Қазақ тілін оқыту әдістері



бет5/14
Дата21.09.2023
өлшемі2.73 Mb.
#478181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1Әдистер дәстүрлі-ЖАҢА 52 -слайд

Көрнекілік әдісі
Оқыту үрдісінде көрнекі құралдарды пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады. Көрнекілікті қолданудың негізгі мақсаты - игерілетін материалдың мазмұнын айқындай түсу, оны оқушылардың санасына берік қалдыруға мүмкіндік жасау. Көрнекі құрал мұғалімнің оны орынды қолдана білгенде ғана тиімді болатыны сөзсіз. Көрнекі оқу құралдары кескінделген және экранды-дыбыстық болып екіге бөлінеді. Кескінделген көрнекі оқу құралдарына кесте, сызба, фото-сурет, сурет, оқиғалы картиналар т.б. үлестірме дидактикалық кеспе қағаздары жатады. Экранды-дыбыстық құралдарға компьютер, интерактивті тақта, кинофильм, диапозитив, фоеохрестоматиялар, таспа жазулары, күйтабақтар, кодоскопқа (жазылған) арналған транспоранттар жатады.

Көрнекіліктер кестесі


Иллюстрациялық

Демонстрациялық
  • картина-сурет (заттық, оқиғалы, пейзаж, портрет)
  • үлестірме кеспе қағаз:
  • карточка
  • перфокарта
  • макет, муляж
  • сызба (графикалық)
  • кесте (динамикалық, қабырға кестелері)
  • планшет
  • плакат (сөздік)
  • бүктеме (буклет)
  • сөздік лото, т.б.
  • компьютер
  • интерактивті тақта
  • кодоскоп (графопроектор)
  • магнитофон (таспа жазуы)
  • күйтабақ
  • диафилььм
  • кинофильм
  • фонохрестоматия
  • диапозитив

Практикалық әдіс


Бұл - негізінде сөйлеу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру әдісі. Практикалық әдіс әртүрлі ауызша, жазбаша жұмыстары, жаттығулар арқылы жүзеге асады.
Әдістеме ілімінде жаттығу жүйесін жасау – тіл үйретудің күрделі мәселелерінің бірі. 60-жылдарға дейін тілдік жаттығуларға көп мән беріліп, оқулықтарда оның үлес салмағы басым болды. Бұл сөйлеу әрекетінің тілдік матералды игеру негізінде жүзеге асады деген сыңаржақты пікірдің басым болуына байланысты болды. Мұндай бағыттағы жаттығулардың білімді игеруде адам миында динамикалық стереотиптің қалыптасуына мүмкіндік жасай алмайтындығы, қалыптасқан іскерлік, дағдыларды әртүрлі ситуациялық жағдайларда қолдануға икем еместігін қазіргі психология, әдістеме, педагогика ғылымдарының жетістіктері дәлелдеп береді.
Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде жаттығуларды жіктеуде әртүрлі терминдерді қолданушылық кездеседі: тілдік, сөйлеу, аналитикалық, синтетикалық, конструктивті, комуникатив, коммуникатив емес т.б. Бұларды топтаудың әртүрлі болғанына қарамастан, ерекшеліктер тек аттарында екенін байқадық. Шет тіл мен орыс тілін өзге тіл ретінде оқытуға байланысты әдістемелік әдебиеттерде көбіне жаттығуларды 2 үлкен топқа бөліп көрсету жиі кездеседі: 1) тілдік немесе дайындық жаттығулары; 2) тіл дамыту немесе сөйлеуге дағдылануға арналған жаттығулар. Қазақ тілін оқыту барысында да жаттығуларды аталған топтарға бөліп қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет