Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары І нұсқа


Мәтінді оқы.Берілген тест тапсырмаларды орындаңыз



бет37/47
Дата19.02.2024
өлшемі427.27 Kb.
#492408
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
5-сынып емтихан

Мәтінді оқы.Берілген тест тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі-бата. Бата ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра. Халқымыздың бата-тілегін бейнелейтін шешендік сөздердің алуан нұсқалары бар.
«Жаңбырмен жер көгерер,батамен ер көгерер» -деп бата туралы айтылған сөздің өзі батаның зор мағынасын білдіреді. Батада ақ ниет, тілек,сәттілік тілеу,береке,ынтымақ, адал еңбек етуге шақыру туралы айтылады.
Батаны ақсақал қария немесе беделді адамдар береді. Бала Жамбыл атақты
Сүйінбай ақыннан бата алған. Жас Дина да ұлы күйші Құрманғазыдан бата алғанын білеміз.Бата-ұлттық дәстүріміз. Ол ұрпақтан - ұрпаққа жалғасатын асыл мұрасы.



  1. Қазақ халқының ежелгі салт – дәстүрінің бірін атаңыз

А) Бата
Ә) Тілек
Б) Өлең

  1. Батада нелерге шақыру туралы айтылады

А) тілек,сәттілік тілеу, береке
Ә) достыққа, адалдыққа
Б) бірлікке, елдікке

  1. Батаны кімдер береді?

А) ақсақалдар
Ә) балалар
Б) ауыл тұрғындары
4. Бала Жамбыл қай ақыннан бата алған
А) Дина
Ә) Сүйінбай
Б)Құрмағазы
5. Жас Дина қай күйшіден бата алған
А) Жамбыл
Ә) Сүйінбай
Б)Құрмағазы
Жазылым.
Жақын досыңа арнап, тілек жазыңыз.

Айтылым.
Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесің, ойыңды ортаға салыңыз.
25 – нұсқа
Оқу мақсаты:
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
5.4.2.1эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі

  • берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп, шағын диалогке қатыса алады;

  • эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады;

  • мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі, жалғау түрлерін дұрыс жалғай алады.

Тыңдалым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет