«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет2/12
Дата11.03.2024
өлшемі1.2 Mb.
#495022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
FRESHGRADUATES OSh SOCh Kazakhskiy yazyk i literatura T2 11kl

4. Ойлау дағдыларының деңгейі





Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары
ның деңгейі

Тапсырмалар сипаттамасы



Сұрақтар түрі



Тыңдалым

Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

  • мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтайды;

  • мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазады (конспектілеу) және берілген ақпараттарды жүйелейді;

  • оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді;

  • көркем шығарманы тыңдап, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасайды;

  • мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтайды;

  • көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдайды және салыстырады, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізеді.

Сәйкестендіруді және қысқа жауапты қажет ететін,
көп таңдауы бар сұрақтар

Оқылым



  • мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтап, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылайды;

  • ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, аннотация, үндеу, очерк, дәріс, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдайды;

  • әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға береді және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады;

  • ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, аннотация, очерк, үндеу, дәріс, баспасөз парағы) бойынша салыстырмалы (құрылымы, қызметі, мақсатты аудиториясы, оқырманға әсері) талдау жасайды;

  • қосымша ғылыми-анықтамалық ақпарат көздерінен алынған материалдар негізінде мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан талдау жасайды;

  • мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға береді, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізеді.

Оқылым негізінде қысқа жауапты, толық жауапты қажет ететін сұрақтар.
Сөйлемді перифраздауды қажет ететін тапсырмалар

Жазылым
және тілдік бағдар



  • ғылыми және публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, баспасөз парағы, аннотация, үндеу жазады;

  • қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе);

  • шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазады;

  • тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап, дереккөздерге сілтеме көрсетіп таныстырады (тірек-схема, менталды карта, презентация);

  • ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндерден басты лексикалық бірліктерді нақтылап, мәтіннің ақпараттық-маңызды фрагменттерін анықтап, (компрессия) жинақы мәтін құрастырады;

  • мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады, мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолданады;

  • ғылыми және кәсіби мәтіндер құрауда грамматикалық омонимдерді ажырата танып, ауызша және жазбаша дұрыс қолданады;

  • сын есім сөздердің синонимдік қатарын стильдік ерекшеліктеріне сәйкес қолданады;

  • мәтін құрауда сан есімнің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолданады;

  • мәтін құрауда есімдіктердің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолданады;

  • мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап,оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолданады;

  • мәтін құрауда үстеудің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай орынды қолданады;

  • мәтін құрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне сай орынды қолданады;

  • оқшау сөздердің қызметін біледі, жазба жұмыстарында орынды қолданады;

  • айқындауыш мүшелер (қосалқы, қосарлы, оңашаланған) жасалу жолдарын біледі, жазба жұмыстарында орынды қолданады.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым



  • ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдердің жасалу жолын анықтап, ауызша мәтін құрауда орынды қолданады;

  • ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, монологпен диалогті үйлестіре қолданады, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып,тыңдаушылармен қарым-қатынас орнатады;

  • сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады;

  • кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтап, олардың қолданылу мақсатын талдайды;

  • көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлейді;

  • әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдайды, негізгі үрдістерді анықтайды.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет