«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Стилистиканың басқа ғылымдармен байланысын нақты мысалдармен талдау жүргізіңіз



бет3/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

4. Стилистиканың басқа ғылымдармен байланысын нақты мысалдармен талдау жүргізіңіз.
Лексикология және стилистика . Лексикология сөздердің шығу тегін , сөз құрамын , оның баю жолдарын қарастыра , стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын , сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдаланылу принциптерін зерттейді .
Семасиология және стилистика . Семасиология тiлiмiздегі бейнелегіш тәсілдердің мағынасын , онын өзгеру заңдылықтарын зерттейтін ғылым . Семасиологиялык стилистиканың міндеті - тiлiмiздегі бейнелегіш құрамдарды топтастырып , олардың стильдiк қызметiн , қолданылу заңдылықтарын көрсету .
Грамматика және стилистика . Стилистика грамматиканы да өзінің зерттеу нысаны ете алады . Ол грамматикалық құбылыстарға стильдiк талдау жасайды . Бірақ грамматикалық талдау мен стильдiк талдау тәсілдерi бiр емес . 1. Морфология сөздердiң тұлғалық көрiнiсiн және грамматикалық мағынасын , яғни сөздердің құрылысын , өзгерiлуiн және құрамын талдап топтастырады . Стилистика ойды мәнерлі ( выразительно ) жеткiзу үшiн морфологиялық формаларды ( тұлғаларды ) қандай жағдайда қалай қолдануға болатындығын қарастырады . Яғни морфологиялык тұлғадағы сөздердің , олардың варианттарының( синонимдерiнiң ) iшiнен сөйлеу не жазу арқылы жеткiзiлетiн ойдың эмоциональды - экспрессивті реңін бiлдiре алатындарын сұрыптап қолдану принциптерiн зерттейді
2. Синтаксис сөйлемнің құрылысын , сөздердің тіркесу заңдылықтарын қарастырады . Ал ойды білдіретін сөйлемдердiң айтылуына , қолдану тәсiлiне карай әр түрлі реңдері болады . Ол қосымша мағыналар көбінесе сөздердің орын тәртібі мен сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі . Ойды мәнерлі жеткізуде синтаксистік бұл тәсiлдердiң маңызы зор . Стилистика синтаксистік құралдардын мәнерлiлiгiн , оны дұрыс пайдалану зандылыктарын зерттейді .
Фонетика және стилистика . Фонетика тілдегі дыбыстардың жасалуын , жүйеленуiн зерттесе , стилистика дыбыстарды , оларға тән белгi , интонация , қайталау , дыбыс үйлесімділігі сияқты фонетикалық ерекшелiктердi белгiлi мақсатқа икемдеп , қайткенде де мәнерлi құрал ретінде пайдалану жағын көздейді . Стилистика фонетикалык единицалардың мәнерлi қолдану заңдылықтарын зерттейді .
Бiз бұл салыстырудан тіл білімінің әр саласынын зерттеу объектілері де , мақсаттары да бiр - бiрiнен өзгеше екенiн байқаймыз . Сөйтіп фонетика , грамматика , семасиология тiлдiң құрылысын қарастыра , стилистика тiлдiк единицалардың қолданылу заңдылықтарын зерттейді . Стилистика жалпы халық тiлiнiн стильдік жүйелерiн , жалпы халықтық тiлдiн ауызекi және жазба түрлері , олардың өздеріне тән ерекшеліктері , әдеби тілдің стильдерін тегiс қамтиды . Сөйтіп стилистика тiлдiк единицалардын мәнерлегіштік мүмкіншіліктері мен олардың қандай формада және стильдің қай түрінде қалай қолданылатыны туралы мәселелерді қарастырады.(Қазақ тілінің стилистикасы.Балақаев.М. 9-10 беттер)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет