355
Болатбай екеуіміз Қопабай үйінің сыртында оңаша кеңесіп тұрғанда, менің
есіме түскен апамның сөзі осы еді.Сондықтан Болатбайдың:
-Ал енді қайтесің?-деген сұрауына:
-Қалам, - дедім мен нық дауыспен. (С.М.)
XІV м о д у л ь т е с т е р і А
1)Сөйлем құрмалас сөйлем деп танылу үшін, оның бойынан табылуға
тиісті
шарттар:
а) Жай сөйлемдерінің мағыналық дербестікте болуы
в) Жай сөйлемдерінің арасында мағыналық байланыстың болуы
с) Жай сөйлемдерінің әрқайсысының дербес бастауыштары мен
баяндауыштарының болуы
d) Жай сөйлемдерінің интонациялық
ерекшеліктерінің болуы
е) Осы аталған белгілердің барлығының болуы
2) Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
а) Балам, жүзің сынық қой.
в) Қарасам, таң атып келеді екен.
с) Көрпелі, алашалы, кілемді, текеметті қонағуар үй.
d) Айдың шалқая тууына қарағанда, қыс қатты болатын сыңайлы.
е) – Бәрекелді, өмір-жасың ұзақ болсын, қарағым !
3) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
а) Қалжыңы, күлкісі аралас, шай өте көңілді ішілді.
б) Бейсен шұбатылып шанадан түскенше, еті қызған ат жүріп кетті.
с) Раушан сол орнында отыра берем десе де, болмай столдың басына
шақырды.
d) Сақман аяқталысымен, көмекшілері қайтып кеткен.
4) Басыңқы сөйлемді көрсетіңіз:
Күн райы, біз Екібастұзбен танысып
үлгермей, бұзыла бастады.
а) Бұзыла бастады в) Біз
Екібастұзбен танысып үлгермей
с) Күн райы бұзыла бастады. d) Біз танысып үлгермей
5) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
а)
Қай жақтың атызы бұрын бітсе, сол жақ суды бұрын алады.
в) Бойың көкке жетсе де, ойың әлі қысқа екен.
с) Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы.
d) Он бір сан халайықтың бәрі келді, айтқан күні жиылып бірі қалмай.
е) Адамдары, малдары, күркелері қосылып, бір ауылдан бір ауылды
айырып болмайды.
6) Сөйлем түрін анықтаңыз:
Өткен жылы ел ертерек қоныс аударып кеткен
мол сулы, кең арналы қоныс әлі соны тұр.
а) салалас құрмалас сөйлем в) сабақтас құрмалас сөйлем с)
жай сөйлем
d) аралас құрмалас сөйлем
7) Сөйлем түрін белгілеңіз.
Төлеутай әскерге кетті де содан қайтып
оралмады.
а) ыңғайлас салалас в) түсіндірмелі салалас с) қарсылықты салалас
d) себеп-салдар салалас е) талғаулықты
8) Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
а) Күн найза бойы көтерілген, аспанда
алақандай бұлт, лүп еткен жел жоқ.
в) Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық.
с) Бала шаба жөнелді, мен де артынан ілестім.
d) Сайлау өтпеді, өйткені ояз
келмей қалды
е) Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.
9 Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
а) Көшпесек, болыс бізді қырына қатты алды.
в) Жай басып, ауыр тыныс алып, демігіп келе жатқан өзінің шешесі екен.
с) Айналасы елсіз, жым-жырт боп бос жатқан құла дүз.
d) Қарындас, Әлжан денен зоотехниктің үйіне қалай баруға болады?
е) Аудан орталығы саналатын Қарасуда, жаңылмасам, екі техникум, екі
орта, бір сегізжылдық мектеп бар.
10) Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
а)
Рысқұлов соны есіне алды да, енді мына Чичериннің сөзіне шын сенді.
в) Нұрғаным бір түрлі байыпты және еркін, батыл көрінді.
с) Қыз-келіншек тербетіп тұрғанда, жігіттің қарызы-ән салу.
d) Түсіндім, түсінгеннен кейін осылай істедім.
е) Ертеңіне үйге жеңгем Жұпаркүлдің көрші ауылда тұратын сіңлісі
күйеуімен келді.
11.Салаластың түрін анықтаңыз:
Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу
Достарыңызбен бөлісу: