Оқу мақсаты
|
10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін
идеясымен байланысын анықтау
|
|
10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш
құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланыстырады
Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
25 минут
|
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап, 3 негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Мәтін идеясымен байланысын 1 сөйлеммен жазыңыз.
Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Айт намазы оқылады. Мұсылман халқы жуынып, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына барады. Өмірден өткен туған-туыстарына арнап құран бағыштайды. Айт намазына келушінің мешітке барарда басқа жолмен, үйіне қайтарда басқа жолмен жүргені абзал. Бұл Құрбан айт намазына барушыға көп жер куә болсын дегеннен шыққан.
Көрші-қолаң, туыс-туғанды қыдырып, «Айт құтты болсын!» айтысады. Айт күндері мейлінше көтеріңкі көңіл күйде, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілер қайта табысып, айт күндері татуласқан жөн. Ауырып жатқан кісілердің көңілін арнайы барып сұрау, жетім-жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, оларға да айттың қуанышын сездіру өте сауапты істерге жатады. Бұған қоса әке-шешесіне, отбасындағы жандарға, көрші-қолаң, жора-жолдастарына мүмкіндігінше кішігірім болса да сәлем-сауқат, сый-сияпат жасап, Айт мейрамын ерекше өткізуге де болады.
Бұл күннің ерекшелігі шариғат бойынша мұсылмандар құрбандық шалады. Ал құрбандық шалудағы ең маңызды жайт – оны Аллаға арнап сою. Сондықтан да құрбандық деп Құрбан айт күндерінде шалынатын малды айтады. Оны үшке бөліп, бір бөлігі туған- туыстарға, екінші бөлігі кедей, мұқтаж жандарға, үшінші бөлігі отбасына қалдырылады. Шалынған малды түгелдей мұқтаж жандарға таратуға да болады. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, басқаларға жанашырлығы, пенденің сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.
Құрбан айт мерекесінің қоғамдық маңызы зор деп ойлаймын. Меніңше, ол туыстық қарым-қатынастарды нығайтып, жақындастырады. Мұсылмандардың бір-біріне деген сүйіспеншілік, сыйластық, өзара құрмет сезімдерін арттыруға септігін тигізеді.
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Мәтін идеясымен
байланысы
1 1
2 2
3 3
|
Берілген тұжырымдардан факті мен көзқарасты ажыратыңыз. Тиістісіне «+» белгісін қойыңыз.
Тұжырымдар
|
Факті
|
Көзқарас
|
1. Құрбан айт
оқылады
|
мерекесінің
|
алғашқы
|
күні Айт
|
намазы
|
|
|
2. Шариғат бойынша мұсылмандар құрбандық шалады
|
|
|
3. Оны үшке бөліп, бір бөлігі туған-туыстарға, екінші бөлігі
кедей, мұқтаж жандарға, үшінші бөлігі отбасына қалдырылады
|
|
|
4. Шалынған малды түгелдей мұқтаж жандарға таратуға да
болады
|
|
|
5. Құрбан айт
ойлаймын
|
мерекесінің
|
қоғамдық
|
маңызы
|
зор деп
|
|
|
6. Меніңше, ол туыстық қарым-қатынастарды нығайтып,
жақындастырады
|
|
|
«Ұлттық мерекелер – тәрбие мектебі» деген тақырыпта 70-100 сөз көлемінде шығармашылық жазба жұмысын жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |