«Қазақ тілі стилистикасы және сөд мәдениеті» пән бойынша емтихан сұрақтары



бет3/4
Дата09.05.2024
өлшемі30.06 Kb.
#500773
1   2   3   4
Қазақ тілінің стилистикасы және сөз мәдениеті. Емтихан (2)

О рахымды Англия!
О рахымды лейтенанат, о, мырзалар!
Кешіріңіз, қымбатты мырзам.
Құп келіпсіз, синьор Гортензио.
Жұдырық, сен тамаша күштісің-ау!
12 Мәтін қай стильге тән? Ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге жер-су, ру-тайпа, ел-жұрт, халық, ұлт аттары, кісі есімдері мен фамилиялары, жан-жануарлардың аттары, астрономиялық атаулар жатады.
13 Қазіргі қазақ газетінен очерк жанрында жазылған шығарманың тіліне талдау жасап, баға беріңіз.
«О, кей!»
«Қайран» капитализм, қайдасың? Жетпіс жыл бойы «құлағыңды тазалап» текке тыраштаныппыз ғой?!» деп дауыс салып, қасқа жолға қалқиып шығып, тұп-тура тартып бара жатқан біздің Қазақстанда не көп десең, уа, көп нәрсе көп! Парламентімізде ілгерілі-кейінді қаралуы да мүмкін, қаралмай қалуы да мүмкін мәселелердің тоқсан тоғыз түйінді тізіміне үңіліп отырып айтар болсақ, мысалы, бізде мыналар көп: жұмыссыз, ауру, баспанасыз, ала дорба және т.б.
14. Мәтін қай стильге жатады. Автор қандай стилистикалық тапсырма орындағысы келеді.
Телевизия – бүгінгінің тәрбиешісі. Қазір тірі жаннан гөрі, техникадан тәлім-тәрбие алатын болдық. Содан болар, бойымызды қатыгездік, немқұрайлылық жаулап барады. Жан біткеннің бойында жылылық сезімін оятып, ізгілікке игі істерге баулитын «Жан жылуы» сынды бағдарламалар бүгінгі қоғамға қажет-ақ. Ұлтты тек атыс-шабысы мол фильмнен немесе жарқ-жұрқ еткен шоумен емес, қайырымдылық бағдарламаларымен де тәрбиелеген жөн. Үміттерді арқалаған «Жан жылуы» талай жанның жүрегіне жетер көпірге айналса, ол ұлттың арнаның, бағдарлама ұжымының үлкен жеңісі һәм жемісі.
15 Мәтін қай стильге тән?
Шеберлік ұғымның аясы кең. Шеберлік тілдік, стильдік тұрғыдан ғана көрінбейді, ол жазушының күллі көркем ойлау жүйесінен, қаламгердің өзінің идеялық мақсатын іске асыру барысында қолданған сан-сала көркемдік амал-тәсілдерден де аңғарылмақ.
16. Берілген мәтіндегі сөз қолданысындағы қателіктерді табыңыз, өңдеу жұмыстарын жүргізіңіз. «Үстіміздегі жыл», «ағымдағы жыл» ,«айтпақшы, ағымдағы жылы мен осындай бір іс жасағалы жатырмын» «қателікке бой алдырды», «көп ізденуге бой алдырды» «14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы», «Айғанымның қызы домбырада жақсы ойнайды».
І7. Ақылы бөлімге тапсыратын талапкерлер үшін: ақылы бөлімге медициналық мамандықтарға 60 балдан жоғары балл жинаған талапкерлер ғана қабылданады (ҚР Білім және Ғылым министрлігінің №353 бұйрығы 7 маусым 2005 ж.).
ІІ. Бірінші взнос 30% жалпы оқуға төленетін ақының 20шы тамызға дейін 2005 ж. Төленуі керек. Ақыны төлегеннен кейін міндетті түрде қабылдау комиссиясына квитанцияңызды көрсетіңіз, студенттер қатарына қабылдауға бұйрық шығару үшін.
18. Мәтін қай стильге жатады? Тіліне тән тілдік-стильдік, композициялық ерекшелікті табыңыз.
Поль Гоген... ХІХ ғасырдың бейнелеу өнері тарихында жеке тағдыры мен творчествосы дәл осындай қоян-қолтық қабысқан, дәл осындай бөле-жарып айтуға келмейтін сипатта көрініс беретін суретшіні табу қиын-ақ. Оның күрделі өмір-баяны жайлы сөз еткенде, тосын сырлы творяествосы, жарқын бояулы туындылары жайлы сөз еткенде, қиын тағдырлы өмірбаянны қадау-қадау күйде қосқабат алға тартылады.
19. Мәтін қай стильге тән?
Қоғам – табиғаттың құрамдас бөлігі. Сонымен бірге табиғатпен тепе-тең нәрсе ретінде қарауға болмайтынын да ескеру қажет: бірінші жағдайда «табиғат» ұғымын шегіне жеткен аса кең мағынада алып, адамның ой-санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүретін объективтік шындықты, бүкіл дүниені білдіру тұрғысында қолданамыз.
20. Қай стильге жатады? Дипломатиялық құжаттар тіліне сипаттама бер.
Достық және стратегиялық әріптестікті нығайту, аймақтағы бейбітшілік тұрақтылықты орнықтыру, экономикалық ынтымақтастықты тереңдету арқылы тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың деңгейі олардың пәрменді дамып келе жатқан нарықтық экономикалық әлеуеті мен мүмкіндіктеріне толық жауап беру үшін Қазақстан республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастар және стратегиялық әріптестік туралы Декларацияға қол қойылды.
21. Мәтін тілінің лексикалық, грамматикалық қабатын, мазмұнының берілу ерекшелігін анықтаңыз.
Симфониялық оркестр. Симфониялық оркестр – құрамына енетін аспаптарда ойнаушы – музыканттардан тұратын құрылған үлкен топ. Симфониялық оркестрге үрлемелі, шекті, ұрып ойнайтын аспаптардың көптеген түрі енеді. Оларға скрипка, виолончель, контрабас, арфа, флейта, гобой, кларнет, фагот, валторна, труба, тромбон, литавра, барабанның түрлері, тәрелкі, қоңырау, үшбұрыш, ксилофон тағы басқа аспаптар жатады. Симфониялық оркестрдің толық құрамы 50-70 адамнан тұрады.
22. Мәтін қай стилистикалық категорияға жатады?
Лондон мешітінің бас имамы Мирза Тахир Ахмад дүниеден озғалы он жыл өтті. Мен ол кісінің жазған кітаптарының бәрін оқыдым. Өлерінің алдында жазған «Ислам отвечает на вопросы совремменности»кітабынан «Аманат»журналынан да басқанмын. Бабур бабамыздың ұрпағы осал аадам бола ма екен?
23. Мәтін қай стильге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет