«Қазақ тілі» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата09.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#464417
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
1 ¦Ю¦и ¦б¦Ю¦з ¦Ъ¦-¦¬¦-TЕTБ¦¦¦¬¦¦ TП¦¬TЛ¦¦ ¦в1 10¦¦¦¬ ¦Х¦Ь¦Э

 
Оқылым
Тапсырма 
5- тарау. Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма 
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап бер.
[10] 
Сазгерлер өз өнер шығармаларын тудыруда 7-ақ нота қолданады. Саз өнері көгінде 
Бах, Шопен, Штраус, Чайковский, Құрманғазы, Нұрғиса, Шәмші сынды ұлы тұлғалар 
туған. Сәулет өнерінде ертеден келе жатқан 1-ақ нота бар. Ол – кірпіш (кірпіш модулі). 
«Сәулет өнері туралы он кітап» атты әлемге әйгілі трактат жазып кеткен римдік сәулетші 
әрі инженер Витрувий сонау антикалық дәуірде-ақ жақсы сәулет туындысының үш 
критерийін анықтаған. Олар: 1. Пайда. 2. Беріктік. 3. Әсемдік. Сәулетші өткенді еске 
алып, бүгінгіні жіті бағдарлай отырып, осы өнердің келешектегі Витрувий айтқан 
критерийін қамти алса ғана оның туындысы – архитектура, олай болмаса, онда ол – 
халтура. Мұның өлшемі – уақыт. Жақсы объекті – мың жылдық. Нашар объекті – бір 
жылдық. Бұл биік талғам-талапты сергек сезініп, оны өмірде жүзеге асыра білген маман 
ғана кәсіби сәулетші ретінде мойындалады.
Қалдыбай Монтахаев – Орталық Азияда КСРО халық сәулетшісі атағын алған 
жалғыз маман. Онымен үзеңгілес жүріп, кеңестік сәулет өнері саласында күш-жігерлерін 
шыңдаған ірі сәулетшілер өздерінен кейін қосылған Қалдыбайдың дарындылығын 
мойындады. Сол кәсіби сәулетшілердің ішінен өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының 
бас кезінде жоғарғы оқу орнын бітіре салысымен, талай байқауларда оза шауып көзге 
түскен жас сәулетші Қалдыбай Монтахаев қазақ сәулет өнерінің құлагері атанды. 
Қалдыбай туралы Халықаралық Сәулетшілер одағының президенті Василис Сгутас: «Сіз 
және сіздің қазіргі заманғы сәулет өнерінің дамуына қосқан орасан үлесіңіздің арқасында 
бүгінде Қазақстанның сәулетшілерін бүкіл әлем біледі», - деді.
Өнерден өз өрісін тапқан қарымды да алымды сәулетшінің еңбегі өзіне лайықты 
бағасын тапты. 
(218 сөз)
Әбдісағит ТӘТІҒҰЛОВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Ұлттық 
инженерлік академиясының және Халықаралық сәулет академиясының (Мәскеу) 
академигі 


 
34 
1. Мәтінге сәйкес келетін тақырыпты көрсет.
А.
Қазақстанның сәулетшілері
В. Сәулет өнері туралы он кітап
С.
сәулет өнерінің үш критерийі
D. қазақ сәулет өнерінің құлагері
[1] 
2. Мәтінде негізгі ақпарат қызметін атқарып тұрған детальді тап. 
А. сәулетші
В. объект 
С. кірпіш 
D. нота 
[1] 
3. Мәтіннің әр абзацында айтылған ойдың қызметін анықтап жаз. 
1-абзацта ____________________________________________________________ 
2-абзацта ____________________________________________________________ 
3-абзацта ____________________________________________________________ 
[3] 
4. Автордың Қалдыбай Монтахаев туралы жазудағы мақсаты не? Пікіріңді 2-3 сөйлеммен 
жаз. 
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________ [2] 
5. Мәтіннен жанрлық ерекшелігін танытатын белгілерді тауып талдап жаз (3-4 сөйлем).
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________ [3] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет