Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары Оқу мақсаттары



бет1/62
Дата01.04.2024
өлшемі0.57 Mb.
#497230
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
6-сынып эмтихан (1) (3)


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары


Оқу мақсаттары:
6.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;
6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу;
6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;
6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суретердің желісі бойынша әңгіме құрастыру
Бағалау критерийлері:

  • Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;

  • эссе тақырыбының желісінен шықпайды; әрбір абзацты жүйелі құрастырады, қажетті мазмұнын ашып жазады;

Тапсырмаларды орындау уақыты - 120 минут


Тыңдалым
Аудиомәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Отбасы –сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы –мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар –ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы- алғашқы қадам. «Отан - отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет