«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары



бет27/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

13. Сөйлеу актісіндегі стилистикалық нормаларды тілдік нормамен байланыстыра талдау жасап, безендіруші стилистика, ғылыми концепциясы мен жеке дара маңызы туралы баяндаңыз.
Кез келген стиль түрінде фразеологиялық қателіктердің кездесуі стилистикалық норма талаптарына нұқсан келтіреді.
Оның басты себептері мыналар: – фразеологизмдердің нақты мағынасын түсінбеу;
– лексика-грамматикалық құрамын сақтамау;
– экспрессивті-стилистикалық ерекшелігін байқамау;
– қай ортада қолдануға болатын сипатына мəн бермеу;
– фразеологизмдердің бейнелілік табиғатына мұқият үңілмеу, т.б.
Сөйлеу актісінде фразеологиялық қателіктерге жол беріледі, сондықтан стилистикалық қателіктерге ұрындырады. Сөйлем құрылымы ретінде кейде қосымша компоненттерді қосып айтады. Мысалы: несіне мұрнын көтеріп жүр, кейде фразеологиялық тіркестердің бір сыңары қысқартылып айтылады: көзіне ілмеу, ілгісі де келмейді дегенде мағыналық тұтастығы бұзылады, сондықтан мұндай тіркестердің стилистикалық əсер беру қызметі мен прагматикалық мақсаты бəсең тартады.
Стилистиканың ерекше бағытының бірі – безендіруші стилистика. Безендіруші стилистика лингвостилистиканың бір бағытына жатады. Безендіруші стилистика тілдегі экспрессивті əдіс-тəсілдерді оқып үйретеді. Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тəсілдері көркем əдебиет стиліне ғана тəн деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде коммуникативті-прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тəсілдері – экспрессивті стилистикада жан-жақты көрініс табады. Безендіруші стилистиканың зерттейтін мəселелері тілдік бірліктердің экспрессивті тапсырмаларының сапалық жəне тиімділік қасиеттерін əртүрлі стилистикалық амалдардың көмегімен анықтау болып саналады. Олар: стилистикалық мағына, стилистикалық тəсіл, стилистикалық амал, стилистикалық тапсырма.
Стилистикалық мағына қазіргі уақытта стилистикалық коннотация деген терминмен аталып жүр. Қазақ тіл білімінде стилистикаға байланысты еңбектерде де жан-жақты талданған, кейде мəдени коннотация ұғымымен қатар айтылады, сондықтан лингвомəдениеттану бағытында қарастырылып жүр. Стилистикалық мағына қолданыс тіліндегі денотативті немесе бейнелі уəжді аспектілерінің интерпретациясы мағынасында жұмсалынады. Қазақ əдеби ұлттық тілінде образды ассоциативті стилистикалық коннотациялар өте көп, ол ауызекі сөйлеу стилінде, көркем əдебиет тілінде молынан ұшырасып отырады. Мысалы, көздің жауын алады, шегірткенің айғырындай, көздің құрты деген тілдік бірліктер осының айғағы.
Қазіргі уақытта тілдің ауыспалы мағынасынан туындаған стилистикалық коннотациялар жеке зерттеу салаларына айналып кетті. Ол негізінен стилистикалық мағына терминінен таралғанын айту керек. Тілдің номинативті жүйесі, əлеуеттілігі ұлттық əдеби тілдің байлық қорынан алына отырып, стилистикалық мағына кез келген қолданыс тілінде коннотация тудыратын образды бейнелі сөзге айналады.
Стилистикалық тəсілдер деп стильдерді құрастырушының əртүрлі тілдік бірліктерді қолдану амал-тəсілдерін айтады. Олар: троптың түрлері, стилистикалық фигуралар, стиль құраудың стратегиясы мен тактикасы. Тілдік бірліктердің дəстүрлі стилистикалық тəсілдері контекстен тыс стилистикалық коннотациялардың негізгі жүйесін құрай отырып, оның тұтас көркемдік сапасын жасайды. Қолданыс тілінің аясында тілдік бірліктердің анық, көркем, бейнелі шығуына стилистикалық мағына үлкен ықпал етеді. В.Г. Винокур бұл экспрессивті стилистиканың негізгі базасын құрайтын атауларды «узуальды-стильді комплекс» деп атаған, мəтінде коммуникативтік актінің құрылымдық-стильдік базасын толық қалыптастырады.
Безендіруші стилистиканың енді бір негізін құрайтын белгісі – стилистикалық тапсырма. Стилистикалық тапсырма сөйлеушінің арнайы ойлап тапқан көркемдік, экспрессивтік айту мəнері, адресаттың қабылдауына арнайы стилистикалық тиімді əсер қалдыру үшін қолданылады. Стилистикалық тапсырма айтушы хабарының экспрессивті мағлұматын көрсете алады. Сөйлеу актілерінің стилистикалық құрылымдағы екінші (жанама) компоненттер сапасы ретінде көрінеді. Стилистикалық тапсырма, стилистикалық мағына, стилистикалық тиімділік сияқты экспрессивті тілдік бірліктер өзара тығыз қарым-қатынаста бола отырып, жалпы узуальды-стильдік комплекс терминдерінің мəн-мағынасын толық жеткізе алады, сондықтан мəтінде коммуникативті актінің құрылымдық-стильдік базасын толық қалыптастырады.
«Безендіруші» термині қолданыс тілінің кез келген саласында стилистикалық көркемдіктің барлық аясын қамтамасыз ете алады.
Безендіруші стилистика сөз образына арналады. «Образдылық», «бейнелілік», «көркемдік» – өте күрделі стилистикалық категория. «Образ» терминінің астарында семантикалық ерекшелік пен прагматикалық мақсат стилистикалық əсер қатар үйлесіп айтылады. Стилистика ғылымында «образ» деген сөз əртүрлі мағынада қолданылады. «Образдылық» кең мағынасында жанды дүние іспеттесі əрі бейнелеудің əсемдігі, жалпы өнер атаулының өнердің құрамдас бөлігі ретінде танылады. Образдылық – эстетикалық идеалдың шындық тұрғысынан қабылданған формасы, сөз – образ оның жеке қолданысы ретінде көрінеді. Сөздің образдылыққа енуі өзінің тура мағынасынан ауыспалы мағыналарға ойысуы, сөздің образды мағынаға ие болуы өзінің алғашқы номинативті мағынасының қызметін жоғалтып, ерекше бояуға енуі болып табылады, ал экспрессивтілік бояу стилистикалық əсер береді, автордың сөзі прагматикалық мақсатын айқын танытып отырады. Сөздің образға енуі оның мағыналық өзгеріске түсуін бағалау функционалды стильдердегі эстетикалық қызметін көрсету болса, екіншіден, бір стильден екінші стильдің сөз образдарының да үлес салмағын танып білуіне тікелей қатысын анықтап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет