа сөз және оның тыныс белгілері 
Сөйлемдегі айтылған ойдың кімге, неге арналғандығын білдіру үшін, 
оған өзге адамдардың көңілін аудару үшін қолданылатын оқшау сөзді қ 
а р а т п а с ө з дейді. 
1) Нартай, сен әкеңе барып, не болып жатқанын айт! ( Ғ.М.) Бірақ 
әділетіңді өзің айтшы, Дәрмен! (М. Ә.) 
Бұл сөйлемдердегі Нартай, Дәрмен деген кісі аттары мен қаратпа сөз 
болып тұр. Өйткені сөйлемдегі ой осыларға арналып, қаратылып айтылған. 
Қаратпа сөздер, негізіңде, атау тұлғадағы кісі аттары мен адамды білдіретін 
жалпы зат есім сөздерінен жекеше және көпше түрде, сондай-ақ тәуелділік 
жалғауы жалғанып та келе береді. 
1) Сіз қоя тұрыңыз, Қайреке. (Ғ. Сл.) 2) Асанәлі ағай, студенттер  
сізбен суретке түскісі келеді. (А. Қ.) 
Поэтикалық шығармаларда қаратпа сөз тек адамға ғана емес, жанды-
жансыз нәрселерге де қаратылып айтыла береді. 
1. Егіске күйің қалай, Қызыл атым? Күн мынау күшті дене қызынатын. 
(С. С.) 2. Қеруендей кемелері Қернейлеткен, Аралым! Кеме сайын еңбек ері 
сертке жеткен, Аралым! (Қ. А.) 
Қаратпа сөздер бірнеше сөздердің тіркесінен де келуі мүмкін. 
1. Сәйлей бер, ақ домбырам дүмбірлеген, 
Шарықтап күй төгілді бүгін менен. 
2. Балалар, аманбысың, шырақтарым, Майысып көлге біткен 
құрақтарым. (Ж. Ж.)
Қаратпа сөз сөйлем мүшелерімен грамматикалық байланысқа енбейтін 
болғандықтан, сөйлемнің қай жерінде келсе де оқшауланып үтірмен бөлініп 
тасталады. 
1. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, қаратпа сөздің айтылу интона-
циясына қарай, одан кейін не үтір, не леп белгісі қойылады. Егер қаратпа 
сөзден кейін леп белгісі қойылса, келесі сөз бас әріппен жазылады. 
 Балалар, сендер ауылдағы ақымақтықтарыңды мұнда істемеңдер, оларың 
жарамайды,— деп, өзінше майдалап көрді. 
Мырқал аға! Жалынамын, достықты жаулық деп түсінетін әдетіңізді 
тастаңыз. (Ә, Ә.) 
2. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан да үтір 
қойылады. 
Қешіріңіз, жолдас, директор қабылдамайды. Ол қазір емтиханда. (В. Л.)  
3. Қаратпа сөз сөйлемнің соңында тұрса, оның алдынан үтір қойылады. 
Япырай, мынауың да бір соны сөз болды-ауАбай (М. Ә.) 
4. Қаратпа сөздер адамды білдіретін сөздер мен адам аттары болып, олар 
қарағым, шырағым, қалқам сияқты сөздермен тіркесіп айтылса, сөйлемнің қай 
жерінде келсе де, үтірмен бөлініп тасталады. Мысалы: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет