Тапсырма
1. Мәтінді оқып, оның мазмұны бойынша төрт сұрақ құрастырыңыз.
Қазақстандағы туризм жаңа бағытқа бет бұрды
2015 жылы елімізге келетін шетелдік туристер ағыны 3%-ға қысқарғанымен, 2016 жылы шетелдік қонақтар саны 4%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы жазады.
2016 жылдың 6 айында Қазақстанға туристік және іскерлік мақсатта 323 мың адам келген. Бұған әлемдік туризмдегі тенденциялардың өзгеруі себеп. Негізгі өсім драйвері – Азия-Тынық мұхит аймағы, бір жыл ішінде бұл жердегі халықаралық туристер саны 9%-ға артқан.
Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемі
Туристер ағынының көбеюі қазақстандық туристік нарықтағы табыстың ұлғаюына да себеп болды. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, жылдық өсім 50%-ды құрады. 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында туристік нарықтағы кәсіпорындары 15,4 млрд теңге табыс тапты.
Қазақстандағы туристік фирмалар табысы
Әсіресе, қытайлық туристер арасында белсенділік байқалып отыр. Олар 2016 жылы шетелдік туризмдегі шығындарын 20%-ға арттырған. Сондай-ақ, көрші Ресейден, Түркия және басқа елдерден үлкен туристер ағыны келеді деп болжануда.
Сұрақтар:
____________________________________________________________________?
____________________________________________________________________?
____________________________________________________________________?
____________________________________________________________________?
2. Мәтін ақпаратын негізге ала отырып, «Қазақстанда туризм дамып келеді» тақырыбында өз ойыңызды дәлелдей отырып, аргументативті эссе жазыңыз..
|