«Қазақ тілі» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы



Pdf көрінісі
бет17/25
Дата09.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#464417
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
1 ¦Ю¦и ¦б¦Ю¦з ¦Ъ¦-¦¬¦-TЕTБ¦¦¦¬¦¦ TП¦¬TЛ¦¦ ¦в1 10¦¦¦¬ ¦Х¦Ь¦Э

Тапсырма
1. Мәтінді басшылыққа ала отырып, көпшілік алдында сөз сөйле. Ол үшін мәтінді мұқият 
оқып шық. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды, тақырыпқа қатысты қажетті сөздер мен 
тіркестерін мазмұндауда қолдан. Өз көзқарасыңды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар 
арқылы дамытып, дәлелде.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырыс. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 
сұрақ қой. Жұбыңның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңді 
білдір. 
[10]
1-мәтін 
Өмірді сақтандыру еуропалық және американдық кез келген отбасы шығындарының 
міндетті бөлігі болып саналады. Қазақстанда бұл «мәдениет» қалыптаспаған. Біздің елдің 
қарапайым тұрғындары күнделікті тірлікті жеке өмірінен жоғары қойса, ауқаттылар ғана 
өз өмірін сақтандырады. Жалпы қарапайым халық өмірді сақтандыру туралы, оның 
тиімділігі туралы біле бермейді деуге болады. Содан да болар, соңғы жылдары елімізде 
сақтандыру компаниялары тарапынан түсіндіру жұмыстары жанданған. «Халық Life» АҚ 
басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова: «Біздің елде адамның өмірін сақтандыру 
міндетті қызметке жатпайды, ерікті түрде орындалады. Шетелде адамның өмірін 
сақтандыру міндетті, әрі ол заң жүзінде орындалады. Ал бізде ол ерікті, яғни кез келген 
адам өз өмірін өзінің қалауынша сақтандырады. Біздің компанияның нарықтағы қызметіне 
17 жыл болды. Бірақ, соған қарамастан қазірдің өзінде біздің елде өмірді ерікті 
сақтандыру саласы әлі де даму үстінде. Бүкіл әлемді жаулаған коронавирустық инфекция 
қазақстандықтарға өз өмірін, денсаулығын ойлауға мәжбүрледі десек артық болмас», - 
дейді.
Дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. 
Қорлардың көлемі мен қаражат орналастырылатын мерзімдер сақтандыру компанияларын 
қуатты қаржылық несие беретін институттарға айналдырады. Өз іс-әрекеті арқылы олар 
үлкен қаржылық күшті өз қолына шоғырландырады. Сондықтан, елде сақтандыру саласын 
дамыту қажет екені және оның болашағы зор екені анық. 
(181 сөз)
https://www.azattyq-ruhy.kz
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет