333
Бұдан бейхабар сонау алыс тылдағы әйелдер күйеуін, бөбектер әкесін, ал
қартайған кемпір болса баласын...әйтеуір небір ылғалды көз мөлдіреп жол
тосатын да шығар-ау... Бұл жайт
жас жауынгер ойына келгенде, оның бар
денесі аяз қарығандай түршігіп, тұла бой мұздап кетті, селк етіп басын көтеріп
алды. Бірақ дәл қарсы алдында бірдеңе ақырын ғана сытыр-сытыр ете қалды.
Оған ілісе қу бұтақтар күрт-күрт сынды, біреу, сірә, барлаушы болуы керек,
бері қарай еңбектегендей болды (Д.Т.).
§ 150. Есімше бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы жатыс, шығыс, көмек-тес
септік
жалғаулы немесе шылау сөздері тіркесіп айтылған есімше болып, басыңқы
сөйлеммен байланысады да басыңқы сөйлемдегі ойдың не мезгілін, не себебін
немесе бағыныңқыдағы ой мен басыңқыдағы ойдың қарама-қарсы екенін
керсетіп сабақтас құрмалас сөйлем жасалады. Мысалы:
1)
Сейілбек өз үсынысын жасап қайтқанда, Абдуллаходжаев асыға
күтіп отыр екен. (К. Т.) Бұл сабақтас құрмалас сейлемде бір бағыныңқы, бір
басыңқы сөйлем бар. Бағыныңқы сөйлемнің
баяндауышы жатыс септік
жалғаулы есімше тұлға-сында қолданылуы арқылы басыңқымен байланысып,
басыңқы сөйлемдегі ойдың мезгілін білдіріп тұр.
2)
Өткендегі тексеру нәтижелері кеңшар өмірін қанағаттан-
дырмайтын болғандықтан, біз табылғанның көлемінде қалмаймыз. (К. 0.)
Бұл — басыңқы және бағыныңқылық қатынаста келіп байланысқан екі жай
сөйлемнен құралғаи сабақтас құрмалас сөйлем. Бағыныңқы сөйлемнің
баяндауышы
~дық жұрнағы
жалғанған шығыс
септік жалғауы тұлғасында
айтылған есімшеден келіп, басыңқы сөйлеммен байланысып, басыңқыдағы
айтылған ойдың себебін көрсетіп тұр.
3)
Ержанның сырты қалың болғанымен, іші тым жұқа еді. (Ғ. М.) Бұл да
бір бағыныңқы, бір басыңқы сөйлемнен құралған сабақтас құрмалас сөйлем.
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көмектес септік жалғауында айтылған
есімшеден келіп, басыңқымен байланысып, басыңқы сөйлемдегі ойға қарсы
мағынада айтылып тұр.
4)
Ой ауырлап иықтан баса түскен сайын, Шернер де өз бастарына
төнген қауіпті бар жанымен сезіп түнжырай түседі. (Ә. Нұр.) Мұнда да бір
бағыныңқы, бір басыңқы сөйлем өзара байланысып, сабақтас құрмалас сөйлем
кұрап тұр. Басыңқы сөйлем мен бағыныңқы сөйлемнің грамматикалық
байланысы есімшеден болған күрделі баяндауышқа
сайын шылауының
тіркесіп айтылуы арқылы көрінген.
Есімшеден болған баяндауышқа
тіркесіп айтылып, бағыныңқы сөйлемді
басыңқы сөйлеммен байланыстыратын , әр түрлі мағыналық қарым-
қатынастағы сабақтас құрмалас сөйлем тудыратын шылау сөздер мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: