«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымның мүшесі атанды. Елімізде туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді. Олар: этнотуризм, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәдени-танымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, т.б.
Этнотуризм – Қазақстанның бай тарихи өткені мен қазақ халқының ерекше мәдениетін насихаттау арқылы шетелдіктерді тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында болмасын жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады.
Қазақстан – тау туризмі үшін қолайлы ел. Мұнда бұл салада барлық жағдай жасалған деуге болады. Қазақстан бойынша турлар белсенді демалысты, табиғатқа саяхатты, қарлы тау шыңдарына шығу, сондай-ақ жолай жұмбаққа толы үңгірлер мен көгілдір терең сулы көлдерді зерттеуді қамтиды.
Қазақстанда емдік-сауықтыру туризмін де дамытуға болады. Себебі еліміз тек қана емдік-табиғи ресурстарға ғана бай емес, сонымен бірге табиғи өңірлерде орналасқан заманауи шипажайларымен де танымал. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралған, сондықтан сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделумен қатар демала да аласыз. Емдік курорттар түрлі ауруларға ем болатын минералды су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады.
Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер бар екен. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасы объектілері ЮНЕСКО-ның әлемдік маңызы бар ескерткіштері болып танылады және осы ұйымның қорғауында. Сонымен қатар мәдени құндылықтардың 2 миллионнан астам бірліктері қазіргі Қазақстан жерінің тұрмыстық мәдениетінің дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.
Ер адамдар әусе болып келетін ермектердің бірі – аң аулау мен балық аулау. Бұл адам мен табиғат арасындағы мәдени байланыстың бір бөлігі сияқты. Нағыз аңшы жануарлар әлемі мен оны белсенді қорғау туралы ақпаратқа әрқашан қызығушылық танытады. Сол секілді балық аулау да жақсы демалыс. Балық аулағанда адам күнделікті тұрмыс-тіршіліктен бір сәтке босап, сергек күйді сезінеді. (259 сөз)
Мәтін мазмұны бойынша екі бағандағы ақпараттарды сәйкестендіріңіз.
Ақпарат
|
Ақпарат
|
Сәйкестендіру бағаны
|
1. Этнотуризм
|
А. Еліміздің барлық аймақтарында кең таралып, денсаулықты нығайтады.
|
1-
|
2. Тау туризмі
|
В.Құпияға толы тау үңгірлері мен биік тауларды бағындырады.
|
2-
|
3. Емдік-сауықтыру туризмі
|
С. Ер адамдарға арналған туризм түрі.
|
3-
|
4. Мәдени-танымдық туризм
|
Д. Қазақ халқының әдет-ғұрпымен, тұрмысымен танысады.
|
4-
|
5. Аң аулау мен балық аулау туризмі
|
Е. Тарихи жәдігерлер сақталған аймақтарға саяхат жасайды.
|
5-
|
[1]
2. Жабайы табиғат аясындағы белсенді тынығу қай туризмге тән?
А. мәдени-танымдық туризм
В. емдік-сауықтыру туризмі
С. тау туризмі
Д. этнотуризм
[1]
3. Мәдени құндылықтар несімен маңызды?
А. ЮНЕСКО ұйымы қорғауға алғандықтан
В. түрлі емдеу қызметтерін ұсынатындықтан
С. мәдени құндылықтар санының көптігінен
Д. ел мәдениетінің дамуын сипайттайтындықтан
[1]
4-5.
А. Қазақстанда туризм түрлерін дамытудың қандай мүмкіндіктері бар?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
В. Нағыз аңшылардың қызығушылығы не?
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
[1]
Оқылым
Әлемде түрлі ұйымдардың әйелдердің құқығын қорғау мақсатында талпыныс жасап жатқанымен, көптеген елдерде әлі күнге дейін олардың құқықтарына қатысты қол сұғушылық, әділетсіздік пен кемсітушілік орын алуда.
БҰҰ-ның бағдарламаларын орындаушылардың әлем елдеріндегі әйелдердің сауаттылығына қатысты деректеріне сай, дамушы елдерде әйелдер арасындағы сауатсыздықтың жоғарғы көрсеткіші мен оларға қатысты кемсітушілік көп қиындық тудырып отыр. Мысалы, Мали елінде әйел адамдардың тек 25 пайызы ғана сауатты, ал ерлер арасындағы сауатталық деңгейі – 43 пайыз. Чад елінде сауатты әйелдер мен ерлердің үлесі сәйкесінше 28 және 47 пайызды құрайды. Чадта бастауыш мектепті бітірген қыз балалардың тек 55 пайызы ғана орта мектепке бару үшін тіркеледі. Чадтан кейін Кот-д’Ивуар, Пәкістан мен Йемен елдері де қыз балалардың бастауыш мектептен орта мектепке өту алаңында гендерлік теңсіздікке тап болып отыр. Жоғары білім алумен қатар, сауаттылық та осы елдердегі оқу-білімнің ең маңызды бөлімдері ретінде әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздіктің құрбаны болуда. Тіпті дамыған елдерде де білім алу және жоғарғы оқуға түсуде әйелдердің ер адамдарға қарағанда озық болуына қарамастан, қызметке алу мәселесі көтерілген кезде әйелдер теңсіздікпен бетпе-бет келеді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметіне сәйкес көптеген елдерде әйелдер ерлермен бірдей дипломға ие болғанымен, кеңселерге қызметке алынбайды. Бұл елдердің барлығында кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлердің 80 пайызын ерлер құрайды. Гендерлік теңдік тұрғысынан жағдайы нашар саналатын елдерде ерлер әйелдерге қарағанда кем дегенде үш есе көбірек жұмыс күші ретінде қызмет етуде. Сонымен қатар осы елдердегі жұмыс істейтін әйелдердің басым бөлігі ерлерге қарағанда айтарлықтай мөлшерде төмен жалақы алады. Мысалы, Ливанда ерлер жылына 26 мың доллардан астам табыс тапса, әйелдердің бір жылдық жалақысы тек 7106 долларды құрайды. (243 сөз)
6. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз.
а. қабылданбайды-____________________
в. ахуал-___________________
[2]
7. Мәтіннен берілген сөздердің антонимін табыңыз.
а. теңдік-___________________
в. жоғары-___________________
[2]
8-9. Сөйлемдерді берілген сөзден бастап, мағынасын сақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз.
А. Чадта бастауыш мектепті бітірген қыз балалардың тек 55 пайызы ғана орта мектепке бару үшін тіркеледі.
Орта мектепке______________________________________________________________
[1]
В. Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметіне сәйкес, көптеген елдерде әйелдер ерлермен бірдей дипломға ие болғанымен, кеңселерге қызметке алынбайды.
Көптеген__________________________________________________________________
[1]
10. Мәтінді берілген аспектілер бойынша талдаңыз (әр аспект үшін 1 балл беріледі).
Талдау аспектілері
|
Дәлелдеме
|
Мақсатты аудиториясы
|
|
Детальді ақпарат
|
|
Оқырманға әсері
|
|
Автор позициясы
|
|
[4]
Жазылым
Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Сөз көлемі: 150-180. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз.
[10]
Қазақстанда туризмнің барлық түрлерін дамытуға мүмкіндік бар болғанымен, бұл саланың дамымауының себебі неде? Ойыңызды дискуссивті эссе түрінде жеткізіңіз. Жазба жұмысында шылауларды орынды қолданыңыз.
Қазіргі жастардың бойында елжандылық қасиеті төмен деген пікірмен келісесіз бе? Ойыңызды аргументативті эссе түрінде жеткізіңіз. Жазба жұмысында шылауларды орынды қолданыңыз.
Ер мен әйелдің тең болуы қаншалықты дұрыс? Ойыңызды дискуссивті эссе түрінде жеткізіңіз. Жазба жұмысында шылауларды орынды қолданыңыз.
Айтылым
Кесет-сызбалардағы сандық деректердің салыстыру арқылы қолданылу мақсатын талдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |