Қазақ тілін оқытудың кейбір өзекті мәселелері


Қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері



бет3/4
Дата05.02.2024
өлшемі28.45 Kb.
#490903
1   2   3   4
Тілді жоғары мектепте оқыту 2-мөж

1.2Қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері
Қазақ тілін оқытудың бірнеше бағыттыры бар: а) ана тілі ретінде оқыту; ә)екінші тіл ретінде оқыту; б) шет тілі ретінде оқыту. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән мазмұны, әдістемесі, құралдары болады. Біз қазақ тілін ана тілі ретінде оқыту жайына тоқталмақпыз.
Ана тілі пәні - білім беру ісіндегі басты пән. Ана тілінің басқа пәндерден айырықша айырмашылығы бар. Ол айырмашылық ана тілінің білім жүйесіндегі белгілі бір пән ғана емес, сонымен қатар барлық басқа пәндерді оқып- үйренудің бірден-бір құралы екендігінде. Осы себепті ана тілін оқытудың сапасы оқушылардың тек осы пән ғана емес, басқа барлық оқу пәндері бойынша алатын білімдерінің деңгейіне ықпал етеді.
Жоғары мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісі өте күрделі құрылымдық тұтастығымен ерекшеленеді. Негізінде, жоғары білімді маман даярлау ісі қай мамандық бойынша да оңай емесі рас. Әйтсе де болашақ мұғалімдерді даярлау басқа сала мамандарын даярлаудан күрделі ғана емес, сонымен қатар өзіндік қиындығы бар, жауапкершілігі үлкен іс болып есептеледі. Өйткені болашақ мұғалімдірді даярлау оларды мектеп оқушыларымен кәсіби деңгейде жұмыс жасай білуге баулиды. Ал қазақ тілінің мұғалімін даярлау ісі болашақ мұғалімдердің мектеп оқушыларын өмірдің түрлі салаларында ана тілін дұрыс, тиімді пайдалана білуге қабілетті болып шығуын көздейді. Мұндай мақсаттың мейлінші маңызды, өмірлік мәні зор болатын себебі – дүние есігін ашып келген адамзат баласы өзінің өмірі үшін қажетті адамшылық қасиеттердің бәрін ана тілі арқылы табады, ана тілі арқылы қалыптастырады. Адазат қоғамы тарихында адамның өмір тәжірибесі мен ақыл-ойы негізінде жинақталған ақпараттық құндылықтар, білім қоры тіл арқылы сақталады, тіл арқылы игеріледі, тіл арқылы болашақ ұрпаққа беріледі. Білім беру мекемелеріндегі оқу пәндерін меңгерудің құралы да тіл. Осының бәрі тілдің адамзат өміріндегі маңызы мен мәнінің қаншалықты жоғары екеніне көз жеткізеді. Ана тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісінің осындай өзіне ғана тән ерекшеліктері мен үлкен жаупкершілігі болады. Сондықтан ана тілін оқыту ісіне, ана тілінің мұғалімдерін даярлау ісіне абай болу, оған үлкен жауапкершілікпен қарау - білім беру жүйесіндегі әрбір маманның, әрбір басшының басты міндеті.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерін даярлаудың мынадай құрамдас бірнеше саласы бар: а) қазақ тілі пәні бойынша жеткілікті теориялық білім; ә) қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы; б) қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесін іс жүзінде пайдалана білу дағдысы; в) қазақ тілін оқыту құзіреттілігі. Бұлар өзара тығыз байланысты. Бұлардың бірі жоқ жерде басқалары да болмайды. Мысалы, егер студент, болашақ мұғалім қазақ тілінің теориясын білмейтін болса, онда ол қалған салалар бойынша да білімсіз болып қалмақ. Ал егерде ол қазақ тілінің теориясын білгенмен, қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясын білмейтін болса, онда бұл оның әдістемелік ойлауының қалыптаспағандығын көрсетеді. Ал әдістемелік ойлауы қалыптаспаған мұғалім әдістемелік ұғымдардан бейхабар қалады. Әдістемелік ұғымдардан бейхабар адам білім алушыларға сапалы білім бере алмайды. Айналып келген- де, әдістемелік ойлауы, оқыту әдістемесінен тиісті білімі қалыптаспаған болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі де қалыптаспайды. Ана тілі пәні мұғалімін даярлау дегеніміз болашақ маманға ана тілі бойынша білім беру ғана емес. Студент жоғары оқу орнында қанша мол білім жинағанмен, сол білімін іс жүзінде пайдалана алмайтын болса, онда оны білімді деп есептеуге болмайды. Пайдаға аспаған білімнен қайыр жоқ. Маман өзінің бойындағы білімді іс жүзінде пайдалануы, пайдаға жаратуы үшін, оған арнайы құрал керек болады. Ана тілін оқыту әдістемесі маманның өз бойындағы білімді іс жүзінде пайдалануын, пайдаға жаратуын қамтамасыз ететін осы құрал қызметін атқарады.Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынш теориялық білім беру болашақ мұғалімдерді қазақ тілін оқыту үдерісі туралы іргелі ғылыми- әдістемелік білім қорының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, қазақ тілі пәнінің мұғалімі оқушыларға тиісті білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге қазақ тілі негізінде тәрбие береді. Бұл өте маңызды. Бұл жерде білім беру мен тәрбие берудің өзара сабақтастығын анық түсінудің пайдасы зор. Бүгінде білім беру мекемелерінде білім беру ісі бір бөлек, тәрбие беру ісі бір бөлек жүріп жататыны бар. Бірақ мынаны ескеру керек: білім беру ісі - адам, маман тәрбиелеудің бірден-бір құралы. Білім беру ісінен тыс, білімсіз тәрбие беремін деу - үлкен қателік. Білімсіз беремін деген тәрбие құмға құйған су сияқты болмақ. Тәрбие адамға ізгі білім, игілікті дағды, біліктілік арқылы беріледі. Тәрбие берудің басқа жолы жоқ. Тәрбиесіздік білімсіздіктен шығады. Білімнің жоқтығы - ақылдың кемдігі деген сөз. Қазақ тілінің болашақ мұғалімі осыны есте мықтап ұстауы шарт.
Болашақ мұғалім үшін қазақ тілін оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру жолдарын игерудің қажеттілігі даусыз. Сондықтан жоғары оқу орындарында қазақ тілінің мұғалімдерін даярлауда оқу үдерісінің барлық кезеңдерін қамтитын оқыту әдістемесінің жалпы мәселелерін, қазақ тіл білімінің барлық салаларын оқытуға ерекше жауапкершілікпен қарауға тура келеді. Сонымен қатар оқушылардың тілін дамытудың әдістемесін, оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың әдістері мен тәсілдерін арнайы зерттеу, оның нәтижелерін өндіріске енгізу, тиімді пайдалану әрқашанда ерекше өзекті мәселелердің қатарында тұрады. Оқытудың қазіргі құралдарын пайдалана білу, қажетті дидактикалық құралдарды жасаудың, іс жүзінде пайдаланудың амалдарын, тәсілдерін меңгеру - өз алдына бір сала. Осын- дай әр сала бойынша қалаптасатын білім, дағды,біліктілік негіздері аясында мұғалім оқыту әдістемесінің жалпы теориялық қағидаларын,соны жетістіктерін озық тәжірибемен ұштастыра отырып, өзінің кәсіби қызметін жоғары сапалық деңгейде атқаруға ұдайы ұмтылуы аса маңызды. Оның мынадай себептері бар: белгілі бір пәнді оқыту әдістемесі ғылыми тұрғыда қаншалықты толық зерттелгеніне қарамастан, ол зерттеулер бүгінгі күннің даму қарқынына ұзақ шыдас бере алмайды. Бүгін жаңа болып есептелген ғылыми- әдістемелік үлгі ертең де сол жаңа, пайдалы болып қала алмайды. Екіншіден, қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі ғылым пәні, оқу пәні ретінде қаншалықты маңызды екеніне қарамастан, бұл салада осы күнге дейін іргелі ғылыми зерттеуге немесе сапалы оқулыққа қолымызды жеткізе алмай келе жатқанымыз шын. Қолда бар еңбектер бүгінгі күннің өскелең талаптарына жауап бере алмайды десек, артық айтқан болмаймыз. Мұндай жағдайда қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби білімі мен дағдысын, біліктілігін жоғары оқу орнынан кейін өздігінше ұдайы жетілдіріп отыруының өмірлік пайдасы үлкен.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі тілдің адам өміріндегі, қоғамның әлеуметтік дамуындағы маңызы, тіл мен сана, сөз бен ойлау арақатынасы туралы лингвистикалық, психологиялық қағидаларға сүйенетіні белгілі. Бұл ретте қазақ тілін оқыту әдістемесі тіл білімінің тілдің әлеуметтік қызметі мен мәні жайындағы теориялық қағидаларына сүйенеді. Бірақ қазақ тілін оқыту әдістемесін қазақ тілінің құрамдас бір саласы ретінде түсінуге болмайды. Іс жүзінде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні мен қазақ тілі пәнін бір санап жоғары оқу орындарының оқу жоспарынан бірін шығарып тастауды жаңалық, иннавация деп есептеу тәжірибесі де кездеседі. Мұндай тәжірибе жалпыға міндетті мемлекеттік стандартты (білім беру бағдарламасын) орындаудан бас тарту ғана емес, мұндай тәжірибенің қазақ тілі пәнінің болашақ мұғаліміне, оның болашақта оқытатын оқушыларына қиянат болатынын ескеру артық емес.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі оқушының қазақ тілі туралы білімді қабылдау, есте сақтау, еске түсіру және өзінің өмір тәжірибесінде пайдалану, ойлау қабілетінің даму үдерістерін бақылау мен бағалауда психология ғылымының қағидаларына сүйенеді. Білім беру ісінде оқушылардың білуі, тиісті дағдылары мен біліктерінің қалыптасуы, білуге деген ынталарының, талаптарының оянуы мәселелерін пайымдауда қазақ тілін оқыту әдістемесі психология ғылымының заңдылықтарын негізге алады. Психология ғылымында оқушылардың ақыл-ой еңбегінің үдерісін зерттеу саласында жинақталған білім қорын лайықты пайдалана білу де оқыту әдістемесінің дамуына, жетілуіне игі әсерін тигізеді. Бұл орайда оқушылардың жас мөлшеріне қарай салыстыру, талдау мен жинақтау, жалқыдан - жалпыға, жалпыдан жалқыға көшу, белгіліден белгісізге, белгісізден белгіліге ауысу, ой түю, пікір негіздеу секілді ойлау операциялары да ескеріледі. Осы және оқыту әдістемесіндегі қызығу, талап, ынта, қабылдау, түсіну, есте сақтау, білім, дағды, білік, қалыптасу, даму секілді негізгі ұғымдар психологиядан енген ұғымдар қатарына жатады. Оқушының білім алу үдерісінің сатыларын, құрылым-жүйесін сипаттайтын ұғымдар да психологиядан алынған. Осының бәрі оқу әдістемесінің жүйесінде оқушының білім алу үдерісін, жалпы оқыту
үдерісін ұймдастыруда, оның нәтижелілігін бақылау мен бағалауда психология ғылымының алатын өз орны барын көрсетеді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің дидактикамен байланысы ерекше назар аударуды қажет етеді. Оқытудың мақсаты, оқытудың мазмұны оқыту үдерісі, оқыту ұстанымдары және басқа осылар секілді ұғымдардың түп негізі дидактикадан шығады. Дидактиканың ұстанымдары дегенде, еске оқытудың ұстанымдары келеді.Дидактикада оқу пәндеріне ортақ оқытудың бірнеше ұстанымдары негізделген. Олардың құрамы туралы түрліше пікірлер бар. Солардың ішінде мына ұстанымдарға назар аударған дұрыс: 1) ғылымилық; 2) жүйелілік; 3) жалғастылық; 4) қолжетімділік; 5) беріктілік; 6) көрнекілік; 7) теория мен практиканың байланыстылығы; ж) оқытудың жеке тұлғаға бағытталуы; 8) оқушының өздік еркіндігі. Бұл ұстанымдар оқу пәндерінің бәрінде, солардың ішінде қазақ тілін оқыту ісінде де жетекші, анықтаушы қызмет атқарады. Көрсетілген ұстанымдар оқытудың тәрбиелік мәні, дамытушылық мәні сияқты жалпыдидактикалық мақсаттарына қызмет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет