«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін «Әдебиет теориясы» пәні бойынша студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені



бет2/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#20303
1   2   3   4   5

Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Абсалютті сұлулық туралы пікір

  2. Сұлулықты анықтау үшін қойылатын үш шарт

  3. Әдебиет пен өнердегі жаңалықтар

  4. Адам тұлғасының асқақ орны


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – А.,1973.

2. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – А.,1996

3. Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш / кітапта:А.Байтұрсынов.Шығармалары –А., 1989 ж.

4. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А.,1964

5. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері:Оқу құралы. – А., 1970

6. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. – А., 2003

7. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. – А., 2003



4-дәріс. Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы.
Дәрістің мақсаты: Әдебиет теориясы ғылымының қалыптасу тарихына шолу жасай отырып, көркем шығарманың теориялық талдамасын жасауға үйрету.
Тірек сөздер: Классицизм эстетикасы, романтизм, субъективтілік ақиқат.
Дәрістің жоспары:

Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы

1. Классицизм эстетикасы

2. Романтизм және ағартушылық идея.

3. Көркем шығарманы қарастырудың тарихи және логикалық бірлігі.
Классицизм эстетикасының көне дәуір және қайта өрлеу кезеңінің эстетикасымен байланысы. Көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсыну. Лессингтің Гамбург драматургиясының, лаокоон немесе бейнелеу өнері мен поэзияның көкжиегі атты еңбектері. И.Г.Гердердің ағартушылық эстетикасындағы идеяның басымдығына наразылық. И.Кант. Табиғат әлемі мен адамзаттық әлемі. Мәдениеттің ең жоғары көрінісі – эстетикалық көрініс. Романтиктер – ағартушылық идеяны жалғастырушылар. Шығармашылық қызметтегі жекелік фактордың орны. Лиризм. Г.В.Гегель - эстетикалық ойдың алыбы, ғылымдағы диалектикалық ойлау принциптерін қалыптастырушы. Абсолюттік идея теориясы. Абсолюттік рух. Эстетикалық қызметпен айналысудың себептері. Шығармашылықтың ескіні қиратпай-ақ, жаңаны тудыруы. Антикалық өнерді ардақтау. Дүниеге тарихи көзқарас. Көркем шығарманы қарастырудың тарихи және логикалық тәсілдерінің бірлігі. Артур Шопенгауэр. Өмір философиясы. Интеллектінің ерекше бағыныштылығы. Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу. Суреткердің қабылдау әсеріне билігі. Объективті сулулықтың субъектімен сабақтастығы. Музыканың ерекшелігі. Серен Кьеркегор. Қорқыныш философиясы. Құдайға баратын жол іздеу. Субъективтіліктің ақиқаттығы. Экзистенция. Ф.Ницше. Әлем және құдіретке еріктілік. Мәдениет тілі. Өмір формаларын сақтауға тырыса отырып, өзгерту. В.Дильтей. Герменевтикалық зерттеудің бастауы. О.Шпенглер. Мәдениеттердің шектеулі ғұмыры. Мәдени полицентризм туралы.

Батыс Европадағы әдеби-эстетикалық ілімнің даму тарихына көз салсақ, Ояну (ренессанс) дәуірін айрықша атау керек. Өйткені бұл – ғылым мен техниканың, әдебиет пен өнердің дүр сілкініп, дүрілдей дамыған дәуірі. Өйткені бұл – «адам баласы бұрын-соңды басынан кешірмеген прогрессшіл ұлы төңкеріс дәуірі; алыптарға зәру болған дәуір және өздерінің ой қуаты, құштарлығы мен мінезі, жан-жақтылығы мен оқымыстылығы жөнінен сол алыптарды туғызған дәуір» (Ф. Энгельс)

Ояну дәуірі – бір ғана Итальяның өзінде данышпан суретші Леонарда да Винчиді (1452-1519), кемеңгер ақын Торквато Тассоны (1544-1595), дана философ Джордано Бруноны (1548-1600), ұлы физик Галилео Галилейді (1564-1642) туғызған дәуір. Бұлардың қай-қайсысы болсын, шын ғалым, шыншыл өнер, сайып келгенде, шынайы өмір жолында орта ғасырлық идеализмге, мистика мен схоластикаға қарсы шынында нағыз алыптарша алысқан өнерлілер мен білімділер.

Ояну дәуірінің ой-санасынан, күллі ғылымы мен тәжірибесінен туған теориялық түйін - атақты Декарт философиясы. Рене Декарт (1596-1650) өзінің дүниетанымы жағынан философиядағы рационализмнің негізін салушы екені мәлім: «Ойлаймын екен, ендеше тірімін» (Декарт). Француз ғалымы өзінің осы ережесін табиғаттану мен қоғамтануда ғана емес, өнертану мен әдебиеттану үшін де методологиялық бағыт етіп ұсынды. Әдебиет пен өнер туындыларындағы әсемдікті Декарт олардың бүкілд мазмұн-пішініндегі түтіндік пен бірлікте, симметрия мен гармонияда деп білді.

Декарттың өзінен кейінгі эстетиктерге ықпалы үлкен болды. Мәселен, француз классицизмінің ірі теоретигі Никола Буало (1636-1711) Декарт рационализмін өзінің эстетикасы мен поэтикасына философиялық негіз етіп алды.

Буалогың «Поэтикалық өнер» атты эстетикалық трактатын кезінде мәдени жұртшылық классицизмнің әдеби манифесі ретінде танылды. Мұнда Буало суреткер атаулының бәрін «саналы ойға», «сарабдал ақылға», алдын-ала пішілген үлгіден шықпауға, алдын-ала белгіленген тәртіпті бұзбауға шақырды.Сөйтіп, ол өнер туындысын абсолютизм дәуірінің білікті дворяндарынан шыққан сарай ақсүйектерінің саясикөркемдік талап тілегін қанағатт андыру мақсатына пайдаланбақ болды. Бұл, әрине, классицизмнің әлемге аян қасаң қағидаларының «әдеби манифестегі» көріністеріболатын. Сөйтсе де, Буалоның «шындықтан асқан сұлу жоқ деп, суреткерден тек шындықты талап етуі, бұл ретте «сөз аяғын ұйқастырғандардың бәрі ақын емес» деп, өлең өнеріне өз тұсының көркемдік талғамын белгілеуі – жалпы эстетиканың даму тарихындағы үлкен жетістік.

Ағарту дәуірінің эстетикасын буржуазиялық революция қарсаңындағы француз энциклопедистерінің басы – аса ірі философ-материалист Дени Дидроның (1713-1784) еңбектерінен көріп-білеміз. Оның теориялық толғамдары демократиялық сипатта болды. Дидро Буалоға керісінше, сарай аристократиясының сұлулық талғамы мен талабын аяусыз сынға алды, қалың бұқара рухын жақтады. Ол шын суреткерге тұп-тура «сен әрбір қимыл-қарекеттегі ұлылық пен сұлулықты мәңгіге дәріптеуің керек, мейірімсіз жуандардың зәресін ұшыруың шарт» деп, ашық күрес талабын қойды; суреткер еңбегіндегі шыншылдықты уағыздады; эстетикаға реализм ұғымын енгізді; реализмнің қиялға, ойдан ишығару мен көркем жинақтауға арақатынасын белгіледі.

Классицизм эстетикасын қатал сынға алып, абсолюттік идеологияға ашық күрес ашқандардың бірі – немістің ұлы ағартушысы Готхольд Лессинг (1729-1781). Оның дүниетанымы дін мен теологияға қарсы тартыс үстінде қалыптасты. Ол да Дидро секілді «ақынның өнер обьетісі – сарай емес» деп үзілді-кесілді байлау жасап, әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең алаңға – қалың бұқара арасына алып шығып, реализм рельсіне түсіруге күш салды. Лессингтің өнер туралы ой-толғамдары («Лаокоон», «Гамбург драматургиясы») – Дидро туындылары секілді, буржуазиялық ағарту эстетикасының шыңы және өзінен кейінгі ағартушылар үшін өнегелі мектеп: немістің белгілі ойшыл-жазушысы Иоганн Гердердің (1744-1803) айталық «жекелеген жұпыны жертөлелердегі салтанатты сарайдағылардан әлдеқайда әсем талғам бар» деген тамаша тұжырымы тек қана Лессингтің әсерінен туғандығын эстетика тарихын зерттеушілер әлдеқашан дәлелдеді. Н. Г. Чернышевскийше айтқанда «неміс халқының жаңа әдебиетіне ата болған» Лессинг еңбектерін жоғары бағалады.

Иммануил Канттың (1724-1804) эстетикасы – субьетивті-идеалистік эстетика. Кант эстетикасының зиялы жұртқа кеңінен таныс басты-басты философиялық тұжырымдары оның күрделі зерттеулерінде («Байыптау қабілетіне сын», «Таза санаға сын») жүйеленді.

Канттың бүкіл дүниені «өзіндік затқа» және «өзіміздік затқа» бөлгені, ал «өзіндік зат» дегенді тірі пенде біліп болмайды деп түйгені мәлім. Сөйтіп, ол әдебиет пен өнерді де «өзіндік затқа» сайып, бұлардың құпия сырын әшейін долбар (априори) арқылы ғана аздап жобаламаса, кез келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорытты. Өйткені, Канттың ойынша, ақын-жазушы – «артық жаратылған» айрықша тұлға. Ал өмір мен өнердегі сұлулық – мазмұнға мүлде қатысы жоқ, тек пішінге ғана тән сыртқы сипат; оны суреткер «ешқандай мақсатсыз жасайды, жұрт ешқандай мақсатсыз ұнатады». Неге десеңіз, «Сұлулық – жалпы жұрттың ешқандай ұғым-түсініксіз рақатына айналған нәрсе» Кант эстетикасының негізгі арналары – субьективті идеализм, формализм және агностицизм. Демек, Канттың эстетикасы «өнер - өнер үшін», «таза өнер» деген қисық, қиғаш теориялар мен күллі декаденттер тәжірибесіне ту болғаны кездейсоқ құбылыс емес.

Дүниенің түп діңгегі – абсолюттік идея, абсолюттік рух деп білген немістің атақты идеалист-философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) эстетика мәселелерін де дәл осы сипатта, өзі жүйелеген аты шулы триада (тезис – антитезис – синтез ) тұрғысынан байыптады.

Гегельдің «Эстетика» атты арнаулы трактаты философтың өз ұғымындағы және өз пайымдауындағы «идея» мен «құбылыстың» яки мазмұн мен пішіннің ара-қатысына талдау жасаудан туған. Оның эстетикалық жүйесі бойынша бұл арақатынастар диалектиаксы өнердің үш сатысына, яғни үш (символикалық, классикалық, романтикалық) түріне сай келеді. Сонымен қатар, жалпы адам баласының көркемдік даму тарихында өнер туындылары арқылы белгіленген кезең-кезеңдер де осынау үш сатыға, яки үш бағытқа сай. Мәселен, ежелгі үнді мазарлары, байырғы египет пирамидалары секілді Көне Шығыс цивилизациясының архитектуралық мұралары, Гегельдің дәлелдеуінше, өнердің символикалық түрі болып табылады. Өйткені бұл тұста «идеал» анық емес, бұлдыр, көмескі; ал «құбылыс» «идеаның» образға айналу мүмкіндігін танытады. Ежелгі Греция мен Римде мейлінше өріс алып, өркен жайған мүсін өнері Көне дүние өнерінің классикалық түрі болып табылады. Өйткені бұл тұста «идеал» анық, ал «идея» «құбылысқа», яки көзбен көріп, қолмен ұстар нақты да затты тұлғаға айналған.




Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Классицизм эстетикасының зерттелуі.

2. Романтизм және ағартушылық идеяның көріністері.

3. Көркем шығарманы қарастырудың тарихи және логикалық бірлігі.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – А.,1973.

2. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – А.,1996

3. Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш // кітапта:А.Байтұрсынов.Шығармалары –А., 1989 ж.

4. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А.,1964

5. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері:Оқу құралы. – А., 1970

6. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. – А., 2003

7. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. – А., 2003


5-дәріс. Әдебиет теориясының методологиясы. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары.

Дәрістің мақсаты: Әдебиет теориясы ғылымының қалыптасу тарихына шолу жасай отырып, көркем шығарманың теориялық талдамасын жасауға үйрету.
Тірек сөздер: Классицизм эстетикасы, романтизм, субъективтілік ақиқат, методология
Дәрістің жоспары:

Әдебиет теориясы методологиясының ғылым ретінде қалыптасуы

1. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары.

2. Ғылыми-сын мұрасы. Ағартушы-демократтардың ғылыми көзқарастары.


Уақытқа диалектикалық көзқарас. Марксшілдік, маркстік-лениндік деп аталған әдебиеттану мен өнертану қағидаларын, басым пафосына қарап, шартты түрде халықшылдық эстетика деп таңбалау. Маркстік, материалистік дүниетанымның адамзат дамуында елеулі роль атқарғанын біржақты жоққа шығармай, тарихи факт ретінде түсіну. А.Герцен, В.Белинский, Н.Чернышевский,Н.Добролюбов, Д.Писарев. Орыс революционер-демократтарының ғылыми-сын мұрасы.В.Плеханов: әсемдіктің объективті мәнін ашу. Оның адам тіршілігімен тамырластығы. Өнердің шығу тегін, даму жолын қоғамдық сананың өсу жолымен тығыз қарастыру. А.В. Луначарский. «Жылжымалы эстетика» туралы. Формалистік, тұрпайы социологиялық бағдарлармен арадағы тартыс.

Россия топырағындағы эстетикалық байыптаулардың басын сөз өнерін зерттеушілер сонау Х ғ. библиографиялық жазбалардан іздеп, кейінгі «риторикалар» мен «пиитикаларға» көшіп жүр. Бірақ біз бұл жерде осы мәселені мұншалық егжей-тегжейлі тексеріп жатпай-ақ, әдебиет пен өнерді шын мәніндегі материалистік тұрғыдан түсініп, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теориялық жағынан айта қалғандай жарқырата ашқан орыс революционерлерін ғана атап өтпекпіз. Өйткені олардың эстетикалық ой-пікірлері тек орыс қоғамында ғана емес, Маркске дейінгі бүкіл дүниежүзілік парасат әлемінде теңдесі жоқ биік болып табылады.

Данышпан, сыншы, даңқты философ Виссарион Григорьевич Белинский (1811-1848) самодержавиелік-крепостниктік правоның қатал айыптаушысы, езілген шаруалардың мұң-мүддесі мен ой-арманының жалынды жаршысы болды. Оның «Әдеби арманнан» басталып, «Александр Пушкин шығармаларына» дейін өрлеп келетін, одан саф таза саяси өсиеті «Гогольге хатқа» шалқып шығатын барлық «қимыл-қозғалыс үстіндегі эстетикасының» өткен ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихынан алатын орасан зор орны негізделген. Идеологиялық қарсыластары оны «алаңда орын болмағандықтан журналда бүлік шығарып жүрген әдебиет сойқаны» (Вяземский) десе, бұл «қайсар Виссарионның» күрескерлік кейпін танытса керек. Орыстың әдеби – көркем сыны мен әдебиеттану ғылымында бүтін бір дәуір болып қалған баға жетпес бай эстетикалық әрі философиялық туындыларында Белинский сөз өнерінің шыншылдық, халықтық қасиетін, қоғамдық-өзгертушілік маңызын ту ғып көтерді; ғасырдың ұлы мақсаттарына қызмет етуін, адамды құлдық бұғаудан босатар, күрес пен бостандыққа шақырар құдіретті күш болуын талап етті. Әрбір жаңа шығарманы «орыс өмірі үшін қажет мәніне қарай бағалады. Бұл идея оның бүкіл әдеби қызметіндегі пафос болатын. Белинскийдің өзіне тән ғажайып күшінің сыры да сол пафоста жатыр» (Чернышевский)

Александр Иванович Герценнің (1812-1870) эстетикасындағы ең өзекті нәрсе Белинский секілді, суреткер атаулыны өз дәуірінің үні, өз заманындағы озат идеялардың жаршысы болуға шақыруы. Ол үшін, Герценнің ойынша, суреткер өзі өмір сүріп жатқан мезгілдің мұң-шеріне, көкейкесті мәселелеріне терең бойлап, жанымен тебірене, толғана білуі шарт. Шын мәніндегі көркем шығарма, Герценнің пікірінше, қилы-қилы халық тағдырынан ғана тумақ, «ақын мен суреткер өздерінің шын мәніндегі көркем шығармаларында әрқашан халықтық болып қалмақ» («Өткендер мен ойлар»)Бұл ретте Герценнің «Россияда революциялық идеалардың дамуы туралы» деген кітабында ұлы талант тек өзінің ұлттық топырағында ғана туатынын айта келіп, «жан түкпіріне дейін тап-таза ағылшын Байрон мен жан түкпіріне дейін түп-түгел орыс Пушкинге» әрқайсысының келешекке көзқарасы тұрғысынан творчестволық мінездеме беруі – оның терең және білгір эстетик екеніне куә.

Кемеңгер жазушы-философ, ғалым-сыншы Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889) өткен ғасырдың екінші жартысындағы орыс революционерлер-демократтардың көсемі болды.Ол әдебиет пен өнердің қоғамдық қызметі туралы Белинский пікірлерін одан әрі өрістетіп, өзінің тамаша эстетикалық ілімін ұсынды. Чернышевский жауынгер материалистік философияның программалық документі ретінде танылған «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатысы» атты тамаша диссертациялық еңбегіеде көркем әдебиеттің өмірдегі орнын, мақсаты мен міндетін белгілеп берді. Оның пікірінше, суреткер өмірдің тек күнгей бетін, жақсылық жағын ғана суреттеп тынбау керек. Өмірдің өзі қандай жан-жақты болса, өнер де сондай жан-жақты болуы керек. Өнер адамға керек нәрселерді, адамды қызықтырар құбылыстарды толық қамтуға және дұрыс көрсетуге міндетті. Шындықты адамдарға ғылым қандай дәрежеде түсіндіріп танытса, өнер де солай етуі керек. Өнер «өмірдің оқулығы» болуы шарт. Ол үшін Чернышевсийше, өмірдегі кез-келген ұсақ-түйекті жіпке тізе бермей, жинақтау тәсілі қолданылуға тиіс. Бұл арада сыншының тип туралы ұғымы жатыр.

Адам өмірді танып-білумен тынбай, оны өз мүддесіне сай өзгерткісі келеді. Демек, суреткер өз творчествосы арқылы адамның осы мақсатына ат салысуы қажет; ол үшін өз шығармасында «суреттеліп отырған өмір құбылыстарына үкім шығаруы қажет».

Чернышевский эстетикасы бойынша, жазушының көркемдік әдісі – реализм. Ал өмірді шыншылдықпен суреттеу – сұлулыққа барар жол. Бұл арада сыншының әлеуметтік идеал туралы ұғымы жатыр.

Чернышевскийдің эстетикалық принциптері мұнымен бітпейді. Басқасын айтпағанда, оның әдемілікке берген анықтамасының өзі – Гегелдің идеализмін төңкеріп түсірген терең материалистік түсінік: «әдемілік – адам, адамдағы әдемілік - өмір; адамның бақыты, адам өмірінің рақаты не болса», соның бәрі – адам үшін әдемі. Демек, әдемілікті көктен емес, жерден іздеу керек.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

Әдебиет теориясы методологиясының ғылым ретінде қалыптасуы

1. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары.

2. Ғылыми-сын мұрасы. Ағартушы-демократтардың ғылыми көзқарастары.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Ахметов З. Казахское стихосложение. –А.,1969.

  2. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

  3. Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

  4. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

  5. Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

  6. Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

  7. Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

  8. Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

  9. Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

  10. Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976.


6- дәріс. Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер.
Дәрістің мақсаты: Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептердің мақсаттары мен міндеттері,ірі өкілдері, ұстанған бағыттары туралы студенттер білетін білімдерін толықтыру.Жаңа мәліметтер беру және ғылыми тұжырымдамалармен толықтыру.

Тірек сөздер: психоаналитика, архетип, философиялық позитивизм,өнертану, жаратылыстану.

Дәрістің жоспары:

1.XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты.

2. Мифологиялық мектеп. Психологиялық мектеп. Адам психикасындағы архетип жайлы идея

3. Салыстырмалы-тарихи (компаративизм) мектеп.

4. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби дәстүрдің маңызы.

XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм мен Вильгелм Гримм қалаған мифологиялық мектеп. XX ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психолгы К.Н.Юнгтің адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасындағы реалды, қиялдағы символдық қабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм мен Вильгелм Гримм қалаған мифологиялық мектеп. XX ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психолгы К.Н.Юнгтің адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасындағы реалды, қиялдағы символдық қабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі Ипполит Тэн. Әдебиет пен өнер мәселелерін жаратылыстану ғылымдарындағы салқынқандылық бағдармен сараптауды ұсыну. Теодор Бенфэй. Салыстырмалы-тарихи (компаративизм) мектеп. Шығыс пен Батыс арасындағы сюжет алмасу теориясы. А.Н.Веселовскийдің көшпелі сюжет ілімі. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби дәстүрдің маңызы. В.Жирмунский, Н.Конрад. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттану. Клод Пишуа мен Андре Мишель Руссо (Салыстырмалы әдебиеттану принциптерін, 1972), Д.Дюришин (Әдебиетті салыстырмалы зерттеудің теориясы, 1979) т.б. Психологиялық мектеп және А.Потебня. Сана мен тілдің байланысы. Тіл мен әдебиет. Адамның рухани өмірі. Көркем туындыны қабылдау процесі. Анри Бергсон, Бенедетто Кроче есімдерімен тығыз байланысты ағым-интуитивизм. Әр заттың дара қасиетін интуция арқылы ғана ашу. XX ғасырдағы дүние жүзі эстетикасына психиатр-дәрігер Зигмунд Фрейд енгізген жаңалық. «Психоанализге кірспе», «Тотем мен табу», «Мен» және «Ол» еңбектері, сондай-ақ Ф.Достаевский шығармашылығына қатысты мақалалардағы тұтас толымды өзгеше батыл тұғырнама.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

1.Философиядағы позитивизм бағыты.

2. Мифологиялық мектеп. Психологиялық мектеп. Адам психикасындағы архетип жайлы идея

3. Салыстырмалы-тарихи (компаративизм) мектеп.

4. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби дәстүрдің маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

2.Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

3. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

4.Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

5.Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

6.Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

7.Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

8.Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

9.Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976.


7- дәріс. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар.
Дәрістің мақсаты: Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар

және олардың ірі өкілдері мен негізгі еңбектері туралы түсіндіру. Белгілі теориялық ағымдардың қалыптасу даму тарихтары туралы мәлімет беру.


Тірек сөздер: теориялық ағымдар, жаңа сын, структурализм, формализм, антропологиялық теориялар, тұйықталу процесі, семантикалық-символикалық сын, ағартушы- демократтық ағым.

Дәрістің жоспары:

1.XX ғасырдың басындағы белгілі теориялық ағымдар

2. Структурализм, формализм ағымдары.

3. Қазіргі миф, символ, метафора жайлы жайлы теориялар.

4. Қазақ әдебиеттануындағы ағымдар.

Формализм – XX ғасырдың басындағы белгілі теориялық ағымдардың бірі. 1920 жылдарындағы орыс зерттеушілері құрған ғылыми ұйымның аты – ОПОЯЗ. Іргелі өкілдері: В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, Ю.Тынянов, Р.Якобсон, В.Томашевский. Тұрпайы социологизм. В.Фриче, В.Шулятников, В.Переверзев т.б. Әлеуметтік ортаны, қоғам сипатын артық қою, тұрақталмаған әркелкі көзқарас. Э.Кассирер. «Символикалық формалардың философиясы» атты зерттеуі. Дж. К.Рэнсомның 1941 жылы жарық көрген –«Жаңа сын» атты еңбегі. Америка әдебиеттанудағы және батыс елдеріндегі соны ғылыми мектептің қалыптасуы. Структурализм – формализмнің бір тармағы. Француз мәдениеттанушылары Р.Барт, Кл.Леви – Стросстың 1950 жылдардан бергі ізденістері. Р.Барттың бәрінен бұрын мәтінге көңіл аударуы. Ю.Кристеваның лингвистикалық структурализм шеңберінен шығуы. Роман тексі (1970), «Поэтикалық тілдің революциясы» (1974) атты кітаптары. «Текст өнімділігі», «Семиотикалық ырғақ» туралы. Шетел әдебиеттанудағы антропологиялық теориялар. А. Шопенгауэрдің өзгермес дүние туралы пікірлеріне сүйену. А.Кестлердің К.Г.Юнгтің архетип терминін пайдалануы. Орыс әдебиеттанудағы М.Бахтин еңбектерінің философиялық, теориялық мәні. Ю.Лотманның «Поэтикалық тексті талдау», «Көркем текст құрылымы» атты кітаптары. Математикалық, статикалық зерттеу тәсілдері. Әдебиеттанудағы АҚШ-та серпін алып отырған семантикалық-символикалық сын. Қазіргі миф, символ, метафора жайлы жайлы теориялар. Символдық формалар дербестігі. Көркем шығарманың біртіндеп тұйықталу процесі. Табиғат, адам және қоғам қарым-қатынасы. Әдебиет пен өнерге қатысты синэнергетика жетістіктерін пайдалану (Г.Хакен, И.Пригожин, И.Стенгерс, И.Евин). Тәртіп параметрінің, тұрақтылық пен тұрақсыздық ұстанымы. Құпия символы, апат, секірмелі, сапалық өзгерістер, ырғақ пен синхрондылық, керемет, бедел ұғымдары.Қазақ әдебиеттануындағы ағымдар мен бағыттар. Ағартушы- демократтық ағым.



Дәрісті бекіту сұрақтары:

1.XX ғасырдың басындағы белгілі теориялық ағымдар

2. Структурализм, формализм ағымдары.

3. Қазіргі миф, символ, метафора жайлы жайлы теориялар.

4. Қазақ әдебиеттануындағы ағымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

2.Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

3. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

4.Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

5.Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

6.Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

7.Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

8.Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

9.Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976.


8- дәріс. Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселесі.

Дәрістің мақсаты: Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселесі. Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. XIX ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Коммуникативтік поэтика мәселелері. Қазақ әдебиеттануының әдебиет тарихы, фольклористика саласындағы табыстары. Салыстырмалы әдебиеттану туралы түсіндіру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет