Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары І нұсқа


Тапсырмаларды орындау уақыты - 120 минут



бет25/62
Дата23.04.2024
өлшемі0.56 Mb.
#499663
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
6-сынып эмтихан (1) (3)

Тапсырмаларды орындау уақыты - 120 минут


Тыңдалым
Аудиомәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Отбасы –сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы –мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар –ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы- алғашқы қадам. «Отан - отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді


Мәтіндегі ақпараттар




Негізгі ақпараттар




Қосымша ақпараттар






Оқылым.
Мәтінді мұқият оқып, тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Қазақстан аумағы – бұл дала ғана емес, батпақты жүйелер, тау жоталары. Шаруашылықпенайналысудын нәтижесінде көптеген ландшафттар жойылу алдында тұрды. Қорық аймақтарының басты міндеті — жабайы табиғатты, оның түрлерінің әртүрлілігін сақтау және қалпына келтіру. Сондықтан Қазақстандағы қорықтардың тізімі өте кең.
Республика аумағында құрылған бірінші және ең көне қорық-Ақсу-Жабағылы мемлекеттік биосфералық қорығы, 1926 жылы Алатау және Тянь-Шань тауларында теңіз деңгейінен 1100-ден 4280 метр биіктікте ашылған.Аумақтың символы Грейгтің қызғалдақтары болды, олар ерте көктемнен бастап келушілердің көздерін қуантады.
Марқакөл қорығы 1976 жылы Алтай таулы бөлігіндегі ең ірі Марқакөл көлінің шығыс қазақстан табиғи кешенін және оған іргелес аумақтарды сақтау мақсатында құрылды.
Ең үлкен Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылған, Республика астанасы Астана қаласынан батысқа қарай Сырыарқа ұсақ шоқыларының құрамдас бөлігі ретінде Теңіз көлінің батыс жағалауында 543 гектардан астам аумақты алып жатыр. Аумақтар – қазақ жеріндегі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне кіреді.

1.Республика аумағында құрылған бірінші және ең көне қорық.


А.Марқакөл
В.Қорғалжын
С.Ақсу-Жабағылы
Д.Тенгиз

2.Мәтінге тақырып қойыңыздар


А.Астана – әсем қала
В.Менің сүйікті қалам
С.Қазақстан – менің Отаным
Д.Қазақстан қорықтары

3.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен ораластырыңыз (1,2,3)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет