Қазақ тілін оқытудың кейбір өзекті мәселелері


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ МЕН НЕГІЗГІ БАСТАУЛАРЫ



бет2/4
Дата05.02.2024
өлшемі28.45 Kb.
#490903
1   2   3   4
Тілді жоғары мектепте оқыту 2-мөж

1ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ МЕН НЕГІЗГІ БАСТАУЛАРЫ
1.1Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы
Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауына ХХ ғасыр басында шығып тұрған “Айқап“, “Қазақ”, “Мұғалім”, “Шолпан”, “Шора”, “Сана”, “Жаңа мектеп” т.б. сияқты басылымдардың қосқан үлесін де айту парыз. Бұл басылымдарда жаңадан ашылып жатқан мектептердің әртүрлі мәселелері жүйелі түрде сөз болды. Ана тілін қалай оқыту керек, қазақ тілінің оқу құралын жазу мәселесі, педагогиканың негізгі ұстанымдарын анықтау жайы үнемі күн тәртібінде тұрды. Айталық, Ж.Аймауытовтың “Ана тілін қалай оқыту керек” деген мақаласы “Жаңа мектеп” журналының №2 санында 1919 жылы жарияланады. Мақалада қазақ тілін оқытудың өз кезіндегі өзекті мәселелері көтеріледі.
Қазақ тілінің төл оқулығын ана тілінде алғаш рет жазып, оның әуелгі терминологиясын қалыптастырған айтулы ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлына дейін жазылған қазақ тілі туралы бірлі-жарым орыс тіліндегі оқу құралдары болғанымен, қазақ тілінде бұл мәселе көтерілмеген еді. Қазақ тілінің грамматикасына тыңнан түрен салған, оның барлық салалары бойынша алғашқы терминдерін жасап, негізгі жүйесін қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлы болды.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің оқулығын жазуы – қазақ тілінде қазақша жазылған оқулықтың алғашқы бастамасы болды. Автор 1912 жылы мектеп балаларына арнап, қазақша сауаттандыратын әліппені – “Оқу құралын“ жазғаннан кейін, мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. “Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу – ауызбен сөйлесуден артық даражаға жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сөйлегенде сөздің қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жаза білуге, қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек”,- деп жазады ұлы ғалым.
Ахмет Байтұрсынұлы көрнекті ғалым ретінде ғана емес, әдіскер ретінде де көп еңбек еткен. Алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазумен қатар, осы оқу құралдарын тәжірибе жүзінде қалай пайдалану қажеттігі жөнінде де ғылыми тұрғыдан терең талдаулар жасайды. Бұл тұрғыдан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдістемелік ғылымның да алғашқы бастаушысы бола алады. “Баяншы“, “Әліппе астары”, “Нұсқаушы”, “Тіл жұмсар” әдістемелік еңбектері мен “Баулу мектебі”, “Жалқылау”, “Қай әдіс жақсы”, “Дыбыстарды жіктеу” атты мақалалары осының айғағы болса керек.
Әдіскер-ғалым оқытудың дұрыс жолға қойылуы үшін, мынадай әдістемелік қағидаларды ұсынады:
1)Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
2)Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;
3)Сабақты алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру;
4)Қажетсіз мағлұматтардан сақтану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету;
5)Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқытуға, жандандыруға тырысу;
6)Алғашқы кездегі оқыту деректің көрнекі болуы. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану;
7)Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі де жақсы көру, оқытушы сүйген нәрселерді оқушы да сүйеді.
Ғалым ұсынып отырған қағиданың қай-қайсысы болса да балаға дәріс беру жүйесінде ешқашан ескірмек емес. Мектеп мұғалімі үшін үнемі есте болатын негізгі ұстанымдар деп бағамдаймыз.
“Тіл жұмсар” – қазақ тілін оқыту әдістемесінің басы. Ғалымның өзі көрсетіп бергендей, тіл туралы еңбек жазу бар да, оны балаға оқыту жүйесі бар: ““Тіл құрал” қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытады. “Тіл жұмсар” сол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін балаға шағындап бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен құралды танытады” (1992, 336).
“Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің болуы – түрлі әдісті болу; керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу“,- деп ой түйіндеген әдіскер-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жазғандарынан алар тағылым-үлгі мол. Қай кездегі мұғалім не оқытушы болса да, оқыту әдісін көп білуі шарт. Әр әдісті орынды қолдана білсе, қайсыбір әдіс болса да өз орнында орынды көрінері даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет