Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет90/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

57-жаттығу. Төмендегі қос сөздердің сыңарларын жазып, мағыналарына түсінік 
беріңдер. 
Қыз - ..., келін - ..., жігіт - ..., кемпір - ..., шал - ..., бала - ..., оқта - ..., әкірең - ..., 
қыран – ..., бірен - ..., пәлен - ..., кәкір - ..., арық - ..., абысын - ..., әуре - ..., 
жаман - ..., жүн - ..., жөн - ..., жеңіл - ..., көрші - ..., алба - ..., алай - ..., астан - ..., 
әңкі - ..., ем - ..., тоқты - ..., үйлі - ..., талан- ...,
58 - жаттығу. Мәтіннен қос сөздерді тауып, оларды мағыналық, тұлғалық түрлеріне 
қарай топтастырып, мағыналарына түсінік беріңдер. 
Сырым батыр елден сырғып , Хиуа хандығында жүрген кезінде, бір той 
үстінде мақтанған Хиуаның ханы Сырымды көп алдында кемсітпек болып:
- Уа, осы қазақта ас-мас, ет-мет, жігіт-мігіт деген жалғамалы сөздер көп 
көрінеді, солардың мәнісі не?- деп сұрайды. 
- Сұрағыңызға тойдан кейін жуап берейін,- дейді Сырым батыр.
Тойда Сырымның аты бәйгеден келеді. Жолдасы палуан күресінде жығып, 
бәйге алады.Тойдың ойын –қызығы бітіп, жұрт тарқар алдындағы дастарқан 
басында Сырым ханның манағы сұрағына былай деп жауап қайтарады: 
- Уа, хан. Бізде, қазақта , той жасағанда, жұртқа қой сойып, бас пен жамбас, 
жылқы сойып, қазы-қарта тартады. Сусынға деп сап-салқын сары қымыз 
береді. Соны ас дейді. Ал мынандай тас табаққа салып тартқан шөп-шалаң 
мен сусынға деп берген көк шайды мас дейді. Сәйгүлікті сынайтын жарыста 
озып келген жүйрікті ат  дейді. Артында қалған мәстекті мат дейді. Алқа 
топтың алдында палуанға түсіп, алып ұрған жігітті жігіт дейді де, жер қауып 
жығылған немені мігіт дейді. Қазақтың ас-мас, ат-мат, жігіт-мігіт деген 
сөздерінің мағынасы осы , ханеке.
Хан айтарға сөз таппай, жер шұқып қалады.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» 
 
59 - жаттығу. Сөйлемдерден сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру арқылы жасалған 
сөздерді тауып, олардың жасалу ерекшеліктерін және қай сөз табына 
жататынынтүсіндіріңдер 
1.Жұмаш темекі тартып далада тұрып қалды да Дәнеш ішке кірді. Үй толы 
адам: баяғының сал-серілері секілді кестелі мешпет-шалбар киген жігіттер, 
қос етек көйлек, қызылды-жасылды камзол киген үкілі қыздар ( Қ.Жұмд. ). 
2.Бұлар сол күні Жылқыайдар аулына қонып шықты. Ертеңінде таңертең 


105 
Сарыбай бастаған бір топ совхозға қайтып кетті де, Жұмаштар маңайдағы 
шопандарды аралап, малшы қауымның жай-күйімен танысу үшін осында 
аялдап қалды. Орталықтан келген еміс-еміс хабарға қарағанда, Машанов 
ауылға аман-есен жеткен көрінеді ( Қ.Жұмд. ). 3. Айнала жым-жырт 
тыныштық. Әлдеқайдан көктем шуағына мас болған бозторғайдың шырылы 
талып жетеді. Аспан әлемі көгілдір шыныдай тұп-тұнық. Сонау алыс 
солтүстікте үлпілдеген ақ мамақ бұлттар қалықтайды ( Қ.Жұмд. ) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет