Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 158. Себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас сөйлем



Pdf көрінісі
бет317/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 158. Себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі айтылған ойдың себебін 
білдіріп тұратын сабақтас сөйлемді с е б е п-с а л д а р б а ғ ы н ы ң қ ы 
л ы с а б а қ т а с с ө й л е м дейді. 
Себеп-салдар бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі н е – 
л і к т е н ? н е ү ш і н ? н е с е б е п т і ? н е д е п ? деген сұрақтардың 
біріне жауап болып келеді. 
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы төмендегідей морфологиялық тұлғада 
айтылу арқылы себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасалады: 
1. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақтық есімше болып, оның 
үстіне -дық, -дік жұрнағы жалғанып барып, шығыс септік жалғауы тұлғасында 
қолданылуы арқылы себеп-салдар бағыныңқылы сабактас сөйлем жасалады. 
Мысалы: 
1) Күйеуі көбіне түзде жүргендіктен, үйдің бар шаруасы бұның қолынан 
өтеді. (Әб. Нұр.) 2) Бүгінгі мақтаудың сүбелі жері Көпенге тиіп келе 
жатқандықтан, Балқыдан басқалары оны қостай түсті. Қ. Жұн.) 
2. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақтық есімше болып, оған 
соң шылауы тіркесіп айтылу арқылы да себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас 
сөйлем жасалады. Мысалы: 


343 
1) Екі бастағы үлкен терезелерден түскен жарық жетімсіз болған соң, 
сол люстралар күндіз де жарқырап жанып тұр. (С. Ш.) 2) Кымыз желігіне 
қызып кеткендердің қызуы қосылған соң, Тәуке ұрынуға қара таба алмай 
отыр. (Ғ. М.) 
3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы -й және -ып, -іп, -п жұрнағы 
жалғанған көсемше болып келу арқылы да себеп-салдар бағыныңқылы 
сабақтас сейлем жасалады. Мысалы: 
1) Өзеннен өтетін көпір уақытында оңдалып бітпей, біз арғы бетте екі 
күн кідірдік. 2) Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмай, 
бір мезгіл пристаньда қара жұмыс істейтін еді. (С. М.) 3) Жиналыс бітіп, 
жұрт тарай бастады. 
4. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы ашық райлы етістік болып, оған деп 
көмекші етістігі тіркесіп айтылу арқылы да себеп-салдар бағыныңқылы 
сабақтас сөйлем жасалады. Мысалы: 
1) Ол екеуінің кеңесін таңдана тыңдаймын деп, аттарды  жолдан 
шығарып жіберіппін. (С. М.) 2) Биіктен келе жатқан допты секіріп қағам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет