Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары І нұсқа



бет48/62
Дата08.04.2024
өлшемі0.57 Mb.
#497956
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62
6-сынып эмтихан (1) (3)

Мәтіндегі ақпараттар




Негізгі ақпараттар




Қосымша ақпараттар




Оқылым
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әже, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата- апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке - әулет басшысы, отбасы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады
1.Қазақ отбасы негізінен неше ұрпақтан тұрады?
А. бес
В. үш
С.төрт
Д. бір
2.Әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы кім болған?
А. Ана
В. Ата
С. Әке
Д. Әже
3. Әке үйі барлық балалар үшін қандай үй?
А. Кішкентай үй
В. Үлкен үй
С. Әдемі үй
Д. Таза үй
4. Ауыл-аймақ , ағайын арасының берекесі, ақылшысы кімдер болған?
А. Ата-аналар
В. Ата-апалар
С. Әпкелер
Д. Ағайындар

5. Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен аналардың орны қандай?


А. жақсы
В. жаман
С.ерекше
Д. таза


Жазылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз.(90-100)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет