Сын есімдер:көрікті, үлкен, зәулім, биік, таза, ерекше , сүйікті
Айтылым. «Қазақстан қалалары» тақырыбында диалог құраңыз.
IX нұсқа
Оқу мақсаты:
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
5.4.2.1эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі
берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп, шағын диалогке қатыса алады;
эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады;
мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі, жалғау түрлерін дұрыс жалғай алады.
Тыңдалым.
Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.
1. Мәтін бойынша, Абай: «Орыс тілі – ... », - дейді.
а) дүниенің рахаты
ә) дүниенің сыры
б) дүниенің кілті
в) дүниенің алтыны
2. Абай шығармалары қашан басылып шықты?
а) 1904 жылы
ә) 1909 жылы
б) 1924 жылы
в) 1945 жылы
3. Абайдың шын аты кім?
а) Мұхамедқанафия
ә) Алауадин
б) ИбраҺим
в) Телқара
4. Абай кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударған?
а) Достоевский, Куприн
ә) Крылов, Лермонтов
б) Пушкин, Есенин
в) Тютчев, Бунин
5. Абай кім?
а) қазақ халқының ұлы ғалымы
ә) қазақ халқының тарихшысы
б) қазақ халқының жазба әдебиетін қалаушы
в) қазақ халқының этнографы
Оқылым.
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Ырыс жайлы аңыз
Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдың сыйлы кісінің үйіне дәл түскен екен, ол да жолынан жығылмай қонағын жік - жапар болып күтіп алыпты. Түннің бір уағында қонақ иттің ұлығанынан оянып кетіпті. Бұл қонақ жәй қонақ емес еді. Жер бетіндегі жан - жануардың тілін меңгерген ғалым адам болатын.
– Қонақтың атын жеймін! – Ауыл сыртынан ұлыған қасқырдың дегеніне, үй иесінің иті:
– Қонағымның атын жер болсаң сені адамдарға ұстап беремін – деп жауап қатып тұр екен. Қасқыр болса:
– Бұл ауылды таң ата жау шабады – деп тайып тұрыпты.
Қонақ үй иесін оятып, дереу ауылдың көшуін сұрапты. Ауылды көшіріп болған соң, ертесіне ескі жұртқа келсе көнбей қалып қойған екі үйдің шаңырағы ортасына түсіп жатыр екен...
Достарыңызбен бөлісу: |