103
мағынасы жок, алдыңғы сөздің дыбыстық еліктеуіші ретіндегі сөз болып
келеді.
Сыңар мәнді қос сөздердің беретін мағынасын сол сөздердің мағыналы
сыңарының жеке тұрғандағы мағынасымен салыстырсақ, негізгі сөзге
кемсінушілік, қомсынушылық мағынасын береді. Мысалы,
ас, шай, жылқы
деген сөздер толық өз мағынасында тұрса,
ас-мас, шай-пай, жылқы-мылқы
дегенде, сол сөздің мағынасына айтушының көңілі толмағандық ұғым
көрінеді. Сөйлеуші адам
көнілі толса,
ас жедім, шай іштім дейді де, көнілі
толмаса,
ас-мас жедім, шай-пай іштім дейді.
Бірінші сыңары толық мағыналы, екінші сыңары сол сөздің
дыбыстық еліктеуіші ретінде мағынасыз болып келген қос сөздерді с ы-
ң а р м ә н д і қ о с с ө з д е р дейді.
Сыңарларының бірде-біреуінен жеке тұрғанда
ешқандай мағына
аңғарылмайтын
абыр-сабыр, алба-жұлба, алай-түлей, астан-кестен, анда-
анда, алда-жалда, әлем-тапырақ, әлем-жәлем, әңкі-тәңкі, быт-шыт, бұлқан-
талқан сияқты қосарлама қос сөздер де осы топта қарастырылып жүр.
5. Күшейткіш буынды қос сөздер. Бұны қайталама қос сөздің бір түрі
деуге болады. Кайталанып айтылуға тиісті сөздің бірінші буыны алынады да,
оған
п дыбысы қосылып, толық мағыналы сөздің алдынан күшейткіш буын
ретінде қосарланып айтылады. Мысалы,
қара деген сөздің
қа буыны алынып,
Достарыңызбен бөлісу: