Антоним дегеніміз не?
а) Мағыналары бір-біріне жақын, әр түрлі дыбысталатын сөздер
в) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер
с) Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер
д) Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздер
е) Белгілі бір кәсіппен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер
Антонимдік жұпты көрсетіңіз
а) дау-талас в) бүтіндей-жалпақ
с) есею-өсу д) дауысты-дыбысты
е) бөтен-таныс
Диалект сөздер дегеніміз не?
а) Басқа тілден енген сөздер
в) Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер
с) Тілде жаңа ұғымдарын білдіретін сөздер
д) Қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер
е) Ғылым, өндіріс және тағы басқа саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атаулдарын білдіретін сөздер
Қай сөз ауыспалы мағынада қолданылады?
Сенің шешен болғаның
Шер балықтың арқасы
Сенің көсем болғаның
Ер халықтың арқасы
а) сенің в) шешен с) халықтың
д) көсем е) арқасы
Тұрақты сөз тіркесін көрсет
а) жазғы жайлау в) жол торабы
с) жұлдызы қарсы болу д) таза жүру
е) әдемі қыз
Омоним болатын сөз қайсы?
а) дәрігер в) терезе с) ара
д) кітап е) көпір
Қай сөз антоним бола алмайды?
а) сары в) ақ с) үлкен
д) алыс е) жаман
«Анық» деген мағынасын білдіретін тұрақты сөз тіркесін көрсет
а) ит арқасы қиянда в) жүрегі тас төбесіне шығу
с) тайға таңба басқандай д) жүрегінің түгі бар
е) қас пен көздің арасында
Достарыңызбен бөлісу: |