«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Стилистикалық категориялар мен ұғымдардың ғылыми мәніне функционалды стильдерге тән сипаттама беріңіз



бет2/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

3. Стилистикалық категориялар мен ұғымдардың ғылыми мәніне функционалды стильдерге тән сипаттама беріңіз.
Стилистика ғылымының мазмұнын құрайтын, өзіндік ерекшілігін айқындайтын басты ұғымдары мен категориялары болады. Мысалы, стиль, функционалды стиль, стильдік белгі, стилистикалық бояу, стилистикалық құралдар, стиль жүйе-лілігі, стилистикалық мағына, стилистикалық коннотация, стилистикалық норма, стилистикалық қате, стиль құраушы факторлар (лингвистикалық және экстралингвистикалық) т.б. Бұлардың ішінде стилистикалық бояу, стилистикалық құралдар, стилистикалық мағына бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар.
Стиль – стилистиканың негізгі категориясы. Стиль – латынша stylos – жазу құралы. Ертеде Римде, Грекияда стиль осы жазу құралының атауы ретінде танылған. Одан бергіде Еуропа елдерінде шешендік өнер ұғымының синонимі ретінде жұмсалған.
Шешендік өнердің атауы қызметінде риторика сөзі қол- данысқа түскеннен кейін, стиль басқа мағыналарға ие болған. Дәлірек айтқанда, стиль сөзі даралықты, өзіндік ерекшелікті танытады. «Стиль – тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне бай- ланысты жіктелетін әдеби тілдің функционалдық түрі»12. Таза лингвистикалық мағынасындағы стиль дегеніміз – белгілі бір қарым-қатынас аясына, мақсатына орай, ойдың мазмұнына бай- ланысты іріктелетін, тарихи жағынан қалыптасқан тілдік құрал- дардың жиынтығы.
Бүгінгі таңда стилистика ғылымының теориялық әрі прак- тикалық маңыздылығы артып, функционалды стильдерінің қо- ғамдық қызметінің сан салалы екендігі белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатын жан-жақты тану, тереңнен зерттеу міндеті қойылып отыр. Ғалым М.Серғалиев стильдің төмендегідей ерек- шеліктерін көрсетіп, былайша тұжырымдайды:
1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін бар- шаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;
2) Стиль – тарихи категория;
3) Стиль – қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады; 4) Тілдік кұралдардың қалай болса солай тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы.
Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған «белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қол- дану принциптері» деген анықтамалардың кеңейген, қазіргістиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған түсінік деп ұғынуға болады.
Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шы- ғармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилис- тикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағына- сында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.
Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдің белгілі бір қарым-қатынас аясына байланысты жұмсалады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде тану тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік деп ойлаймыз.
Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары қатар жұмсалып, қолданыста жиі көрінеді. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.
Лингвистикалық ұғым ретінде стильдің көп мағыналы- лығын байқауға болады. Айталық, жеке тілдік құралдардың қол- данысы да стильдік ерекшелікті танытады, сол сияқты, белгілі бір мәтін немесе мәтін үзіндісі де стиль туралы сөз етуге ма- териал болады. Мәселен, біріншіден, екіншіден ... тәрізді сөз- дердің тұлғаларына қарап, ғылыми стильдегі санамалау түрін ұғынуға болады, ал деп аталады, біздің ойымызша, жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде ... дегендей тіркестер ғылыми стиль- ді тіпті айқындай түседі. Ал жанр тұрғысынан келгенде, айта- лық, қаулы-қарардың үзіндісі болса, ресми стиль екендігі, ша- ғын өлең не прозалық шығармалардың үзіндісі болса, көркем әдебиет стилі болатындығы, баспасөз материалы немесе саяси әдебиеттен алынған дәйексөз (цитата) болса, публицистикалық стиль ретінде танылатындығы белгілі. Сөйтіп, қызмет ету ба- рысында қоғамдық қатынастың белгілі бір саласында тұрақты қолданылған тілдік құралдар белгілі бір стильдік бояуларға ие бола бастайды. Басқаша айтқанда, тілдік құралдар жүйесінен табиғаты жағынан белгілі салада қатынас жасауға икемділері таңдалып алынады. Сөйтіп, функционалды стильдердің әрқай- сысы мағынасы мен реңі жағынан сол стильдерге тән тілдік құ- ралдарды қолдану негізінде қалыптасады. Бұл тілдің қоғамдық қатынастың белгілі бір саласында қызмет ету әрекеті нәти- жесінде жүзеге асады. Сондықтан функционалды стильдерді жүйелеудің негізіне экстралингвистикалық ұстаным жатады.
Орыс тіл білімі стилистикасын зерттеуші А.Ефимов стильдің төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетеді:
а) тілдік құралдардың қолданылу нормасына сай таңдап құралуы;
ә) шектелген және арнаулы лексикалық құрамы;
б) өзіне тән сөздердің мағыналық реңктері мен сөзжасам элементтері;
в) өзіне тән фразеологиясы;
г) өзіндік синтаксистік конструкциялары;
ғ) әр стильге тән мәнерлегіш құралдардың құрамы мен қызметі жатады.
Функционалды стильдерді ажыратудың (бөлудің) негізі тілдік (лингвистикалық) және тілдік емес (экстралингвистика- лық) жағдаяттарға (факторларға) байланысты қаралады. Бұлар – стилистиканың негізгі ұғымдарының бірі. Функционалды стильдерді сипаттауда, олардың өзіндік белгілерін айқындап көрсетуде екі фактор да ескеріледі.
Лингвистикалық факторлардың негізін тілдік құрал- дардың мәтін ішіндегі көрінісі, тілдік-стилистикалық белгілер құрайды. Яғни интонация, жеке дыбыстардан бастап, лексика- лық бірліктер (сөздер) мен грамматикалық тұлғалардың, көрік- теуіш құралдары мен түрлі синтаксистік конструкциялардың қолданыстағы ерекшеліктері негізге алынады.
Тілден тысқары стиль құраушы факторларға қарым-қаты- нас аясы, қоғамдық қызмет түрлері (тілдесу, хабарлау, ықпал ету), қоғамдық сана формасы, сөздің ауызша не жазбаша көрі- нісі, сөздің жанрлық ерекшелігі, баяндау түрі (әңгімелеу, сурет- теу, ойталқы), жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің тоны,сөйлеу актісінің түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады. Бұлар объективті факторларды құраса, автор ұстанымы, оның дара- лығы сияқты субъективті факторлар да болады. Бұл фактор- лардың барлығы да сөз сипатына тікелей әсер етеді, бірақ олар- дың стиль құраушылық дәрежелері бірдей емес.
Функционалды стильдерді таптастыру тілдің табиғатынан туындайды, яғни таза тілдік факторлар негіз болады. Алайда, соңғы кездегі зерттеулерде стильдік құбылыстарды, әдеби тілдің стильдік тармақтарға бөлінуін қарым-қатынастың мақсаты мен міндетіне, тілдесудің қандай салада жүзеге асатындығына, яғни тілдік емес (экстралингвистикалық) факторларға тәуелді екені айқындала түсті. Тілдің өзге деңгейлеріне қарағанда, әсіресе, лексика-фразеологиялық қабаты экстралингвистикалық фактор- лармен тығыз байланысты. Стиль сыртқы жағдаяттармен мей- лінше тығыз, тереңірек байланыста болып келеді. Өйткені, стильтүзім сыртқы факторлардың нәтижесінде нақты сөйлеу үрдісінде пайда болады. Қарым-қатынастың қай жерде, кіммен өткені сөздің сипатына, тілдік элементтердің реңдеріне әсер етпей қоймайды.
Функционалды стиль ұғымы – қазіргі стилистикадағы негізгі категория. Функционалды стильдер тілдің қолданысы- мен, қызмет ету ерекшеліктерімен тікелей байланысты, яғни шынайы қарым-қатынаста, сөйлеу актісінде, мәтінде көрінеді. В.В.Виноградов жоғарыда көрсетілген еңбектерінде функцио- налды стиль жөніндегі өзіндік ой-пікірін былайша тұжырым- дайды: «Стиль – бұл жалпыхалықтық, жалпыұлттық тілдің бел- гілі бір саласында тілдік қарым-қатынас құралдарының сұрып- талып тіркесу, қолдану тәсілдерінің қоғамдық тұрғыдан қабыл- данған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей біріккен жиынтығы. Ол басқа мақсатқа қызмет ететін, басқалай қызмет атқаратын өзі сияқты бейнелеу тәсілдерімен бір қатарда тұ- рады».
Функционалды стиль, функционалды стилистика термин- дері – орыс тіл білімі зерттеушілерінің танымынан туындап, қа- лыптасып орныққан атаулар. Тіл білімінде функционалды стиль мәселелерімен айналысқан ғалымдар В.Виноградов, Г.Винокур, Л.Щерба, Б.Ларин, Р.Будагов, М.Кожина «функцио- налды стильді – тарихи және әлеуметтік категория» ретінде түсіндіреді. Функционалды стиль тілдің әр түрлі қызметімен (функциясымен) тікелей байланысты болатындығын атап көр- сетеді, яғни стиль тілдің қандай мақсатта, кімге арналып жұмса- латындығына қатысты құбылыс болғандықтан, оның қызметтік сипатын ескерудің мәні зор. Ол қызметтің түрлерін зерттеу- шілер былайша көрсетеді: А.А.Леонтьевтің пікірі бойынша, 1) қарым-қатынас жасау қызметі (коммуникативтік), 2) ойлау құралы ретіндегі қызметі, 3) адамзаттың әлеуметтік тарихи тәжірибесін меңгеру құралы ретіндегі қызметі, 4) ұлттық мәдени саладағы қызметі, 5) таным құралы қызметі деп бөледі; В.А.Аврорин тіл: 1) қатынас құралы (коммуникативтік), 2) ойды білдіру (экспрессивтік), 3) ойды қалыптастыру (конструктивтік), 4) тәжірибе мен білім жинау (аккумулятивтік) қызметтерін атқарады деп есептейді. Ал В.В.Виноградов тілдің қызмет ету сипатын қарым-қатынас қызметі, хабарлау қызметі, әсер ету қызметі деп үшке бөледі. Зерттеушілердің қай-қайсысы да тілдің әлеуметтік қызметіне функционалды стильдердің қатысты екендігін жоққа шығармайды. Демек, функционалды стильдер- дің пайда болып қалыптасуына тілдің әлеуметтік қызмет өрісі, яғни экстралингвистикалық факторлар тікелей ықпалын тигі- зеді. Қазақ тіл білімінде функционалды стиль терминінің мән- маңызын айқындап, өзіндік ерекшеліктерін талдап-таразылауда көрнекті ғалымдар М.Балақаев, М.Томанов, Б.Манасбаев, С.Исаев, Р.Сыздық, М.Серғалиевтардың ой-пікірлерінің маңыз- дылығы зор. Академик Р.Сыздық «функционалды стиль» терми- ніне қазақша атау ұсынып, өзіндік пайымдауларын тілдік дерек- тер негізінде орынды дәлелдейді, яғни «мақсаттық» не «қыз- меттік стиль» деп атағанды жөн көреді14. Ғалым қалың оқыр- манға түсінікті, жатық болуын көздеп, ана тіліміздің ішкі мүм- кіншіліктерін пайдаланып жасалынған балама атаулардың ғы- лым саласы үшін аса қажеттілігін баса айтады.
Сөйтіп, функционалды стилистика қоғамның түрлі сала- сында жұмсалатын тілдік құралдардың қызмет ету ерекшелік- терін қарастырады. Тілдің әлеуметтік-қоғамдық қызметі қоғам- дық санамен тығыз байланысты. Ал қоғамдық сананың түрлеріне: ғылым, дін, өнер, саясат, құқықтық қатынастар, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет т. б. жатады. Қоғамдық сана деге- німіз – объективті дүниені танып білудің формалары. Сөйлеуші қоғамдық сананың қай саласында тілдік амал-тәсілдердің қай түрін қолдану керектігін біледі. Яғни қарым-қатынастың құқық- тық саласы, ғылыми және эстетикалық саласы, бұқаралық ақпа- рат саласы, тұрмыстық салаларына қарай функционалдық- стильдік белгісі бар амал-тәсілдерді таңдап қолданады. Тілдік құралдардың стильдік-функционалдық белгісіне, реңктеріне қарап, адресат (қабылдаушы) сөздің қай стиль түріне жататы- нын ажыратады.
Стильдік белгі ұғымын тілімізде стилистикалық сапа, қолданыс тілінің белгісі, стильдік сипаты деп жұмсау фактілері жиі кездеседі. Солай бола тұра белгілі бір стильдің басқа стиль- дерден өзгешелік-айырмашылықтарын танытатын ерекшеліктері болатындығы даусыз. Стильдік белгі қандай да бір тұлға-бір- ліктердің, тілдік тәсілдердің жиынтығымен, сол стильдің қолда- ныстағы өзіндік тіл жүйелілігімен айқындалады. Демек, стиль- дік белгі – белгілі бір функционалды стильдің даралығын, өзге стильдерден өзгешелік сипатын, сөз-қолданыстағы мәнерін та- нытатын қасиеті. Әр стильдің таза лингвистикалық және экстра- лингвистикалық жағдаяттарына қарай өзіне ғана тән белгілері болатыны табиғи құбылыс. Мәселен, сөз бедерінің бейнелілігі, көрнекілігі көркем әдебиет стиліне тән белгі болса, дәлдік пен нақтылық, жүйелілік ғылыми стильдің белгісі болып табылады, ал эмоционалдық бояуы басым бірліктердің, бағалауыштық мән- дегі сөздердің жиі қолданылуы ауызекі сөйлеу стилінен бірден аңғарылады. Олай болса, әр функционалды стильдің белгілері нақты қолданыс аясында, тілдік қатынастың белгілі бір түрінде айқындала түседі. Айталық, ауызекі сөйлеу стилі тікелей ауыз- ша тілдік қарым-қатынас жасауда көрінеді. Әңгімелесу, тілдесу емін-еркін бейресми жағдайда өтеді. Сондықтан бұл стильге тән белгілер: әдеби тіл нормасы қатаң сақталынбайды, ой жүйелі берілмейді, нормадан тыс тілдік элементтер қолданыла береді. Ал жазба стильдер қатынастың жазбаша формасында жиі жұм- салатындықтан, тілдік құралдар екшеліп, сұрыпталып қолда- нылады. Ортақ белгілері: логикалық жүйелілік сақталады, жалпыхалықтық тілдің қолданысы әдеби нормаға сай болуы керек, ой нақты, дәл, түсінікті берілуі қажет.
Әр функционалды стильдің түрлері, ең бастысы, бір- бірінен таза лингвистикалық белгілерімен ерекшеленеді. Бұл жерде әр функционалды стильге тән белгілерді анықтауда олар- ға қатысты тілдік нормалармен бірде байланыстыра, бірде ажы- рата қарау керек сияқты. Мысалы, біріншіден, екіншіден, әрине, сонымен, біздіңше, пәленшенің айтуынша, ал сияқты қыстырма сөздер басқа стильдерге қарағанда ғылыми стильде, публицис- тикада жиі қолданылатыны – осы стильдерге тән белгілер. Бірақ өзге стильдерде қолданылмайды деуге болмайды, әсіресе, көр- кем әдебиет стилінде көрсетілген қыстырмалар орын алуы мүм- кін. Немесе заң, сот материалдарында, ресми құжаттар тілінде сөздер негізінен тура мағынасында жұмсалады, бұл үлгілерде сөздердің көріктеуші, сипаттаушы қатарлары қолданылмауға тиіс.
Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданыла- тындығы, сөйлемдердің анық, түсінікті болуы ғылыми жазба- лардың стильдік белгілері әрі нормалары болып келеді.
Ал көркем әдебиет стилінде нормадан тыс бірқатар лек- сикалық, грамматикалық тұлға-бірліктер эстетикалық мәнде жұмсалып, көркемдік қызмет атқарады. Мәселен, диалектизмдер мен көнерген сөздерді, қарапайым бірліктер мен жаргондарды, сирек қолданыстағы элементтерді, өзге стильдің элементтерін еркін жұмсай алады, өйткені көркем әдебиет тек коммуни- кативтік емес, эстетикалық функцияны да қоса атқаратын- дықтан, өзге стильдерден оқшау тұрады. Осы ерекшеліктерінен болар, кейбір зерттеушілер көркем әдебиетті функционалды стильдер қатарына қоспайтын-ды.
Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен айы- рым белгілері көрсетіліп, ғылымда біршама айқындалып келеді. Ол белгілерді қазақ тілін зерттеушілер орыс тіл білімінің таным- түсініктеріне сүйене отырып атап көрсетеді. Бұған, біріншіден, тіл-тілдегі функционалды стильдер табиғатының, қызметінің ұқсас, ортақ құбылыс екендігі негіз болса, екіншіден, ресми іс қағаздарының, ресми ақпарат материалдарының, ғылыми әде- биеттердің, көптеген мектеп оқулықтарының күні кешеге дейінкөбінесе орыс тілінен аударылып, ұсынылып келгені себепкер болды.
Кеңсе іс қағаздарының стильдік белгілері өзгелерден мүл- дем ажыратылып көрінеді, мұнда шаблон құрылымдар мен стан- дарт тілдік бірліктер орын алады, лексикалық норма қатаң сақ- талады, көріктеу тәсілдерінің жұмсалуына, сөздің ауыс мағы- нада келуіне жол берілмейді. Әсіресе заң-қаулы, ереже сияқты ресми құжаттардың тілдік белгілері берік әрі тұрақты болуы шарт. Әрине, бұл айтылғандардың барлығы – функционалды стильдердің әрқайсысының тілдік белгілері және соларға орай қалыптасатын стилистикалық нормалары туралы қысқаша түсінікті білдіреді. Ал әрбір стильдің өз ішінен мазмұндық- жанрлық бөліністеріне қарай және функционалдық сипатына орай түрлерін саралап, әрбіреуіне тән шағын белгілерін көрсету – алдағы ғылыми ізденістердің нысаны болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет