Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


п дыбысы қосылады да, қап



Pdf көрінісі
бет89/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

п дыбысы қосылады да, қап түрінде негізгі сөзге тіркесіп айтылады. Сөйтіп, 
қап-қара деген кос сөз туады. Немесе оңай деген сөздің о деген жалаң 
буынына п дыбысы қосылып, оп-оңай түрінде қос сөз жасалады. Мына сөздер 
де солай жасалған: қып-қызыл, жап-жақсы, түп-түзу, сап-сары, қып-қысқа, 
жеп-жеңіл, сұп-сұйық, ұп-ұзын, ып-ыстық. 
Күшейткіш буынды қос сөздер негізгі сөздің мағынасын күшейтіп, сын 
есімнің шырайлық түрін білдіреді. Мысалы: қатты — қап-қатты, тәтті
 
— тәп-тәтті, ауыр — ап-ауыр. 
Бірқатар қос сөздердің екі сыңарының екеуі де жеке тұрғанда толық 
мағыналы сөз ретінде қолданылмайды да, тек қосарланып айтылғанда ғана бір 
сөз ретінде қолданылады. Мысалы: оқта-текте, апыл-ғұпыл, алда-жалда, 
апыл-тапыл, анда-санда. 
Қос сөздер қалай жасалса да, қандай мағынада қолданылып тұрса да дефис 
арқылы жазылады. 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Жалаң сөздер нешеге бөлінеді ? 
2) Туынды сөз деген не ? 
3) Күрделі сөздерге қандай сөздер жатады ? 
4) Қос сөздер деп қандай сөздерді айтады ? 
5) Қос сөздер өз ішінен нешеге бөлінеді ? 
6) Мәндес қос сөздер қалай жасалады ? Мәндес сөздерді қосарлап 
қолданғанда, сөз мағынсы қалай өзгереді ? 


7) Қайшы мәндес қос сөздер қалай жасалады ? Мағынасы қарама-қарсы 
сөздерді қосарлап қолданғанда сөз мағынасы қалай өзгереді? 
8) Сыңар мәндес қос сөздер қалай жасалады? Мәнді, мәнсіз сыңарларды 
қосарлап қолданғанда, қандай мағына туындайды ? 
9) Күшейткіш буынды қос сөздер қалай жасалады ? Күшейткіш 
буындарды қосарлау арқылы сөз мағынасы қалай өзгереді ? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет