«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата19.05.2024
өлшемі0.54 Mb.
#501473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
TZhB 1178 azaz tili 9

 
2-мәтін 
Қадірлі халқым! 
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. 
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып 
орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, 
ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. 
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі 
талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, 
ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге 
халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – 
Мәңгілік Ел ордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік 
болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, 
Қазақ Елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» 
Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру 
әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен 
тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын 


10 
құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып 
кеткен елдер қаншама. 
«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы 
жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! 
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай 
берсін Елдігіміз Мәңгілік!
 
1-мәтін 
Қазіргі уақытта нарықтық экономика негізінде әлемдік экономикалық жаһандану үрдісі 
кең етек жайып келе жатыр. Бұның басты себебі – көптеген интеграциялық бірлестіктердің 
пайда болуы, ұлттық экономиканың тікелей бір-біріне тәуелділігі, экспортқа және импортқа 
деген тәуелділіктің өсуі, нарықтық қарым-қатынастардың баға белгілеуі, трансұлттық 
компаниялардың беделінің өсуі, мемлекеттің экономикаға араласуының шектелуі, әлемдік 
қаржылық ұйымдардың беделінің өсуі сияқты белгілердің пайда болуы.
Әлемдік жаһандану терминін ең алғаш рет 1983 жылы американ ғалымы Теодор Левит 
енгізген болатын. Ол ең алғаш рет «Гарвард Бизнес Ревю» журналындағы «Нарықтардың 
жаһандануы» атты мақаласында осы мәселе жайлы жазып кеткен. Қазіргі уақытта жаһандану 
терминіне берілетін түсініктемелер өте көп. Жалпы, жаһандану – капиталдың, еңбек 
ресурстарының, тауарлардың бірігуі, сонымен қатар, компания, концерндердің және 
корпорациялардың іріленіп, әлемде таралуын айтамыз. Қазіргі уақытта әлемдік 
экономикалық жаһандануға тән өзіндік сипаттар бар. Олар: әлемдік сауда-экономикалық 
одақтар мен бірлестіктердің пайда болуы, халықаралық және жаһандық валютаның пайда 
болуы, қаржы нарықтарының қызмет етуі, трансұлттық компаниялардың іріленуі, банктік, 
саудалық және кез келген қаржылық операциялардың жаһандық желілер арқылы қызмет 
жасауы. Өз кезегімде, әлеуметтік еңбек саласын, еңбек нарығындағы тұрақсыз жұмыс 
мәселесін зерттеуді жөн көрдім. Еңбек ету мемлекеттегі қоғамның айнымас бір бөлігі 
болғандықтан, экономикалық даму, макроэкономикалық тұрақтылық, адами потенциалдың 
қалыптасуы мен дамуы, адамдардың өмір сүру сапасының өсуі, осының бәрі еңбек етумен 
байланыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет