198-жаттығу. Мәтінді окып шығыңдар да, бағыныңкы сөйлемнің баяндауышы септік
жалғауы немесе шылау сөздері тіркескен есімшеден бол-ған сабақтас кұрмалас сөйлемдерді
теріп жазыңдар. Бағыныңкы сөйлемді ба-сыңкы сөйлеммен байланыстырып тұрған
баяндауыш тулғаларын айтып беріндер.
Ауыл әйелдерінің ұғымынша, жатақ дегендер тыраш келеді, олар мал
жинауды білмейді, бар жиғанын киімі мен тамағына салады. Олардың
байымайтындығы да сондықтан.
Ауылдың ұғымы осылай болғанмен, әйел атаулының Кәкішше киінуі,
еркек атаулының Әубәкірше киінуі маған арман сияқтанады. Бұл екеуі маған
Жанпейіс айтқан сөздердің куәлігіндей боп көрінеді.
Бойым үйренгеннен кейін, мен осы ойымды Әубәкірге айтып едім:
— Жөн сөз екен мұның,— деді ол,— кету керек бұл арадан. Қазақ
арасында
жүріп оңбайсың. Орыс арасына барып жұмыс істеу керек те, адам сияқты тұру
керек..
Әубәкір мені алып та
кетпек болып еді, Нұртаза ризаласқан да еді, нақ со
кезде қырсық шалып, тұмауратып қалдым...
...Мен осындай кикілжіңге кеп кездестім. «Ашыққан ұры ашынған тілді
болады» дегеи мақал бар емес пе! Қайын атасы күн сайын құлағын мүжи
берген соң, менің апамның да
тілі шығып, қарсы жауап қайыратын бопты...
(С. М.)
§ 151. Шартты райлы бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің бірі бағыныңқы, екіншісі
басыңқы сөйлем болып байланысқанда, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы -
шартты райлы етістік болып келеді.
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шартты райлы етістік тұлғасында
айтылып, сабақтас
құрмалас сөйлем жасалады да, бағыныңқы сөйлем, көбіне,
басыңқы сөйлемдегі ойдың шартын білдіріп тұрады. Мысалы:
Егер жұрттың
бәрі жаңағы шалдай пейілмен істесе, бұл шаруашылық дүрілдеп-ақ кетер
еді. (Ғ. М.) Бұл сабақтас кұрмалас сөйлемде бір бағыныңқы, бір басыңқы
сөйлем шартты райлы етістіктен болған баяндауыш
арқылы байланысып тұр
да, бағыныңқы сөйлем басыңқы сайлемдегі ойдың орындалу шартын көрсетіп
тұр.
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болған етістік шартты райдың жіктеу
түрінде де және жекеше , көпше түрінде де тұра алады. Сондықтан шартты
райлы етістік арқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемінің
баяндауышы өзінің бастауышымен жақтасып айтылады.
Бірақ баяндауышы шартты райлы етістіктен болған бағыныңқы сөйлем
үнемі басыңқы сөйлемдегі ойдың шартын білдіре бермейді. Кейде
бағыныңқыдағы ойдың мезгілін де, себебін де білдіреді және
басыңқы мен
бағыныңқыдағы ойдың қарама-қарсылығын да, кезектестігін де білдіреді.
Мысалы:
1)
Артыма жалт қарасам, екі жігіт аттарын байлап жатыр екен
335
( Б.М.). Бұл сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы сөйлем басыңқы
сөйлемдегі оқиғаның мезгілін білдіріп тұр.
2)
Жел үп етсе, күзгі дала сыбдыр етіп, сыбырласа жөнеледі ( Ғ. М.).
Бұл сабақтас құрмалас сөйлемде баяндауышы шартты райлы етістіктен
болған бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі айтылған ойдың себебін
көрсетіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: