«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет5/12
Дата11.03.2024
өлшемі1.2 Mb.
#495022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
FRESHGRADUATES OSh SOCh Kazakhskiy yazyk i literatura T2 11kl

Барлығы

45

30

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым
Бай кедейге қарап байып жатыр. Ең бастысы, әлеуметтік жікшілдік ұлғайып барады. Осыдан үш жыл бұрын зерттеуші Тома Пикетти ауқымды жұмыс атқарды. Соның қорытындысына қарасақ, қандай жағдай орын алса да, бай байи береді, кедей кедейлене береді. Ал ғылыми түрде айтсақ, жылдар өтсе де, байлық аз ғана топтың иелігіне жиналады екен. Яғни үлкен топтардың байлығы азайып, белгілі бір адамдарға өтеді. Мысалы, 2006 жылдан бері бүкіл әлемде байлықтың 99%-ы белгілі 1% адамның қолында ғана деген мәлімет тараған. Демек байлардың байлығы азайып жатқаны заңдылық.
АҚШ-тың Вашингтон қаласында Петерсен әлемдік экономика институты іргелі зерттеулер жүргізіпті. Мұнда байлықтың қай тұстан молынан ағылуына байланысты елдерді дамыған және дамушы елдер деп екіге бөлген. Зерттеу нәтижесі бойынша байлық көзі жаңа өнім шығару және жаңа бизнес-жоба жасау арқылы пайда болған.
БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерреш: – Әлемде адамзатқа төніп тұрған жеті түрлі қауіп бар, – дейді. Біріншісі – ядролық қаруды пайдалану қатері, екіншісі – халықаралық терроризм, үшіншісі – қарулық кикілжіңдердің көбеюі, төртіншісі – климаттың өзгеруі, бесіншісі – қоғамды жікшілдікке бөлетін тепе-теңсіздіктің белең алуы. Алтыншы – инновацияның көлеңкелі тұстары. Жетінші – дағдарыстың салдарынан босқындар саны артып, оларды қабылдауға қарсы елдердің көбеюі. Еуропа елдеріне жол тартқан босқындарды жақтырып отырған ешкім жоқ. Алайда кейбір мемлекет жанашырлық танытып жатса, енді бірі елден аластатуға кіріскені белгілі. Сол жеті қауіптің ең қауіптісі – әлеуметтік теңсіздік. Бұл бүгін ғана пайда болған жоқ. Мысалы, кешегі заманда оңтүстік пен солтүстіктің мәселесі дегенді жиі естідік. Солтүстік дегеніміз – дамыған елдер. Оған АҚШ, Канада, Жапония, Ресей, т.б. алпауыт елдер кірді. Ал дамушы елдер оңтүстікте орналасқан. (233 сөз)

1. Т.Пикетти зерттеуі бойынша қандай қорытынды жасады?


А. байлар кедейлердің көмегімен баийды
В. ауқатты адамдардың байлығы арта береді
С. кенже дамыған елдерде босқындар саны жоғары
[1]

2. Босқындардың санының артуына себеп ........................


А. дағдарыс
В. климаттың өзгеруі
С. әлеуметтік теңсіздік
[1]

3. А.Гутеррештің айтуынша, қай қауіп өте қатерлі?


А. ядролық қару
В. әлеуметтік теңсіздік
С. халықаралық таңкестік
[1]

4-5. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.


А. Байлықтың негізі қалай құрылады?
_________________________________________________________________________[1]
Ә. Оңтүстік мәселесі қандай елдерге тән?
_________________________________________________________________________[1]


Оқылым
Атом станциялары құрылысы жөнінен ең қымбат нысан болып есептеледі. Атом электр станцияларының қызмет ету мерзімі орташа есеппен қырық жылға тең. Оны салуға жұмсалатын қаржыдан бөлек, шикізат – байытылған уран мен мерзімі өткеннен кейін пайдаланудан шығаруға кететін қаржы да ұшан-теңіз.
АЭС жанында өмір сүретін адамдардың арасында лейкамия (ақ қан), ісік ауруы жиі кездеседі деген жалған түсінік бар. Бұл аурумен Жердің кез келген нүктелерінде адамдар шамамен бірдей деңгейде ауырады. Ол АЭС-тің жаны болсын, табиғаты сұлу аймақ болсын, статистика бойынша бәрі бірдей. Көпшілігіміз оқығандай не теледидардан көргендей, біз жел мен толқын энергиясын экологиялық жағынан ең тазалары деп білеміз, бірақ бұл да – даулы сұрақ. Өйткені көбіне жел станциялары су қоймалардың жанына салынғандықтан, ол аймақтың экологиялық балансын едәуір бұзады. Олардың саны көп болған сайын табиғатқа келетін шығын да арта түседі. Ал АЭС-тің бір өзі өндіретін энергия көлеміне тең энергияны өндіру үшін жүздеген жел станциялары қажет болады екен. Кейбіреулер АЭС-қа отын ретінде пайдаланылатын уран жақын болашақта сарқылады дегенді айтады. Бұл – түбегейлі қате пікір. Себебі уранның Жердегі мөлшері алтыннан 600 есе көп. Бұл – шамамен 500 жылдық қор деген сөз. Ол біткен күннің өзінде ғалымдар торий элементін химиялық өңдеуден өткізіп, одан оп-оңай уран ала алады. Ал торийдің қоры ураннан үш есеге дейін мол екенін айта кетейік. Атом энергиясының бағасы жөнінде көпшілік арасында әртүрлі ой бар. Бұл энергияның 10 пайызын ғана уранның бағасы құрайды. Оған әлемдік нарықтағы қойылған баға да мұнай мен газға қарағанда әлдеқайда тұрақты. (224 сөз)

6. Мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды белгілеңіз.



Ақпараттар

Шын

Жалған

А. АЭС жарты ғасырға жуық жұмыс жасайды.







В. Жел станциялары экологиялық тепе-теңдікті өзгеруіне әсер етеді .







С.Жердегі уран қоры алтыннан аз.







Д. Торийден уран алуға болады.







[3]
7. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз



[1]
8. Мәтіннің жанрын анықтаңыз


[1]

9. Мәтіннен жанрға сай тілдік ерекшеліктеріне 3 дәлел келтіріңіз



1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел








[3]

10. Қазақстандағы атом энергетикасын дамытуға қатысты көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен жеткізіңіз.


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
Жазылым
Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Сөз көлемі: 150-180. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз.
[10]



  1. Мұнай өндірісінің экологияға әсері туралы эссе жазыңыз. Жазба жұмысында шылаулар мен оқшау сөздерді орынды қолданыңыз.




  1. Жергілікті газет бетіне жастарға арнап «Әдебиет – тіл өнері» деген тақырыпта мақала жазыңыз. Жазба жұмысында шылаулар мен оқшау сөздерді орынды қолданыңыз.



Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке қатысыңыз. Өз пікіріңізді білдіруде тақырыпқа қатысты күрделі сөздер мен термин сөздерді және сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданыңыз.



  1. Әлеуметтік теңсіздік мәселесі

  2. Мұнай өнеркәсібінің Қазақстан экономикасындағы рөлі

  3. Әдебиет – ұлттың жаны

[5]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет