Қосымша (қ)
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Шәкәрім мен Абайдың қандай туысқандық қатысы бар?
2. Шәкәрімнің тағы қандай поэмалары бар?
3. «Еңлік-Кебек» пьесасының авторы кім?
4. Шәкәрім қандай шығарма аударды?
5. Поэма бойынша екі ғашық қайда жерленді?
6. Іңгәлаған бала қайда қалды?
7. Поэмадағы Кебектің жамағайын ағасының аты кім?
8. Екі ғашықтың қосылуына не кедергі болды?
9. Поэмада қандай нақыл сөздер кездеседі?
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетті талдау үшін сол кездегі саяси, қоғамдық-әлеуметтік, рухани, мәдени оқиғаларды еске түсірген жөн. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында басты-басты төмендегідей тарихи оқиғалар болды.
1. 1860 жылдардан бастап Ресейдің қазақ жерін, елін отарлауы толық аяқталады. Жер Ресей мемлекетінің меншігіне айналды. Қазақ жерді пайдаланушы ғана болды. Яғни, туған жерінен айрылған қазақ елі енді өгей халықтың күйін кешті. «Қоғалы көлдер, қом сулар», -деп жырлаған жауынгер жұрт мүлдем басқа сипатта көрінді.
Бұның бәрі қазақ ұлтының рухани жүдеушілігіне, жан жабырқауына, танымның азуына ұласты. Ұлы Абай ұнатпас «Болыс болдым мінекей» дейтіндей жалтақ мінез ел мүддесін ұлтшылдығынан, патротизмінен де айырды.
2. 1861 жылы басыбайлылық құқық жойылып, бас бостандығын алған орыс шаруаларына қазақ даласындағы жерді пайдалану жөнінде «Уақытша ереже» шықты. Осы ережеге сәйкес орыс шаруалары қазақ даласына қоныстандырылады, осыған байланысты басқа көптеген өзгерістер келді. Ресей жерінен ағылған орыс шаруалары (қара шекпенділер) өзімен бірге бізге жат мәдениетті әкелді. Діні, тілі бөлек жат жұрттықтар жер бедерін ғана емес, ел бедерін өзгертіп, қазақ халқының өміріне күштеп араласа бастады. Бұған дейінгі дала заңы әлсіреп, орысқа қолайлы ыңғайлы жора жасалды.
3. Салық төлеудің жаңа тәртіптері бекітілді. Салықтың негізгі бөлігін дала тұрғындарына салды. Патша әскері қатарына «жарамайды» делінген бұратана бар малымен өзін езіп-жаншып отырған патша өкіметін асырады. Орыс үкіметі қазақ малының өспеуіне, жайылар жерін тартып алуға мүдделі болғандықтан бәрін салықпен реттеуге ұмтылды.
4. Саудагерлер қатары көбейіп, байлықтың басын қолдарына алды. Тек ақшаға бас ұрған өзгеше топ бөлініп шықты. Ақшаны, байлықты ұлықтайтын осы жандар қазақтың негізгі түсінігін талқандап, салт-дәстүрін өзге арнаға бұрған бөлек туажатқа айналды.
5. Патшаның қорғаныс күші –қазақ-орыстар көп билікке ие бола бастады. Қазақ-орыстар Ресейде де шаруаларды басар жалаң қылыш болса, қазақ жерінде мүлдем еркіндеп, ойына келгенін істеді. Ертіс бойы, көлдер маңайы секілді сулы да, нулы жерлер казак-орыстарға беріліп, тіршілікке қолайсыз өлкелерге жер иелерін қуып тастады. Қолдан жасалған, әдейі істелген басқыншылықтан соң қазақ халқы кедейшілікке, жоқшылыққа ұрынды.
6. Қазақ елін билеудің патша мүддесіне бағындырылған ережесі («Жаңа низам») шықты. Бұл ереже бойынша қазақ жері бөлініп биленді. Билік басына патша үкіметі қалаған жандар қойылды. Орыстың қолайына жақпағандар шеттетіліп, мүмкіндігінше елге емес, Ресейге жаққандар ел билеуге шықты. Сонда осы кезде әз-Жәнібек, Тәуке, Абылай сынды ерлер болмады.
7. Ел билеуге таласқан қазақ болыстарын патша ұлықтары ұлтты іріту, бөлу, бөлшектеуге пайдаланды. Бұған дейін аса көп мән берілмеген руаралық бөлініс басталды. Бірде ана ру, бірде мына руды қолдаған орыс үкіметі ел өртіне қолын жылыта отырып, жымысқы ойын оңай жүзеге асырды.
8. Орыс шаруаларының қоныс аударуына байланысты қазақтар да отырықшылыққа көше бастады. Бұл еріксіз амал жоқтықтан істелген кәсіп болатын. Құрал-сайманы сай емес, су маңынан алыс жатақтар жанын сала тірлігінің тамырын жерге салды.
9. Капиталистік қатынастардың негізінде қалалар, өндіріс орындары бой көтереді. Өндіріс орындары қазақ шаруаларының өндірген затын (ет, тері, жүн, сүт т.б.) су тегінге алғандықтан тез байып, қанат жайды. Орыс заңына бағынған дала ұлдарына жат осы қалалар елді билеудердің таптырмас құралына айналды.
10. Орыс тіліндегі мектептер ашылды (Орынбор, Орал, Троицк, Торғай т.б.). Бұл мектептер басында орыс балаларын қабылдай бастады. Осы мектепке оқыған қазақ ұлтының шәкірттері орыстық отарлау саясаты жүргізілетін күшке айналды. Қазақ ішіндегі осы өзгеше шәкірттер мәңгүрттенудің басы десек те болады.
11. Еуропа, орыс оқу-білімін негізге алған мектептер 70-80-жылдары қазақ жерінің әр жерінен көптеп салына бастады. Орыс өкіметі бастау басынан, ел өзегінен өзіне тартуды қолға алды. Ежелгі ел білімі, шығыс ілімі ығыстырылып, орыс-батыс оқу жүйесі орнын басты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ жерінде саяси, тарихи оқиғалар қоғам айнасы -әдебиетте түрлі қырынан, сан алуан мазмұн, идеясымен көрінді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінде ұлттық әдебиетті қазық еткен, қазақтың дәстүрлі өмірін, тұрмысын мадақтағандар, халықты өнер-білім алуға шақырған, жаңа мәдениет пен өнерді үйренуге насихаттаған ағартушылық бағыттағылар, сонымен бірге өнер, білім алуды жақсылық белгісі деп түсінген қазақтың бұрынғы әдебиетіне де тілектес әнші, композитор, ақындар қоғам туралы түрлі пікір берді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
1. Лиро-эпостық жыр – “АЙМАН–ШОЛПАН”
2. М. Әуезов «Абай» романының 2 кітабын жазып бітірді 1947 Ж.
3. М. Әуезовке Лениндік сыйлық берілді 1959 Ж.
4. М. Дулатовтың 1915 ж. шыққан туындысы — «ТЕРМЕ».
5. М.Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген туындысы«ТЕРМЕ»
6. Медресені бітіргендер өз білімдерін жалғастырған діни оқу орындары орналасқан қалалар БҰХАРА МЕН ТАШКЕНТ
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:
2. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ елінің сазы мен өлеңіне пікірталас арқылы өз ойларын жеткізу
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ елінің сазы мен өлеңі
18-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазушылар
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: оқушыларды ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақын –жазушылармен таныстыру, жалпы шолу жасау. ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазушылардың басты тақырыптары қандай еді? Міне, осындай сұрақтарға жауап іздеу. ХХ ғасырдың көрнекті ақын жазушылары, қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды тұлғалар жазған шығармаларын «Айқап» журналына жариялап отырғандығынан, ол журналдың қоғамда үлкен роль атқарғандығынан хабар беру. Қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
-
Тәрбиелік: қазақ ақын- жазушыларының жырларынан үлгі алып, өз Отанын сүюге, халқын құрметтеп, сыйлауға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
-
Дамыту: оқушының сөйлеу тілін ұштау, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, ғылыми ізденіске баулу, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
-
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
-
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
-
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
-
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
-
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
-
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
-
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
-
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
-
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ елінің сазы мен өлеңі
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
ХХ ғасырдың басы қазақ тарихында елеулі кезең болғандығы белгілі. Ол қазақ халқының ойы озық, көкірегі зерделі көрнекті өкілдері ел тағдырына, өткені мен болашағына ой тербеген кезең болды. Сол кезең қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани өмірінде болып жатқан өзгерістер мен адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеялардың жаршысы болды. Қазақ халқы өзін іргелі ел болуға, өнер – білімге шақырған демократ ақын – жазушылардың шығармаларына құлақ түріп, зейін қойды. Өйткені олардың үні сол заманның талабына сай, халық тілегіне жауап беретін еді.
Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті С. Торайғыров, М. Сералин, М. Дулатов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т. б. сияқты көрнекті ақын – жазушылардың талантты тобына аса бай әдебиет болды.
Осы кезеңдегі ақын – жазушылардың ерекше назар аударған негізгі мәселелерінің бірі – қазақ әйелдерінің аянышты тағдыры болды.
Ғасыр басында осы тақырыпқа жазылған шығармалар қатарына М. Сералиннің «Гүлкәшима», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі », М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек » т.б. көптеген шығармаларды жатқызамыз.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ әдебиетінде әйелдердің бас бостандығы мәселесінің айрықша үлкен тақырып болғандығы белгілі.
Бұл кезең әдебиеті сол дәуір алға тартқан идеялардың жаршысы болды. Қазақтың демократтық бағыттағы әдебиеті сол кезеңнің алға ұмтылуымен, рухани жағынан ояна бастаған халықтың азаттыққа ұмтылған күресімен тығыз байланысты болды.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:
2. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ақын –жазушылар мен олардың шығармаларына пікірталас арқылы өз ойларын жеткізу
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазушылар. Олардың басты тақырыптары.
19-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: оқушыларға ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен, қоғамда, әдебиетте атқарған қызметтерімен таныстыру. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.
-
Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.
-
Дамыту: оқушылардың әдеби –теориялық білімдерін , сөйлеу тілдерін, зейін, көру, есту қабілеттерін дамыту. Өз ойларын көркем -әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
-
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
-
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
-
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
-
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
-
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
-
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
-
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
-
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
-
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ақын –жазушылары
2. Олардың басты тақырыптары
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері
Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
1882-84 жж. Ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.
1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.
Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. 1918-19 жж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Ақын А.Байтұрсынұлының өлеңдерін оқу
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:
2. Өлеңдерін оқу
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығын оқу
20-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Қырық мысал», «Маса»
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: оқушыларға ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен, қоғамда, әдебиетте атқарған қызметтерімен таныстыру. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.
-
Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.
-
Дамыту: оқушылардың әдеби –теориялық білімдерін , сөйлеу тілдерін, зейін, көру, есту қабілеттерін дамыту. Өз ойларын көркем -әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
-
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
-
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
-
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
-
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
-
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
-
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
-
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
-
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
-
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ақын –жазушылары
2. Олардың басты тақырыптары
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Қырық мысал
Аққу, Шортан Һәм шаян
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысты орнына кеп мәз болады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Асылы, жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бірыңғ ай тартпаған соң бәрі тегіс.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ «МАСА» ЖИНАҒЫ
Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.
«Масаның» негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Өлеңдеріне талдау жасау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Еңбектері:
1. «Қырық мысал »(мысалдар жинағы, Петербург, 1909ж.)
2. «Маса »(өлеңдер жинағы, Орынбор,1911ж.)
3. «Тіл құрал » (3 бөлімнен тұрады) (Орынбор, 1924ж.)
4. Әдебит танытқыш (Ташкент,1926ж.)
5. Баяншы (Методикалық жазбалар,Қазан, 1920ж.)
6. Тіл жұмсар (2бөлімнен тұрады.)
7. Оқу құралы (Балалар әліппесі).
8. Әліппе (Орынбор,1912ж).
9. Сауаташқыш (Ересектер әліппесі,Орынбор, 1914ж.)
10. Әліппе-астар (Әліппеге методикалық нұсқау).
11. Оқу құрал (хрестоматия).
12. «Ер Сайын » жыры (Москва,1923ж.).
13. «23 жоқтау » (Москва,1926ж.).
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Қырық мысал», «Маса» өлеңдерін оқу
21-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: оқушыларды ұлтына «Оян,қазақ!» деп ұран салған қайраткер, жазушы, ақын Міржақып Дулатов шығармашылығымен таныстыру. Міржақыптың даңқын қазақ арасы ғана емес, Ресейдегі түрік әлеміне тұтас жайған «Оян,қазақ!» кітабын оқыту, таныстыру, талқылау. «Бақытсыз Жамал» романын оқып түсіну, тақырыбы мен идеясын ашу. Осы романның соңынан осы тақырыпта бірнеше жазушылардың романдары жарық көргенін айту. Романға жалпы талдау жасау.
-
Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..
-
Дамыту: шығарманы талдай білуге, идеясын ашу, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
-
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
-
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
-
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
-
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
-
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
-
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
-
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
-
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
-
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,19
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы
2. «Маса», «Қырық мысал» өлеңдері
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Ұлтына «Оян,қазақ!» деп ұран салған қайраткер, жазушы, ақын Міржақып Дулатов қазіргі Торғай облысының Қызбел атырабында 1885 жылдың 25 қарашасында дүниеге келген.
Әуелде молдадан тіл сындырып,артынан Торғайдағы екі жылдық орыс-қазақ мектебінде бес жыл (1897-1902) оқып білім алады.Екі жаста шешеден,он екі жаста әкеден айырылып, ерте жетім қалған Міржақыптың бүкіл өмірі жоқшылықпен, азаппен, әділетсіздікпен жан аямай күресудің бір үлгісі іспеттес.
Ұлт қамы үшін ширығып,соны сүрлеу іздеген Міржақып алдындағы ақыл-ой ағалары - Әлихан Бөкейхан,Ахмет Байтұрсыновтарды тауып,олармен пікірлес,ниеттес,мұраттас боп шығады.Осы алаш азаттығы жолындағы ерен достық олардың бүкіл тіршілігінің өзегіне айналды.
Міржақып 1904 жылы Омбы,1905 жылы Қарқаралы,1906 жылы Орал, Петербор барып, төңкерісшіл ағымдарға араласып,патша отаршылдығына ашық қарсы шығып, жер мәселесін көтеріп, мұсылмандықты қудалауға тыйым салуды талап еткен ағартушы-демократиялық бағыттағы қазақ оқығандарының ірі өкілі .Ол өз заманындағы көзі қарақты қазақ баласына қолынан келген қамқорлығын, достық махаббатын аямаған.Алдыңғы қатарлы татар, орыс зиялыларымен де араласқан.Бұл қатарда Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, профессор А.Крымский, академик В.А.Гордлевскийлер де бар.
Міржақып Дулатовтың «Қазақ» (1913-1918) газетінде Ахмет Байтұрсыновпен тізе қосып тең редактор болып,еңбек еткен жылдары – ұлтының сол дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін жан-жақты көтеріп,қазақ журналистикасының негізін салған,баспасөз мәдениетін,тілін қалыптастырған ең жемңсті,ең бақытты жылдары.
Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алаш өкіметі, Алаш әскері (1905-1920) – бұлардың бәріне де Міржақып Дулатов,білек сызбанып қатысқан, оның әр түрлі ұйымдарына сайланған, ұран жазған,күнделікті шаруаларын іске асырған,баспасөз бетінде насихаттаған, қолына қару алып та күрескен.Осылардың іздері сақталған көптеген тарихи құжаттар, деректер толып жатыр.Ол бұл жолда адастым демеген,имандай ұйыған берік сеніммен әрекет еткен.
Кеңес дәуірінде, басқа да алаш басшылары секілді, Міржақыпқа да үлкен іс тапсырылған жоқ, қайта қудаланып, 1922 жылы Кеңес түрмесіне қамалып барып шығады.Орынборда – педагогтік қызметте,Семейде-сот қызметерде болды (1920-1928). 1928 жылы ұсталып,содан абақты тауқыметтерін көре-көре,ақыры 1935 жылы 5 қазанда Ақтеңіз – Балтық каналының бойындағы Сосновец лагерінде қаза болды.Арада 58 жыл өткен соң ақынның сүйегі туған жеріне әкелініп,ақ жауып,арулап қойылды.
Міржақыптың даңқын қазақ арасы ғана емес, Ресейдегі түрік әлеміне тұтас жайған «Оян,қазақ!» кітабы 1909 Уфада шығып,1911 жылы Орынборда екінші рет басылды.Бұл – қазақ әдебиетінің тарихындағы ең көп қудаланған шығарманың бірі.Кітаптың бірінші,екінші басылымдарын патша өкіметі жинатып алдырып,авторды 1911 жылы маусым айында абақтыда ұстаған.Мұрағаттардан осы істердің қалай қозғалғаны,ақын соңына тыңшылардың қалай түскені туралы көптеген материалдар табылып жатыр.
«Терме» (1913), «Азамат»(1915) жинақтары жарық көрді.Прозадағы ірі шығармасы «Бақытсыз Жамал» романы 1910 жылы Қазанда басылды.Мұның үстіне,көптеген оқулықтар,мақалалар жазды,аудармалар жасап,қазақ кітаптарының көрсеткішін түзді.Қысылтаяң,ауыр заманда үнемі қудалауда жүріп,Міржақыптың қаншама көп іс тындырғанын көресіз.Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1991 жылы Алматыда М.Дулатовтың поэзия,проза,драматургия,публицистикалық шығармаларының басын қосқан бір томдығы,одан кейін 2002-2004 жылдары «Мектеп» баспасынан шығармаларының бес томдық толық жинағы басылып шықты.
Өзінің көркем шығармаларымен,мақаларымен,қоғамдық істерімен туған елінің махаббатына бөленген Міржақып Дулатов,алаштың өзі тұрғылас азаматтары секілді.Қазан төңкерісінен кейін аз уақыт қана бостандықта әрекет етіп,артынан жазықсыз қудаланып кете барды.Оның еңбектері жойылып,атын атауға тыйым салынды.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. М.Дулатұлының өлеңдерін оқу
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу.
22- сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Оян қазақ» өлең жинағы.
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: оқушыларды ұлтына «Оян,қазақ!» деп ұран салған қайраткер, жазушы, ақын Міржақып Дулатов шығармашылығымен таныстыру. Міржақыптың даңқын қазақ арасы ғана емес, Ресейдегі түрік әлеміне тұтас жайған «Оян,қазақ!» кітабын оқыту, таныстыру, талқылау.
-
Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..
-
Дамыту: шығарманы талдай білуге, идеясын ашу, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
-
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
-
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
-
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
-
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
-
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
-
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
-
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
-
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
-
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,19
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. А. Байтұрсынұлының М. Әуезов қандай баға берген?
2. «Маса» кітабындағы басты сарындарды атаңдар.
3. А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты кітабы қазақтың ұлттық сана-сезімінің оянуына қалай әсер етті?
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
«Оян,қазақ!»
Міржақып Дулатов — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нерізгі мазмұньн халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылыш шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңгыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші пет басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
М. Дулатовтың шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының біп томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатов шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды..
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
Ақын нені армандады?
|
Ақын арманы орындалды ма?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:
2.М.Дулатов алғашқы ұстазы кім?
3.М.Дулатов білім алғаш оқу орыннын ата?
4.Тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?
5.Қай елдің жазушыларының кітаптарын көп оқиды?
6.М.Дулатов кімдермен кездескісі келеді?
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Оян қазақ» өлең жинағын оқып келу
23-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Бақытсыз Жамал» романы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: «Бақытсыз Жамал» романын оқып түсіну, тақырыбы мен идеясын ашу. Осы романның соңынан осы тақырыпта бірнеше жазушылардың романдары жарық көргенін айту. Романға жалпы талдау жасау.
-
Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..
-
Дамыту: шығарманы талдай білуге, идеясын ашу, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
-
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
-
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
-
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
-
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
-
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
-
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
-
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
-
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
-
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,19
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Міржақып Дулатовтың өмірі туралы айтыңдар.
2. «Оян қазақ!» кітабына енген өлеңдерді атаңдар.
3. Ақынның юморлық, сатиралық қырлары қандай өлеңдерінен көрініс тапқан?
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
"Бақытсыз Жамал" романы
Халық тағдыры М. Дулатовтың прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар сұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
"Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.
Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады.
... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар...
Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі.
Міржақып Дулатов осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады.
...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді.
Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді.
Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады.
Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады.
Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады.
М. Дулатов бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады.
Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады.
Міржақып Дулатовтың романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді.
Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады.
Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ.
Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Романына талдау жасау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:
2. Өлеңдері мен романын оқу
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Бақытсыз Жамал» романын кейіпкерлерін талдап келу.
24-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: ХХ ғасырдың басында өмір кешкен аса көрнекті ақын, прозашы, публицист Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қалдырған әдеби мұрасы мен қомақты да құнды дүниесімен таныстыру. Ол- қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып, жалғастырушы суреткер.
-
Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..
-
Дамыту: шығарманы талдай білуге, идеясын ашу, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
-
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
-
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
-
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
-
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
-
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
-
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
-
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
-
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
-
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы
2. «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы, «Бақытсыз Жамал» романы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
ХХ ғасырдың басында өмір кешкен аса көрнекті ақын, прозашы, публист Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қалдырған әдеби мұрасы қомақты дақұнды. Ол- қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып, жалғастырушы суреткер. Сұлтанмахмұт шығармаларында өз заманының ең мәнді, ділгір, көкейкесті мәселелері көтеріліп, өзінің көркемдік жауабын тапты: қоғам мен адам өмириндеги алуан шындықтар көрініс берді. Ақын туындыларының танымдық, тәрбиелік, эстетикалық мәні халқымыздың әлденеше буын оқырманның рухани азығына айналды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы қазан айының 28-інде Көкшктау облысының Кызылту ауданында туған. Өз әкесінің аты Шоқпыт ( шын аты Әбубәкір), Сұлтанмахмұт фамилияны батырлығымен де, әділдігімен де аты шыққан би. Шоқпыт (Әбубәкір) 1896-1897 жылдар шамасында ата қонысы Баянауылға көшіп келіп, Торайғыр көліне жақын жерге орналасады. Сұлтанмахмұт алғашқыда әкесінен оқып, хат таниды, сонан кейін түрлі молдалардан дәріс алады. Солардын ішінде болашақ ақын тағдырына із қалдырған молдалар Мұқан мен Нұрғали болады. Бұған ақынның да өз өлендері де куә:
Әкемнен әліпбиді көп оқыдым,
Үйренір намаз, сабақ жат тоқыдым.
Әлі молда алдында дәл екі жыл,
Әр түрлі ескі кітапты бір шоқыдым.
Тортайдан екі жылдай сабақ алдым,
Ол байғұс аяған жоқ ойда барын.
Ғылымның орны баспен көкіректе,
Бүйыр шығып, қампия тоймас қарын.
Мұқаннан екінші жыл сабақ алам,
Ұйықтасам да көңілім оқуға алаң.
Лепес қып өзі бастап, ақын бол деп,
Дұғасын ықыласпен берді маған…
Молда Мұқан Сұлтанмахмұттың өлен жазу талабын қолдап, батасын берген. Ал молда Нұрғали шәкірттерін сол кезде қазақ арасына тарай бастаған «усули жәдит» жүиесімен оқытқан. Ол тарих, география, математика пәндерінен де дәріс беретін, «Қазақ», «Тәржіман»,газеттерін, «Айқап», «Шора»,журналдарын оқып тұратын озық ойлы ұстаз еді. Сұлтанмахмұттың өз кезіндегі білім қазынасымен ерекше ынта қойып ұмтылу, кедейлік, қолқысқалық, ауыр сырқат тосқаулына қарамастан тынымсыз енбек еткені, алған бетінен қайтпаған жігерлілігі қайран қалдырады. Оның:
Қаранғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам.
Қаранғылықтынң кегіне
Күн болмағанда кім болам?-
деген өлең жолдары асқақ мұраттын айқын танытады.
С.Торайғыров 1912 жылы оқу іздеп, Троицк қаласына барады. Талай қиыншылықты жеңіп, осындағы медресеге оқуға түседі. Бір жағынан денсаулығы сыр беріп әрі қаражаты таусылып, көп мұқтаждық көреді. Сонда да болса Сұлтанмахмұттың Троицкіде болған кезеңі оның ақын, азамат, публицист болып қалыптасуына зор әсер етеді. Ол кезде Троицк қаласы өндіріс әрі мәдени орталықтарының бірі саналатын; мұнда су диірмендері, сабын қайнататын, тері илейтін зауыттар, сауда мекемелері болған. Қалада екі кластық орыс – татар мектебі, қыз балалар мен ер балаларға арналған гимназиялар, «Энергия» баспаханасы, орыс, татар тілдерінде шығатын газет, журналдар, қазақ тіліндегі «айқап» журналының редакциясы бадр еді. әсіресе мұсылман жастары оқып, білім, тәрбие алатын «Медресе Мұхаммадия», «Медресе Расуля», «Медресе Рахманқұли» атты оқу орындарышның маңызы зор болды. Сұлтанмахмұт осы оқу орындарының ішіндегі озығы саналатын Рахманқұли медресесіне түсіп оқиды.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. С.Торайғыровтың өлеңдерін оқу
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:
2. Өлеңдерінің мазмұнын ашу.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
25-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Адасқан өмір» поэмасы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: Ол- қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып, жалғастырушы суреткер. Ақын қаламынан туған көрнекті шығармалар: «Адасқан өмір» және «Кедей» поэмаларымен танысып, талдау жасау.
-
Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..
-
Дамыту: шығарманы талдай білуге, идеясын ашу, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
-
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.
-
Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.
-
Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.
-
Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.
-
Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.
-
Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.
-
Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.
-
Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001
-
Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.
1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990
2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.
3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.
4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.
5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы
2. «Бақытсыз Жамал» романына қандай оқиғалар арқау болған?
3. Ақынның юморлық, сатиралық қырлары қандай өлең дерінен көрініс тапқан?
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Достарыңызбен бөлісу: |