Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


біздің біреумізге таныс болып шықты



Pdf көрінісі
бет298/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

біздің біреумізге таныс болып шықты. 3) Асқар ішінде келе жатқан 
полк көптен бері қажырлы қарсылық көрсетерлік жау кездестірген жоқ
еді. (С. М.) 4) Иығына салып алған орамалы бар Жақия жез леген алып 
жүріп жүртқа жағалай су құйып тұр. (М. Ә.) 


323 
Шынында, бұл сөйлемдердің бәрі де үйірлі мүшелі жай сөйлемдер. 
Мұндағы негізгі ой ... қызық кітап бүгін маған тиді, ... үйдің иесі біздің 
біреуімізге таныс болып шықты, ... полк көптен бері қажырлы карсылық 
көрсететін жау кездестірген жоқ еді, ... Жақия жез леген алып жүріп 
жұртқа жағалай су құйып тұр деген жай сөйлемдер арқылы беріліп тұр. 
Бұл сөйлемдер құрмалас сөйлем бола алмайды. Өйткені олардың қарайтылып 
берілген бөлімінің тұлғалық көрініс жағынан грамматикалық бастауышы мен 
баяндауышы бола тұрса да, сөйлем боларлық мағыналық ой дербестігі жоқ, 
интонациялық жағынан сөйлемдік ерекшелігі жоқ. 
Сейтіп, белгілі құбылыс, оқиға, әрекеттердің ара қатынастарын 
білдіру үшін өзара тиісті грамматикалық тәсілдермен байланысып, бір 
күрделі ойды білдіретін бірнеше жай сөйлемдердің тіркесінен құралған 
сөйлемді қ ұ р м а л а с с ө й л е м дейді.
Мысалы: 1) Төменгілер сөзімді тыңдамаса, жоғарғы бастықтың өзіне 
айтам. (К. Т.) 2) Ащылы шөптің тұқымы да күшті, мал тез семіреді және 
ащыға семірген малдың еті де, сүті де тұщыға семірген малдан күшті 
болады. (С. М.) 3) Жомарт бітірген шаруасын қысқаша айтты да, үшеуінің 
бас қосып шыға қалуын сұрастырды. (Ғ. М.) 
§ 143. Құрмалас сөйлемдердің түрлері 
Құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық 
қарым-қатынастары да, байланысу тәсілдері де үнемі біркелкі бола бермейді. 
Кейде құрмалас сөйлемнің қүрамындағы жай сөйлемдер мағыналық жағынан 
бір мезгілде біріне-бірі іргелес өтіп жатқан оқиғаларды, не екі сөйлемдегі 
айтылған қимылдық процестің бірі екіншісіне қарама-қарсы екендігін, не екі 
оқиғаның себептестігін білдіріп тең дәрежеде байланысқан жай сөйлемдердің 
баяндауыштары (етістік баяндауыш болса да, есім баяндауыш болса да) 
тұлғалық жағынан тиянақты түрде қолданылады. Мысалы: 1) Ербол 
Тоғжанды апарып тастады да, өзі қайта шауып кетті. (М. Ә.) 2. Қабыш 
екеуі біраз созғыламақ еді,Шығанақ оған келтірмеді. (Ғ. М.) Бұл сөйлемдер-
дің екеуі де құрмалас сөйлемдер. Олардың әрқайсысы өзара тең дәрежеде 
байланысқан екі жай сөйлемнен келіп, бір күрделі ойды білдіріп тұр. Әрбір 
жай сөйлемнің баяндауышы апарып тастады, шауып кетті, созғыламақ еді, 
келтірмеді деген сияқты ашық райлы етістіктерден келіп тұр. Құрмаласқа 
енген бұл жай сөйлемдердің мағыналық дербестігі және баяндауыштарының 
тиянақтылығы сонша, бұлардың әрқайсысын осы қалпында езгеріссіз бөлек 
сөйлем ретінде колдануға да болады. Бұларды ұласып айтылған бір күрделі 
ойды білдіретін құрмалас сөйлемге енгізіп байланыстырып тұрған — олардың 
мағыналык жақындығы мен жалғаулық шылау және сөйлемнің интонациясы. 
Құрмаласқа енген жай сөйлемдер кейде бірімен-бірі тең дәрежеде 
айтылмай, бірі мағыналық жағынан және баяндауыш тұлғасы жағынан дербес 
сөйлем боларлық дәрежеде айтылады. Енді бірі мағыналық жағынан 
бағынышты болып келеді де, оның баяндауышы не көсемше, не есімше, не 


болмаса шылау сөздері тіркескен күрделі баяндауыш түрінде қолданылып, 
тұлғалык жағынан тиянақсыз болады. Мысалы: 1) Әшім күлкіге аралас-тырып 
сөзінің ізін жасырмақшы болса да, Әсетті адастыра алған жоқ. (К. 0.) 2) 
Абай сәлем беріп үйге кіргенде, кең үйдің іші лық толған кісі екен. (М. Ә.) Бұл 
сөйлемдер де екі жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлемдер. Бірақ бұл 
кұрмаластардағы жай сейлемдердің ара қатынастары мен баяндауыш 
тұлғалары бұдан бұрынғы талданған сөйлемдерге ұқсамайды. Құрмаласқа 
енген жай сөйлемдердің Әшім күлкіге араластырып сөзінің ізін жасырмақшы 
болса да... Абай сәлем беріп үйге кіргенде... деген бөлімдері белгілі ойды 
өздігінен тиянақтай алмайды, мағыналық жағынан өздерінен кейінгі айтылған 
ойға бағынышты. Баяндауыш тұлғалары да жасырмақшы болса да, кіргенде 
түрлерінде айтылып, тиянақсыз түрде колданылып жүр. 
Сөйтіп, кұрмалас сөйлемдер компоненттерінің мағыналық қарым-қатына-
сына, өзара грамматикалық байланысу тәсілдеріне қарай негізгі үлкен үш 
топқа жіктеледі: 1) салалас құрмалас сөйлемдер, 2) сабақтас құрмалас 
сөйлемдер. 3) аралас құрмалас сөйлемдер. 

 
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет