19
сын айтқан. Арада жылдар өтіп, Эйфель мұнарасы адамдардың жүрегін
жаулап алды және
оны қазір барлығы біледі. Сондықтан барлығына уақыт қажет сияқты. Меніңше, Астанадағы
«Нұр Әлем» сферасы да танымал ғимарат атануы әбден мүмкін. Қалай болғанда да ол
Астананың, Қазақстанның символына айналары хақ. Бірақ айттым ғой, бұл үшін
уақыт
қажет.
1-мәтін
Адам құқықтары мен бостандықтары – жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап,
халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан
қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым
сала алмайтын құқықтары мен
бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен
іс-әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі
принциптері адам құқықтары мен бостандықтарына жатады.
Адамзат қоғамында бұл
мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи"
және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты
құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда адам құқықтары мен бостандықтары жасалған
қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді.
Қағидалардың ең маңыздылары
ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең
құқықтарының болуын, халық биліктің
негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын,
биліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына
қарай адам құқықтары мен бостандықтары азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және
мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас
Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында баяндалған.
Достарыңызбен бөлісу: