Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру



бет10/11
Дата15.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#138136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. О. Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы

2. «АЗиЯ», «Қыш кітабы» шығармалары



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Түсінісу теоремасы

Түсінісу теоремасы




   Келiп жатыр, кетiп жатыр дарындар...

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қара бұлттай қайғы жапты бөлменi.

Адамзаттың алғыр, ұлы қыраны

Лев Толстой жатыр едi өлгелi.

Әйелi кеп қолын сүйiп, жылады:

"Тежей алмай мiнезiмнiң тасырын,

Өзiңменен өттi жарты ғасырым.

Мен бейбақты кешiре гөр.

Күнәм көп...

Keшipe гөp,

Keшipe гөр, асылым?!"

Өткен күнiн оймен шолып алыстан

Yнciз, iштей күбiрледi данышпан:

"Жә, кемпiрiм,

Жасыңды тый,

Жеттi ендi,

Жылап ешкiм қайыра алмас өткендi.

Қаштым сенен...

Саған жақын жүргенше,

Артық көрдiм жиhан кезiп кеткендi.

Жалғыз сенен қаштым ба екен мен бiрақ...

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Ресейден бөлiнбестей болдым-ақ,

Iз бастадым күртiк қарды омбылап.

Күллi әлемдi тамсандырған ақылым

Сенен қолдау таппағаны қорлық-ақ.

Бiр шындық бар ешкiмнiң жоқ таласы -

Ұл-қызымның болдың ғазиз анасы.

Қартайғанда түсiнiспей, әттең-ай,

Жолымыздың қырсыққанын қарашы.

Дей алмаймын: "Маңдайымның сорысың...

Қамқорым боп создың қанша қол ұшын.

Бipaқ менi түсiнбедiң.

Түсiнуге және де

Тырыспадың...

Кешiрмеймiн сол үшiн,

Кешiрмеймiн сол үшiн..."

Күллi адами пенделiкпен алысқан

Қыран ойы тұрақ таппай ғарыштан,

Әйелiне қарап терең күpciнe,

Мәңгiлiкке көзiн жұмды данышпан.

Қайда,

қайда


көңiл сырын көзден ұғар нәзiктiк?

Yш өлшем бар -

Биiктiк пен тереңдiк, кеңдiк (яки жазықтық).

Бұл үшеуiн бағаламау - көзсiздiк hәм кереңдiк.

Ал түсiнбеу...

бақытсыздық болар ол.

Иә, адамдық қатынаста жоқ әлi де сара жол.

Оңай емес,

оңай емес бұл егес,

Қашан болсын бiрлiк жолы бұрыстау.

Керек десең, түсiнбестiк кiнә емес,

Қылмыспен тең - түсiнуге тырыспау.

Оһ, қаншама бұлақтарды жұрт түсiнбей суалтты.

Cөйтiп, қанша бәйтеректi қуартты.

Оһ, қаншама ұлыларды жұрт түсiнбей өлтiрдi,

Сөйтiп, мына тiршiлiкке үлкен зиян келтiрдi.

Бруноны отқа жаққан,

Галилейдi сотқа тартқан,

Бiржан салдың арқан байлап қолына,

Жылан болып Ұлықбектiң иiрiлген жолына

Түсiнбестiк едi ғой.

Соның бәрi адамзаттың сорына.

Түсiнбестiк аз жайды ма қанатын?

Мұнан асқан нала бар ма,

Ұлы Абайды сабаған да

Түсiнбестiк болатын.




11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Өлеңдерімен танысу, оқу


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;

Б) тест тапсырмаларын орындау
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Түсінісу теоремасы»


35-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Желтоқсан тағлымы»
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:


  • Оқыту: тіл жанашыры, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жайлы оқушыларға мағлұмат беру. Өлеңдерін оқып түсіну, талдау. Өлеңдерінің тақырыптарын анықтау.

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: оқушыларды түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. О. Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы

2. «АЗиЯ», «Қыш кітабы» шығармалары


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Желтоқсан тағлымы







   Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!

Қайырмасы: Арманыңның атын,

Жігеріңнің отын

Өшіре алмас асау желі уақыттың.

Егер кім қанша

Уайымсыз болса,

Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

1990 ж.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Өлеңдерімен танысу, оқу


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;

Б) тест тапсырмаларын орындау
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Желтоқсан тағлымы»


36-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: М. Айтқожина
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:


  • Оқыту: оқушыларды қазақтың ақын қызы М.Айтқожинаның шығармашылығымен таныстыру.

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: оқушыларды түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы

2. «Желтоқсан тағлымы», «Төрт ана», «Түсінісу теоремасы» шығармалары

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Марфуға Айтқожина
Марфуға Айтхожина-"Жыр аққуы" атанған, қазақтың белгілі ақыны Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Қүлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы қүрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні "Итжеккенге" айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, жан-жақты зиялы адам болған. Ол кісіні де сол жылдары "Қарағаш" мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкелген екен. Бес баласы аштан өліп, түрмеден қашып, зайыбы Бифатима "Иіруден" қашып, Қытай жерінде табысып, қыздары Марфуға дүниеге келеді. Ақынның балалық шағы қаймағы бүзылмаған, түнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Қүлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралган. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1961-1969 жылдары "Қазақ өдебиеті", "Қазақстан мүғалімі" газеттерінде өдеби қызметкер болып істеген. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Коңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын тогеді. "Сайрам көлің толғауындағы шумақтар осы созімізді дөлелдей түседі. "Құрмет белгісі" орденімен, Болгарияның "Достық" медалімен марапатталған.

Аймағымен сырласқан көд бір ақын, Жоңғарды асып күн де ерте болдыратын. Ай таудың оқалаған тақиясы, Кеш бата шекесіне қондыратын. Марфуға Айтхожина "Аңсауң, "Ақку жүрекң, "Алатаудың Ақ батасың туындыларында Тәуелсіз Кдзақстанның жетістіктерін эпикалық кең тыныспен жырлайды. 60-жылдардан бүгінгі күнге дейін жиырма бес жыр жинағы шыққан. Алғашқы өлеңдер жинағы "Балқұрақ" деген атпен 1962 жылы жарияланған. Кейіннен өр жылдары "Шыңдағы жазу", "Жастық шақ", "Аққуым менің", "Қаракөз айым", "Баянжүрек", "Көзімнің қарасы", "Ақ бесігім", "Жарқыра, менің жүлдызым", "Қыран жеткен", "Таңдамалы", "Сағыныш сазы", "Жапырақ сілкінген кеш", "Аңсау", "Аққу жүрек", орыс тілінде "Утверждение", "Голубые голуби", "Струна степей", "Горсть земли", "Украшение коня", "Летние росы" өлеңдер жинақтары жарық көрді. Бірқатар шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы т.б. тілдерге аударылған. 2002 жылы "Аңсау" атты жыр жинагына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді. "Қүрмет белгісі", "Парасат" ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Өлеңдерімен танысу, оқу


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. Өлеңдерін оқып талдау.


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
М. Айтқожинаның шығармаларымен танысу

37-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларды қазақтың ақын қызы Ф.Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстыру.

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: оқушыларды түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы

2. «Желтоқсан тағлымы», «Төрт ана», «Түсінісу теоремасы» шығармалары



9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Фариза Оңғарсынова
Ф. Оңғарсынова қазіргі қазақ поэзиясындағы бірегей тұлғалардың бірі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері,Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, Қазақстанның халық жазушысы, ақын  Фариза Оңғарсынова  1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Атырау пединститутын бітірген. 1961-66 жылдар аралығында орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор, 1966-70 жылдарда облыстық «Коммунистік еңбек»газетінде әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облысындағы меншікті тілшісі, 1970-78жылдары «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы,1978 жылдан «Пионер» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Ақынның шығармалары 1958 жылдан баспа сөз бетінде жариялана бастаған. Балықшылар,жалпы бүгінгі замандастар өмірін, достық пен адамгершілікті суреттеген тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш»1966 жылы жарық көрді. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен жыр кітабы жарық көреді.

Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем.

Ақынның алғашқы өлеңдері нәзік сезімге арналады. Қаламгерлік идеяның күрделенуінен жасалған лирикалық кейіпкерге өз алдына дербес мінез-құлық беріледі. Махаббаттың алабұртқан сезімін, құмарын, құлап, жығылу сәттерін «күйдім, жандым» деп суреттеу поэзияда басым жатса, Фариза жырлары бұдан аулақтай бастап, тереңдікке тартады. Ақын ақиқатты тірліктен тауып, оны тек қиялмен қиюластырмай, шынайылықпен паш етуге тырысады. Адам басындағы түрлі халдің сипаттамасы – замандасының махаббатта жолы болмаған сәті, бірі сүйсе, екіншісі сүйе білмеген, ендігісі адал, кейбірі опасыз болып келетін кейіпкерлердің драмалық көңіл-күйі, тартысы  трагедиялық жағдайы оқырман жанарына еріксіз жас әкеп, мұңымен жүрек тербейді, өлеңдеріндегі лирикалық әйел кейіпкері ендігі жерде әлеуметтік жағдайларға көңіл толғанда, қара шаңырағының қамына тоқталып, одан бақыт, рақат барлығына сеніп жырлайды.

Әуелде саяси - әлеуметтік тақырыптарды тілге тиек етіп, публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген Фариза ақын келе-келе психологиялық,философиялық монолог формаларына ауысты. Туған жер, Отан сондай-ақ замана ағымына орай партия жайын нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен суреттей түсті.Туған жер тақырыбындағы өлеңдерінің өзегі алғашында Атырау өңірі, Маңғыстау түбегі ғана болса, мұнан соң бірте-бірте Қазақстан атырабын тұтастырып жырға қосып, Қостанай, Көкшетау, Арал, Жетісу өңірлерін сөйлетті. Кеңес дәуірі тұсында ақын өлең-жырлары сол кездегі тақырып аясына кіретін мәселелерді де қамти бастады. Мұнан әрі ақынның шығармашылық жолы шыңдала түсті. Фариза жаңа көркемдік ізденістерге бет бұрып, 1980 жылдары тарихи тұлғалардың өмірін өлеңіне арқау ететін күрделі шығармалар жазуға кірісті. Поэзияға қойылатын қағидаларды бұзып-жармай өлең сөздің формасы мен көркем идеясын күшейтетін жаңа тәжірибелерін қолданып, қазақ поэзиясына ауыз толтырып айтарлықтай сапалы дүниелерді өмірге әкелді. Солардың ішінде «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Ақан сері аңыздары», «Поэзия.Махамбет аудармашысымен әңгіме», «Тартады бозбаланы магнитім» сынды сара туындыларын айтуға болады. Ақан, Майра, Махамбет, Сара образдары әдебиет сүйер қауымға жаңа мазмұнмен танылды. Шығарма шынайылығына тарихи тұлғалардың шыншыл бейнесін ұтымды үйлестірген Фариза қазақтың қайсар қыздары Әлия мен Мәншүктің тағдырын толғай алды. «Тыңдаңдар, тірі адамдар!» деп аталатын бұл сюжетсіз поэманың кейіпкерлері Әлия мен Мәншүк рухын тірі адамдармен тілдестіру барысында шығармалар соңы идеялық-эстетикалық ерекшелігін көрсетті. «Жаулықтар», «Киіз үй», «Жер ошақ», «Оюлар» сияқты ата-жұртының ата- салтын жырға қосқан тамаша туындыларын жазады.

Ақын шығармаларын кезінде қазақ әдебиетінің майталмандары Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев ерекше мән беріп бағалады. Фариза Оңғарсынова поэзиясы қазақ оқырмандарының жүрегін жаулап алды, өз тілінің шеңберінде қалып қоймай, біздің елімізден тыс жерлерге де мәлім болды. Қазір оның өлеңдері ұлттық поэтикалық байлығымыздың ажырамас бір бөлігі. Ақын қалам тартқан тақырыптар әр алуан. Адамның жеке басының шындықты сезінуінен басқа қоғам, ел, адам тағдыры, табиғат сыры, Отан, Туған жер, ерлік, махаббат тақырыптары Фаризаның ой толғауының тамаша талғамы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы дара көркемдік әлемімен, тұтастығымен ерекше көзге түседі. Фариза Оңғарсынованың мына бір өлең жолдарына көз жіберсек:
Жыр –

Менің жалғыз тарланым,

Аялап өтер ардағым,

Толықсып атар таңдарым,

Айымдай жалқы арман үн:

- - - - - - - - - - - - - - - - - - -

күрсінген бедеу бейбақты,

жырыммен- ыстық демменен,

сәби боп келіп емдер ем...

Фариза –поэзиядағы өз орнын белгілеп үлгерген ақын. Фариза өлеңге әйел образын әкелді. Асқардай алып бейнелі әйел – Адамның махаббаты туралы жырлардан тұрады. Әйелді әдетте тіршіліктің бастауына, мәңгіліктің мәніне балайды. Махаббат жұмыр жердегі ұлы күш - әйел-ананың, әйел-жырдың, әйел-азаматтың, әйел-қаһарманның, әйел-достың, әйел-ақынның, тұтас алғанда әйел – Адамның мөлдір махаббаты жырланады. Ол махаббат – ананың бөбегінен бастап, бүкіл жердегі өмірге, әйел-жардың сүйгеніне, әйел-азаматтың Отанға,қоғамға, туған жерге, әйел-қаһарманның адамзат пен оның болашағына, әйел-достың адамға деген, әйел-адамның бүкіл тіршілікке деген биік сезімі.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Өлеңдерімен танысу, оқу


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Ф. Оңғарсынова туралы оқып келу.


38-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетіндегі алатын орны
2. Сағат саны: 2
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетіндегі алатын орны туралы айтып кету,

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: оқушыларды түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет