Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №43 жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңының» және тілдерді қолдану мен дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалу барысы бақылауға алынды. ҚР Үкіметінің «Тіл туралы Заңының» сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережесіне сәйкес мектепішілік 2020-2021 оқу жылына құрылған іс-шара аясында жұмыстар өткізілді.
2020-2021 оқу жылы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі жұмысының қорытынды есебі. Жыл бойы жоспарланған: 5 отырыс.
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде 16 мұғалім бар. - жоғары санатты - 2 (Г.Ә. Аманқұлова, А.К. Долголевец,), - бірінші санатты - 1 (Б.Е. Мұқажанова,), - екінші санатты - 1 ( С.Р. Аукенова), - санатсыз мұғалімдер саны- 2 (Қ.С.Башой, А.А.Нұрғалиева). - педагог-сарапшы - 2 (И.Р.Гросс, Е.А.Мадилова). - педагог-зерттеуші - 7 (С.Қ.Аубакирова, А.Е.Абильдинова, Бейсембева А.К., Д.С. Уныйбаева, М.С.Сембина, Б.М.Шакенова, Ж.Т.Мурсалиева), педагог-модератор – 1 (Д.Н.Нурмагамбетова ). Мұғалімдердің барлығы жоғары білімді. Әдістемелік бірлестік «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық дағдыларын қалыптастыратын ақпараттық технологияларды қолдану және білім беру сапасын жетілдіру» тақырыбы бойынша жұмыс істеп келеді. Аталмыш оқу жылында әдістемелік бірлестіктің жұмысы табысты өтті деп айтуға болады. Әр мұғалімнің алдына қойылған міндеттері мен талаптары іске асырылып келеді. Мұғалімдер негізгі білімдену тақырыбы бойынша жұмыс жасап, озат тәжірибе жинақтау барысында еңбектенуді жалғастыруда. Жаңартылған білім мазмұны бойынша курсты мұғалімдердің барлығы өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |