Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары І нұсқа


Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз



бет43/47
Дата19.02.2024
өлшемі427.27 Kb.
#492408
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
5-сынып емтихан

Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Құмырсқа
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып:
- Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. - Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты:
- Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады.
Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.


1. Құмырсқа қандай қателік жасады?
а) достарын сатып кетті
ә) ескі достарымен бірге болды
б) үйінен алысқа кетіп қалды
в) жазда дән жинамады
2. Мәтінде қандай антонимдер бар?
а) қоңыз, ара
ә) жаңа, ескі
б) көмек, жұмыс
в) сұрау, айту
3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Нағыз дос дұшпан болмас
ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
б) Күлме досыңа, келер басыңа.
в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы. 
4. Нағыз дос қандай сөздерді айтпайды?
а) Бірге көтерген жүк жеңіл.
ә) Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын!
б) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз?
в) Жолдасын тастаған жолда қалар.
5 «құмырсқа» сөзін қай топқа қосуға болады?
а) құстар
ә) балықтар
б) жәндіктер
в) аңдар
Жазылым. «Дос» туралы мақал-мәтелдер жазыңыз.
Айтылым.«Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөзбен келісесің бе? Өз ойыңды ортаға салыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет