Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет327/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Колхозшы. Пай-пай жағада Жарқынның бригадасы да кірісіп
жатыр- ау!
Сәт. Жұлқына кіріседі.Бірақ біз де осал емеспіз.Садық та қалыспай- 
ақ келеді. 
Колхозшы әйел. Енді бізден бұрын тұрып, бұрын кірісуге бәсекелесіп
апты. 
Колхозшы. Садық бүгін соны көріп асықтырып, жарылып кете
жаздады ма? (М.Ә.) 
 
§ 164. Төл сөз және оны төлеу сөзге айналдырудың жолы 
 
Біреудің сөзін екінші адамға түрін өзгертіп, тек мағынасын ғана 
сақтап айтып беруді т ө л е у с ө з дейді. 
Мысалы: 
Төл сөз Төлеу сөз 
- Осы үй мың жарым қой Ол осы үйдің мың жарым қой
бағады, - деді ол. (С.М.) бағатынын айтты. 
 
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың негізгі мына сияқты жолдары 
бар: 
1.Төл сөз хабарлы сөйлем арқылы айтылса, оны төлеу сөзге айналдыру 
үшін оның етістік баяндауышы есімшеге айналдырылады да, тәуелденіп 
барып табыс жалғауы тұлғасында қолданылады; бастауышы ілік жалғау 
тұлғасындағы анықтауышқа айналады. Автордың сөзінен болған сөйлемнің 
бастауышы төлеу сөзді сөйлемнің ең басында айтылады. Мысалы: 
Төл сөз Төлеу сөз
- Баламен ақылдасып Болатбай баласымен ақылдасып 
көрейік,- деді Болатбай көретінін айтты. (С.М.) 
 
 
 2.Егер төл сөзді сөйлемнің ішінде сұраулық шылау айтылса, оны төлеу 
сөзге айналдырғанда, сұраулық шылау түсіп қалады да, сұраулық шылау 
тіркесіп айтылған сөздің өзі болымды және болымсыз есімшеге айналып 
қайталанып айтылады да, тәуелденіп барып, табыс жалғау тұлғасында 
қолданылады.Мысалы: 
Төл сөз Төлеу сөз 


-Түсіндің бе-деп Сережа менің түсінгенімді 
сұрады Сережа. (Ә.С.) я түсінбегенімді сұрады. 
 
3.Егер төл сөзді сөйлемде сұраулық шылау тіркесіп айтылған етістіктің 
алдынан сын есім сөзі айтылса, төлеу сөзге айналдырғанда, сын есім
антонимді (қарсы мәнді ) тіркес түрінде қолданылады немесе сын есім орнына 
қалай деген сұрау есімдігі қолданылады. Мысалы: 
Төл сөз Төлеу сөз 
-Жақсы оқисың ба?-деді, 1) Амандасқаннан кейін ағасы оның 
ағасы амандасқаннан кейін. жақсы не жаман оқитынын оқитынын
сұрады. 
2)Амандасқаннан кейін ағасы оның 
қалай оқитынын сұрады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет