«Қазақ тілі» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы



Pdf көрінісі
бет22/25
Дата09.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#464417
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
1 ¦Ю¦и ¦б¦Ю¦з ¦Ъ¦-¦¬¦-TЕTБ¦¦¦¬¦¦ TП¦¬TЛ¦¦ ¦в1 10¦¦¦¬ ¦Х¦Ь¦Э

 
 
2-мәтін 
Орта Азиядағы ерекше ғасырлардағы гүлденген өркениеттің, қала салу мәдениетінің 
игі дәстүрінің бірі – әйгілі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. 1396 жылы жарты әлемді 
жаулаған сайыпқыран Әмір Темірдің ықпалымен бой көтерген бұл алып ғимарат – Орта 
Азиядағы түркі халықтарының, соның ішінде қазақтың дәстүрлі сәулет өнерінің 
қайталанбас туындысы. Аңыз бойынша кесенені жобалауға қаһарлы әмірші Ақсақ 
Темірдің тікелей өзі қатысып, негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді. Қожа Ахмет Яссауи 
кесенесі – үлкен порталды-күмбезді, күрделі мемориалдық құрылыс. Жергілікті халықтың 
сәулет өнері тұрғысындағы дәстүрлерін жете меңгерген парсы шеберлерінің сызба 
жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Ғажайып сәулет өнері туындысы ретінде жеті 


 
33 
ғасыр бойы Арыс бойында салтанатпен асқақтап тұрған кесене оңтүстік-шығыстан 
солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Сәулетшілердің айтуынша, кесене жобасының 
ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу 
тәсілдері қолданылғандығында. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – қайталанбас өнер 
туындысы. Оған әр кезеңде бірнеше рет жөндеу жұмыстарының жүргізілгенін білеміз. 
Орта ғасырлық сәулетші жобалаушылар ғимараттың осыншама ғасыр мызғымай тұруы 
үшін ерекше тәсілдерді қолданғандығы туралы айтылады.
Алтынорда – Қазақ хандығының тікелей бастауында тұрған мемлекет. 
Алтынорданың тарихында Жайық бойындағы астана қала Сарайшықтың алатын орны 
ерекше. Қазақ даласындағы сәулет ескерткіштерінің бейберекет тоналып, кейінгі заманда 
салынған ғимараттар үшін әдейі құрылыс материалдары ретінде бұзып тасылғаны 
жайында деректер аз айтылмайды. Сарайшық қаласы бұған айқын мысал бола алады.
Иә, бір кездері құдіретті хандықтың астанасы болған сән-салтанаты келіскен 
Сарайшықтың басынан бағы ұшқан заманда қала орталығының ғимараттары аяусыз талан-
таражға түскен. (214 сөз)
https://e-history.kz/kz/news/show/33040/
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет