363
беттегенде, Олжабек сасқаннан «Ал, Жамал, ұсталдық» деуге де бейім еді. (Ғ.
М.)
214-жаттығу. Мына сөйлемдерден сабақтас сөйлемдерді теріп жазып, олардың түрлерін
айтып беріңдер.
1) Орта бойлы келген семіздеу қара жігіт жүзі құбылып үйден шығып кетті,
отырған жұрт бір-біріне қарап жымыңдасып мәз боп қалды.
(Б. М-ұлы) 2)
Біреуі бұлаңдап алдымызға түсе жөнелгенде, екеуі артымызды айналды.
(Ғ.
М.) 3) Орыстар бұзауды енесінен туа
сала бөледі де, тез түңіліп кетеді.
(С. М.) 4) Сабаншының аузына телміре қалса да, жуырда жауап ала алмады
Олжабек.
(Ғ. М.) 5) Күн батып, түн басталғанмен, табиғаттың қараңғылығы
Москваның өшпес сәулесін жеңе алған жоқ.
(С. М.) 6)
Құнанбай тез бұрылып
сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады.
(М. Ә.) 7) Көзқарасындағы
сыры үн-түнсіз-ақ аңғарылып, жүректі елжірете сезім тудыратын жағдайлар аз
ба?
(К. О.) 8) Көпірге
келіп тірелген жау қолы жоқ, сиреп қалған жаяу жұрт
өтіп жатыр екен. 9) Енді Кәрден ыза болмағанда, кім ыза болады.
(3. Щ.) 10) Өз қамын ойласа, бейнеттен тартынса, Құлжатай онда
бармас еді,
бірақ партия мен үкімет болып, сондай колхоздың адамына да, малына да аса
пейілін салды.
(М. Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: