Бағалау критерийлері:
Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;
мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтайды, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады;
жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады, тыныс белгілерді дұрыс қолданады;
эссе тақырыбының желісінен шықпайды; әрбір абзацты жүйелі құрастырады, қажетті мазмұнын ашып жазады;
Тыңдалым
Аудиомәтінді тыңдап, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Отбасы –сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы –мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар –ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы- алғашқы қадам. «Отан - отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Мәтіндегі ақпараттар
|
|
Негізгі ақпараттар
|
|
Қосымша ақпараттар
|
|
Оқылым
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әже, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата- апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке - әулет басшысы, отбасы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады
1.Қазақ отбасы негізінен неше ұрпақтан тұрады?
А. бес
В. үш
С.төрт
Д. бір
2. Ауыл-аймақ , ағайын арасының берекесі, ақылшысы кімдер болған?
А. Ата-аналар
В. Ата-апалар
С. Әпкелер
Д. Ағайындар
3.Әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы кім болған?
А. Ана
В. Ата
С. Әке
Д. Әже
4. Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен аналардың орны қандай?
А. жақсы
В. жаман
С.ерекше
Д. таза
5. Әке үйі барлық балалар үшін қандай үй?
А. Кішкентай үй
В. Үлкен үй
С. Әдемі үй
Д. Таза үй
Жазылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз.(90-100)
Достарыңызбен бөлісу: |