«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



бет5/36
Дата05.12.2022
өлшемі1.83 Mb.
#466573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
osh fo kazahskiy-jazyk-i-literatura 9-klass kaz

Оқу мақсаты Бағалау критерийі
9.3.6.1. Мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық
мәселелермен байланыстыра отырып, сыни тұрғыда баға
беру
Білім алушы:
 Көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен
байланыстырып, сыни көзқарасын білдіреді



Ойлау


дағдыларының

Жоғары деңгей дағдылары





деңгейі



Тапсырма

  1. Мәтінді оқып, негізгі мәселені анықтаңыз.



Айман ЗЕЙНУЛЛИНА:

– Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды. Біз ендігі кезекте осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін ойлануымыз қажет. Себебі латын жазуына көшеміз деп айта салу оңай, ал оны жүзеге асыру үшін үлкен шараларды қолға алуымыз қажет. Ол үшін не істеу керек десек, біріншіден, латын графикасына өтудің оңы мен солын саралап алғанымыз жөн. Соған талдау жасап, мәтіннің оқу әуезін, әдісін, заңдылығын меңгеріп алуымыз керек. Екіншіден, кейбіреулер компьютердің көмегімен барлық дүниені латын әліпбиіне көшіре салуға болатынын айтады. Менің ойымша, бұлай жеңіл жол іздеген дұрыс емес. Мазмұнды оқулықтар мен әдебиеттің барлығын 100 пайыз сауатты етіп аударып шығу қажет, өйткені кезінде араб әрпінде жазылған небір әдебиеттер әлі күнге дейін шаң басып жатыр. Себебі біз оларды оқи алмай, қиналдық. Ал латын әліпбиіне көшетін болсақ, кешегі, бүгінгі рухани дүниелеріміздің бәрін сауатты қалпында аударып алсақ, кейінгі буын трагедияға ұшырамайды. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу үшін емле ережесінің сақталуына баса мән берген жөн. Яғни бірізділік, ортақ қағида болуы шарт. Өйткені латын графикасында жазғанның жөні осы деп әркім өз білгенімен әртүрлі таңбаны қоя берсе, мұның соңы сауатсыздыққа әкеліп соғады. Осының алдын алу қажет. Төртіншіден, балабақшаларда, мектептерде, жалпы оқу процесінде латын әріптерін жазуды үйрететін пән – каллиграфия (жазу өнері) деген сабақты енгізу қажет. Мұны тез арада қолға алған жөн. Сондай-ақ латын қарпін сауатты жазатын, оқитын мұғалімдер дайындау қажет. Осы бағыттағы жұмыстардың бәрін тез арада тиянақты атқара білсек, ұтарымыз мол болмақ.


Негізгі мәселе



  1. Басты мәселемен байланысты ғаламдық проблемаларды жазып, көзқарасыңызды білдіріңіз.

Негізгі мәселе


8

Дескриптор Білім алушы:

  • мәтіндегі негізгі мәселені анықтайды;

  • мәселені ғаламдық тұрғыда қарастырады;

  • сыни тұрғыда көзқарасын білдіреді.

9


Оқу мақсаты

9.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе




бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен




кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп




жазу












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет