Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата24.01.2024
өлшемі367.35 Kb.
#489813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
аза тілі (о ыту аза тілінде) п нінен то санды жиынты ба ал

Барлығы 
40 
минут 
30 


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі 
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 
Тыңдалым мен айтылым 
Тапсырма  
1. 
Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті 
сөздерді тұрақты тіркестерді түртіп алып, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені 
анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, 
дәлелдеңіз.
2. 
Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп 
санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, 
пікіріңізді білдіріңіз. [10]
 
1-
мәтін 
Қазіргі кезеңде Күннің активтілігі күшейіп, Жер ғаламшарын қыздырып, жылынуын 
күшейтті. Егер аспанда бұлт жоқ болса, ауа тез қызып, аптап ыстық болады, бұл күннің 
активтілігінің күшеюінен болады. Ресей ғалымдары қазіргі кезеңдегі климаттың ғаламдық 
жылынуы табиғи процесс деп есептейді. Жер ғаламшарының солтүстік бөлігінде климаттың 
ылғалды-салқын фазасы 1978-1979 жылдары басталып, 2010-2011 жылдары аяқталды. Енді 
2012-
2013 жылдардан бастап климаттың жылы-құрғақ кезеңі басталып, ұзақ жылдарға 
созылады. Алатау етегінде орналасқан Алматы маңында 2013 жылы жаз ыстық, күз жылы, 
құрғақ болып, жауын-шашын қарашаның ортасына дейін аз мөлшерде жауды. Ең қатал, 
жауын-шашыны аз, жазы аптап ыстық, қуаңшылық жағдай 2018-2021 жылдары байқалуы 
мүмкін. Бұл жағдай 2026-2035 жылдарға дейін созылады, сосын кезең аяқталуы ықтимал. 
Аталған қуаңшылық жағдайлардың зиянды әсері Қазақстанда, әсіресе, шөл және шөлейт 
аймақтарында өте күшті болады деп күтілуде. Климаттың куаңшылыққа ұшырауы тұщы су 
тапшылығын туындатып, жазда өте күшті аптап ыстық болады, шөлейттену процесі күшейе 
түседі, орман өрті көбейеді. 
2-
мәтін 
Елбасының бастамасымен жасалған «Жасыл белдеу» Астана қаласы үшін қолайлы 
климат қалыптастырушы басты фактор саналады. Соның нәтижесінде, соңғы жылдары 
елорданың маңында бұрынғыдай боран мен дауыл байқалмайды. Бүгінде Астананы жағалай 
егілген орманда 38 түрлі ағаш өседі. Жыл өткен сайын жасыл белдеу түрленіп, құлпырып 
келеді. Біздің де мақсатымыз – маңында ну орманды орнатып, жасыл желек еткен Елбасы 
өнегесі мен идеясын жастар арқылы жүзеге асыру.
Бірақ мұны жүзеге асыру оңай емес, оған бүкіл халық, әсіресе, жастар жұмылуы 
керек. 2012-2013 жылы Қазақстандағы барлық мектепте 2,5 млн оқушы оқыды. Осы 
оқушылардың 45-50 пайызының әрқайсысы он-оннан ағашты өсімдіктер ексе, бір жылдың 
өзінде 20 млн түп арша, сондай мөлшерде емен, акация, үйеңкі ағаштары өсіріледі екен. Бұл 
процесс 40-45 жыл бойы үздіксіз жүргізілсе, елімізде ұзақ жыл өмір сүретін ағашты 
өсімдіктер орасан көлемде көбейеді. Демек, жастар осы игі шара арқылы өздері өмір сүретін 
экологиялық ортаны жақсартады. 
1-
мәтін 
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің 
тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық 
зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек 
басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың 
мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. 
Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің 
материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет 


ЖОБА 
үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, 
ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. 
Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке қарағанда 
бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтылғанның өзінде көшпелі қауымның бос 
уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға 
қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген 
дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау 
жүйесі қатты дамыды. Бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі 
өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды. 
2-
мәтін
Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің 
оң қанатынан табылған V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған 
тұмарда жазу болған. Ол оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқылған.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған 
дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды 
өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-
сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың 
тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан 
бастауы. 
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен 
еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге 
байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған. 
Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал 
жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым-
қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет