2. Абайға аңыз әңгімелерді кім айтқан?
а) Досы Ербол
ә) Әкесі Құнанбай
б) шешесі Ұлжан
в) көршілері
3. Абай қай шығармасына ән шығарған?
а) «Болыс болдым мінеки»
ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
б) «Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Интернатта оқып жүр»
4. Абай неше жасында орыс тілін үйрене бастады?
а) 5 жасында
ә) 9 жасында
б) 13 жасында
в) 3 жасында
5. Абай қазақ халқын ... болуға шақырды.
а) көңілді
ә) надан
б) мәдениетті
в) малды
Оқылым.
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Екі дос
Бір күні екі дос орманда кележатады. Кенет алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігітортада қалып кетеді.Ойына «Өлген адам сияқты жерге жата қалсам, құтылып кетермін» деп жерге жата қалады. Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді. Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
1. Ертегі не туралы?
А) өнер
Ә) білім
Б) ғылым
В) адамгершілік пен достық
2. Мәтін желісі бойынша мәтінде қандай кейіпкерлер бар?
А) екі дос
Ә) екі көрші мен қой
Б) екі дос және аю
В) аюлар
3. Амалы құрыған жас бала қандай әрекет жасады?
А) жүгіріп қаша жөнелді
Ә) Аюға қарсы шықты
Б) Жерге қимылсыз жата қалды
В) Жылады
4. Мәтінге қатысты басты сөзді анықтаңыз:
А) Адалдық
Ә) татулық
Б) шынайы достық
В) сатқындық
5. «Дос» сөзінің антнимін табыңыз
А) құрбы
Ә) қатарлас
Б) дұшпан
В) туысқан.
Жазылым. Тірек сөздерді пайдаланып, « Адал дос» тақырыбында эссе жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |