Бекембай (а-қ). Ауылдың шетінде кетіп бара жатқан Бекембайды шақырып алды («Жұлдыз»).
Мекембай (а-қ). Бақсам, өзіме таныс Мекембай екен («Жұлдыз» ).
Мекемтас (а-қ). Ұлы қаламгер әдетке айналдырған осынау өнегелі дәстүр жазушы атаулының үлгі алып, үйренері болуға тиіс дағды екені анық-ақ,— дейді Мекемтас Мырзахметов («Қ. Ә».).
محمد (мухаммад — 1) мақталған, мақтаулы; 2) жалқы есім). Аймағамбет (қ-а). Намаздігер шағында аттарын жегіп, Аймағамбет жүріп кетті («Жалын»).
Баймағамбет (қ-а). Баймағамбет Ізтөлин (1898-1921) — Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолында күрескен революционер, ақын («Қ. К».).
Баймұхамбет, Баймұхамбед (а-қ). Баймұхамбет әңгімесін бабымен бастады («Л. Ж».).
Баймұхаммет (қ-а). Тобылдай мекен жайым, Үңгіт затым, Халқыма мағлұм еді жазған хатым. Атақты Тілеуберген жыршыңыздың, Баласы Баймұхаммет болады атым (М. Сералин).
Баймұханбет (қ-а). 1949 жылы Н. Баймұханбетовтің тау-кен инженерлерінің өмірінен алып жазған «Асыл тастар» пьесасы қойыла бастады (Е. Букетов).
Бейімбет (қ-а). Бейімбет Майлин (1894-1938) — қазақ совет әдебиетінің шаңырағын көтерісіп, уығын шаншысқан әйгілі қазақ совет жазушысы («Қ. С. Э».).
Бекмағамбет (қ-а). Бекмағамбет тұқымының ырысы бұл, — деді Шәймерден (С. Мұқанов).
Бекмахан (қ-а). Бекмаханов Ермұхан Бекмаханұлы—(1915-66) — қазақ тарихшысы... («Қ. С. Э».).
Бекмұхамбет (қ-а). Медресені жауып, оның орнына тұңғыш мектебін ашуды қолға алған кісі — біздің абзал жерлесіміз Бекмұхамбет Жақыпұлы еді (Ә. Бектасов).
Бекмұхамед (қ-а). Серкебаев Ермек Бекмұхамедұлы — қазақ әншісі (лирикалық баритон)
(«Қ. С.Э».).
Бердімұхамед (қ-а). Жастығың барда отындай жайдың жарқылдай, Сарқырамадай өтерсің сонда сарқылмай,— дейді С. Бердімұхамедұлы («Л. Ж».).
Ермағамбет (қ-а). Ермағамбет сиыр бағуға сирек шығады («Жұлдыз»).
Ермұхамед (қ-а). Болғанды қайта құрау, қалет шешу, Жалғанды неге жазайын, анық рас. Нағашың Ермұхамед бин Келдібек, Мейлің сен, кәдімгідей, біздің ықлас (Ерімбет).
Еспембет. Ертесіне Еспембет әбігер болып жүр («Л. Ж».).
Есмағамбет (қ-а). Ысмайылов Есмағамбет Самұратұлы (1911-66)— қазақ әдебиет зерттеушісі...
(«Қ. С. Э.»).
Ишмұхамет (қ-а). Ишмұхамет мойнымнан тас қып құшақтап, қатты да қалды («Жалын»).
Құлмағамбет (қ-а). Құлмағамбет көріктей кеудесін керіп, екі қолын бірдей ілгері созды
(Ө. Канахин).
Құлмамбет (қ-а). Сондағы Құлмамбеттің айтқан сөзі... («Айтыс»).
Мақамбет, Мағамбет. Мақамбет әріптесінің еңбекқорлығын айтып, мақтай жөнелді («Л. Ж».).
Мақаш — Мақамбет есімінің еркелете айтылу түрі. Мақаштың әлгі бір жіберген жолдас жігіті қайта оралып келген (М. Әуезов).
Маметқұл (а-қ). Маметқұл — Кіші жүз батыры, қолбасшы («Қ. С. Э».).
Махамбет. Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) — қазақтың көрнекті ақыны, Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісін (1836-37) ұйымдастырушының бірі әрі көтерілістің жалынды жыршысы («Қ. С. Э».).— Ер боп өсіп елімде! Махамбеттей батыр бол, Қарсы шапқан әлемге! Аманкелді атаңдай Жаудан, балам, шегінбе! ( Жамбыл).
Махамбетқұл (а-қ). Махамбетқұл үйді жығып, қораға кіргізді (С. Томанов).
Махамбетше (қ-а).— Ах! Малғұн!—деп Махамбетше қамшысына ұмтылды (Ғ. Мұстафин).
Мәмбет — Мұхаммед есімінің қысқарған түрі. Оның жанындағы ұзын бойлы, ашаң жүзді, қыр мұрын, кызыл шырайлы еркек - атақты әнші Мәмбет (3. Шашкин).
Мәмет — Мұхаммет есімінің қысқарған түрі. Мәметова Мәншүк (шын аты — Мәнсия) Жиенғалиқызы (1922-43) — қаһарман қазақ қызы («Қ. С. Э».). Тоздыратын Мәмет төзім, тағатын, Көзін сүртіп кейде күйбең қағатын. Сырт сыпайы көрінгенмен ол дағы, Мін тергенде, бәйге атындай ағатын
(Қ. Жармағамбетов).
Мұқамбетқұл (а-к). Мұқамбетқұл бұрын бөлім меңгерушісі болып істеген (Б. Момышұлы).
Мұқаметше, Мұхаметше (а-қ).— Уездік прокурор Жүнісов жолдас, жауапкер Ахметше Мұқаметше ұлына сұрақ қою үшін сізге сөз беріледі,— деді судья (X. Есенжанов). Мұхаметше қоярда-қоймай қасына шақырып, оны төрге отырғызды («Жалын»).
Мұқаш — Мұхаммет есімінің қысқарған түрі. Мұқаш Орынбаев — Ақмола губерниялық атқару комитетінің председателі (С. Мұқанов).
Мұқан — Мухаммет есімінің қысқарған түрі. Мұқанов Сәбит Мұқанұлы — қазақ жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі... («Қ. С. Э».).
Мұхамбет. Мұхамбет күткенімдей-ақ маған сөз берді («Жұлдыз» ).
Мұхаметхан (а-қ). Мұхаметхан жолдасын қолтықтап, әрі-бері жүрді («Қ. Ә».).
Мұханбет. Мұханбет біткен шаруадай бұйыра сөйледі («Л. Ж».).
Ораз-Мұхамед (қ-а). Ораз-Мұхамед жеке басының мақсатынан гөрі, ел мүддесін жоғары қояды
(Б. Әлімжанов).
Өтемағамбет (а-қ). Түн қатуға үйренген Өтемағамбет ең алда cap желіп келеді («Жұлдыз»).
Тасмағамбет (қ-а). Кеше кешкісін үйінде болғандар: Тасмағамбет және орақ тұмсықты, жасы қырық бес-елулер шамасындағы қожа (Ж. Молдағалиев).
Тасмұхан (қ-а). Тасмұхан жартасқа шықты («Л. Ж».).
Таспамбет (қ-а). Таспамбеттің ауылы күнгей бетте екен («Жұлдыз» ).
Тоқмағамбет (қ-а). Тоқмағамбетов Асқар — қазақ ақыны, ол қазақ поэзиясындағы поэма жанрын өркендетуде жемісті еңбек етіп келеді («Қ. С. Э».).
Тоқмұқамбет (қ-а). Құнын кешіргісі келмей, Тоқмұқамбет онша рай бермеді (Е. Бекенов).
Тілеумағамбет (қ-а). Бірінші болып Тілеумағамбетовтің тобы шабуылға шығуы керек (Ғ. Қалменов).
محمد حنفية (мухаммад ханафииа; мухаммад — қар. محمد ханафия — қар. حنفية ) — б. т. е. мухаммад + ханафия: Мұхаммед-Ханафия. Қалқай ишан Зейнептен туған ұлдың атын Мұхаммед-Ханафия қойды. Шоқанның шын аты осылай еді (С. Мұқанов).
محمد دين (мухаммад дин; мухаммад — қар. محمد дин — қар. دين ) — б. т. е. мухаммад + дин: Мұхаммедин. Әп-сәтте Мұхаммединнің үйіне де жеттік («Қ. Ә».).
محمد رحيم (мухаммад рахим: мухаммад — қар. محمد рахим — қар. رحيم ) — б. т. е. мухаммад + рахим: Мұқамедрақым, Мұхамедрахым. Мұхамедрақым екеуміз бақ ішіндегі бір оңаша орындыққа барып отырдық («Қ. Ә».). Келген шаруамызды естіген Мұхамедрахым бұл жаймен өзінің де хабардар екенін білдірді (Е. Домбаев). Сонан біраз уақыт өткеннен кейін Мұхаметрақым да шықты («Л. Ж».).
محمد رسول (мухаммад расул; мухаммад — қар. محمد расул — қар. رسول ) — б. т. е. мухаммад + расул: Махаматрасул. Махаматрасул — маңғаз басып, жиналған ауылдастарына жақындады («Жалын»).
محمد عارف (мухаммад ариф; мухаммад — қар. محمد ариф عارف ) — б. т. е. мухаммад + ариф: Мұхаммед-әриф. Әріптің әуелгі азан шақырып қойған аты Мұхамедәриф. Құрбылары, замандастары оны Ғарып, кейін Әріп атап кетеді (Ө. Есназаров).
محمد على (мухаммад али; мухаммад — қар. محمد али — қар. على ) — б. т. е. мұхаммад + али: Махамбетәли. Махамбетәлидің милиция қызметіне келгеніне жыл жарымнан асыпты («Л. Ж».).
Мәдәлі — Махамбедәли есімінің қысқарған түрі. Майлықожа, Мәдәлі, Құлыншақ, Майкөт, Шәді, Ақберді, Нұралы, Мұсабек — Қаратау, Түркістан маңынан шыққан ірі ақындар (Р. Бердібаев).
Мәделіхан (а-қ).— Хан ием, қандай шешім айтасыз?—деді Құсбегі Мәделіханның тәтті ойын бұзғысы келмегендей жәдігөйлене күлімсірей сөйлеп (І. Есенберлин).
Мәмбетәлі. Мәмбетәлі бұған аса бір сүйкімді ағалық мейіріммен қарап тұр екен (Ә. Сәрсенбиев).
Мұқаметқали. Тәтімов Мұқаметқали (1894-1938) — Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы («Қ. С. Э».).
Мұхамбетәли. Жайлаубай Мұхамбетәлидің айтқандарын орындап жүр («Л. Ж».).
Мұқамбетқали, Мұқанбетқали. Мұқамбетқали үйіне тақалғанда, алдынан кіші қызы шықты («Л. Ж».). Мұқанбетқалидың бір мейірімсіз адамды көргісі келмейтін сияқты («Л. Ж».).
Мұхамедғали, Мұхаммедғали. Мұхамедғали аса қомағай кісі екен («Жалын»).
Мұхамбетқали, Мұхамметқали.— Тоқтай тұр, көрсетермін!— деді Мұхаметқали («Жұлдыз»). Мұхамметқали екі ағайынды жігіт (С. Мұқанов).
محمد غازى (мухаммад ғази; мухаммад — қар. ; محمد ғази — қар. غازى ) — б. т. е. мухаммад + ғази: Мұхамедғазы. Мұхамедғазы жалғыз аяқ соқпаққа түсті («Жалын»).
محمد قسيم (мухаммад қасим; мухаммад — қар. محمد қасим — қар. قسيم ) — б. т. е. мухаммад + қасим: Мұқаммед-қасым.— Қырғауыл атам деп-ақ Мұқаммедқасым оқ-дәріні ысырап етіп болды! — деп ренжи сөйледі («Л. Ж».).
محمد كريم (мухаммад карим; Мухаммед — қар.; محمد карим — қар. كريم) — б. т. е. мухаммад + карим: Мәткәрім — Мұхаммедкәрім есімінің қысқарған түрі. Қазір шопандар уәделерінің үдесінен шығуға құлшынуда,— дейді Мәткәрім («Л. Ж».).
Мұхамбеткерім. Мұхамбеткерім — екпінді еңбегімен ел кұрметіне бөленіп жүрген жастардың бірі («Л. Ж».).
Мұхамметкәрім. Таңқы мұрын, қара сұр Мұхамметкәрім мыжырайып отыр еді (І. Жансүгіров).
محمد نور (мухаммад нур; мухаммад — қар. ; محمد нур — қар. نور ) — б. т. е. мухаммад + нур: Мұхаметнұр. Бастық тапсырған жұмысты орындамадың деп Мұхаметнұрды қысты («Жұлдыз»).
محمدى (мухаммади — мухаммедтік, Мухаммедке тиісті, оның үмбеттері; мұсылмандық, мұсылмандар, мұсылманша). Мұхаммади. Мұхаммади,— деді, бір кесе қымызды байыздай ұрттаңқырап ішіп шаруа шал (Ә. Бекеев).
Мұқамәди. Мұқамәди өрістен келіп, жаңа ғана шайға отырған... («Л. Ж».).
Мұқамеди, Мұхамеди. Институтта өзіммен бірге оқыған Мұқамеди бұл күнде аспирант (Б. Соқпақбаев). Мұхамеди сияқты комсомолец-жастар Сұлтанқұлдың комбайн жүргізудегі бай тәжірибесін үйренуде (А. Тегінбаев).
محمدية (мухаммадийа — мұсылман, мұсылмандық, мұсылманша; Мұхаммедке тиісті). Мұхаммедия, Мұхамедия. Мұхаммедия жан-жаққа кісі жіберіп, «ертең заводта болсын» деп жатты (Ғ. Мұстафин). Жәкен ағаның әңгімесін ұлдары Төлеутай, Мұхамедия және немересі Әнуар қызыға тыңдауда («С. Қ».).
محمود (махмуд — мақталған, мақтаулы, мақтауға тұрарлық, даңқты). Махмуд. Махмуд Қашғари (толық аты-жөні — Махмуд Ибн әл-Хусейн ибн Мухаммед) — XI ғасырдағы түркі ғалымы, «Диуани лұғат әт-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы («Қ. С. Э».).
Махмет, Макмет. Балалар Махметтің астындағы сүліктей қара атқа қызыға қарап тұр («Л. Ж».). «Мүсіреп өскен тұқым, баламызға Макметтің бір баласының атын қояйық»,— деп ырым қып, менің атымды «Сәбит» қояды (С. Мұқанов).
Махмұт, Махмут, Махмуд. Қайда баратындарын Махмұт қана біледі («Жұлдыз»). Қайтеміз, жонымызды тосып жорта береміз де!—деді төртбақ, қара жігіт Махмут Қожамияров (Ж. Арыстанов). Махмут тісін көстите күлді (3. Шашкин). Гүлденіп тұрған елді Махмуд құл қылып, ұшырып жіберді (Бируни).
Махмұтбай (а-қ). Махмұтбай ат десе ішкен асын жерге қояды («Жалын»).
محيط (мухит — 1) төңіректі, айналаны қоршаған; 2) шеңбер, орта; мұхит). Мухит. Мұхит (шын аты Мүкаметкерей) Мералыұлы — қазақтың белгілі халық композиторы, әнші, ақын, күйші-домбырашы («Қ. С. Э».).
مختار (мухтар — 1) таңдалған, сұрыпталған, сайлап алынған; 2) ерікті, ықтиярлы; 3) ауылнай). Мұхтар. Мұхтар Әуезовтің қазақтың ұлы ақын-демократы және ағартушысы Абай туралы роман-эпопеясы... біздің бүкіл көп ұлтты әдебиетімізде өзінің көркемдік қасиеттерімен шоқтығы ерекше биік тұрған шығарма (К. Федин).
Мұқтар. Коммунист Түйебей Мұқтаров шаруаларға колхоз кұру ісінің мән-маңызын түсіндірді (М. Сатыбалдиев). Мағауин Мұқтар Мұқанұлы — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеушісі («Қ. С. Э».):
Мұхтарбек (а-қ). Той бастаған Мұхтарбек термесіне іштей қосыла мына қаумалай қоршаған өндірдей жастардың студенттік дәуреннің әрбір сәтін еске алғаны да рас-ay («Л. Ж».).
مختوم (махтум — 1) мөрленген, мөр басылған; 2) мөр сақтаушы, мөр басушы; 3) біткен, аяқталған). Мақтым. Әйтсе де Мақтым кеткенде сол бірдеме әкелетіндей көріп, өзін-өзі алдастырумен ұзақ күнді кеш қылады (Б. Майлин). Жарқанат маған жиен болған соң саған да жат емес дегені есіме сап ете түсті де, Мақтымды көруге бетім шыдамады (Ж. Тілеков).
مخلص (мухлис — 1) шыншыл, адал, ақжүрек, таза; 2) жан-қияр дос). Мұхлис. Оқушылардың өтінішіне орай, біз бүгін Б. Мұхлисовтың мақаласын жариялап отырмыз («С. Қ»).
مخلصة (мухлиса — шыншыл, адал, ержүрек, таза; 2) жанқияр дос (әйел), Мұхлиса. Мұхтар Әуезов туралы сөз болғанда, Мұхлиса Шәкірованың естелік сөздерін келтіру орынды (Р. Бердібаев).
مخمل (мухмал — барқыт). Мақпал. Үш жүзге атым мәлім Ақан сері, Келгенім Мақпал кыздың туған жері (Ақан сері). Мақпал мен Күнікей сынды мейірімді аналардың образы да трагедияда жылы сезімге бөлене сипатталған («Қ. Ә. Т».).
مخى (мухи — 1) ми, милық; 2) ауыс. ақыл, ой еңбегі). Мұхи. Қалап алған мамандық жолында күрескен адам — бақытты. Комсомолдық жолдамамен аттанған Әзия Мұхиева өз жұмысына тоқ көңілмен қарайды («Л. Ж».).
مخى الدين (мухи-ид-дин; мухи — қар. مخى ; дин — қар. دين ) — б. т. е. мухи + ид-дин: Мұхитдин. Хайруллаев Мұзаффар Мұхитдинұлы — қазақ совет философы («Қ. С. Э».).
Мұхиден. Домбырашы, әнші Мұхиден есімі жұртшылыққа композитор ретінде де кеңінен танымал («Л. Ж».).
مداح (маддах — 1) мадақшыл; 2) әңгімеші). Матақ. Семей әдебиетшілерінен бұрын көргенім Ибади Матақов қана (Қ. Бекхожин).
مدح (мадх — мақтау, дәріптеу). Мәдіхан, Мәдхан, Мәтхан (а-қ). Мәдіхан нағашым берген кұнанды кимай да тұрмын... («Жалын»). Күрішті аралап жүрген Мәтхан екен (Б. Мәтенов).
مدد (мадад — жәрдем, көмек, сүйеу, қолдау, қолғабыс ету). Медет. Әйелің Медет қызы, аты Өрім, Айында бір жумайды.
مدحة (мадха — мақтауға тұрарлық). Медхат, Медіхат, Медғат. Кенет бұталар арасынан Медхат шыға келді («Л. Ж».). Медіхатты ортаға алып, әңгімелесіп тұр екен (А. Сатаев). Қазір Медғаттың мұнда менен басқа танысы жоқ («Л. Ж».). Медет бірнеше күн қатты боранда қалып, бір қора қойды аман сақтайды («Қ. Ә. Т».).
Медетбай (а-қ). Сен түскен үй иесі — сол Медетбай, Жалғыз қыз Гүлкәшима асылы нұрдан (М. Сералин).
Медетбек, Медетпек (а-қ). Бұл мерзімде Медетбек өзінің механизаторлық шеберлігімен, тиянақты еңбеккерлігімен ел көзіне түсті («Қ. Ә».). Бөз көйлектің жыртық жерін жасыра түрініп, жалаңаяқ, жалаңбас келген Медетпекке заводтың берген жұмыс киімінің өзі әлдеқандай көрінді (Ә. Сатыбалдиев).
Медетхан (а-к,). Медетхан — жасы отыздан асқан, томырықтау жігіт («Л. Ж».).
Медеу. Бірақ, «түзелемін» деп берген серт шын көңілден айтылмап еді, алдап, жалтарып, әккіленіп қалғандығын істеп, Медеуді адастырып кетпекші (Б. Майлин).
Медеубай (а-қ). Медеубай әзілдері жарасқан қос қарияға былайырақ барып қарап тұрды («Жалын»).
Медеубек (а-қ). Жидебек ағайдың Медеубек деген інісі сол жылы күзде үйленгені есімде («Л. Ж».).
مدرس (мударрис — оқытушы, профессор). Мударис. Мударис әңгімеші кісі екен («Л. Ж».).
مدن (мадан — цивилизация, қоғамның мәдени дамуы; мәдениеттілік). Мәден, Меден. Лейтенант Көшкінбай Мәденов соғыс жылдарында 30-дан астам әскери наградаға ие болды («С. Қ».). Мол тәжірибесін үйретуден жалықпайтын, ақыл берер ағасы бар Меден мен Мәсауды да бақытты жандар екен деп түйдік
(С. Хайдаров) .
مدنية (маданииа — мәдениет). Мәдениет.— Қартайғанда қимыл да мәдениетке түсініпті десін жұрт, сәбиіңді Мәдениет қояйық (М. Сатыбалдиев).
مدينة (мадина — 1) қала, шаһар; 2) Сауд Аравиясындағы қаланың аты). Мәдина, Мәдине. Мәдине отырғандарға иегін көтеpiп, ымдап қалды (С. Бақбергенов).— Мәдине, Тобаш. Бақыткүл, Аманкүлдер ше? (С. Тұрғынбаев). Ең алдымен Мәдиненің үй іші бие сүтін сатуды кәсіп етіп еді (С. Мұқанов). Мәжерлі көк шұбар ұзын халатты Мәдине көрінді (С. Шаймерденов).
مراد (мурад — 1) тілек, ықылас, ниет, мақсат; 2) үміт заты).. Мұрад. Сәлемет бол, Майра,— деді Мұрад (Ә. Тәжібаев).
Баймұрат (қ-а). Баймұрат айтып түрған жоғалған қайықтың тарихына өз баласы Сапар ортақ еді
(М. Иманжанов).
Бекмұрат, Бекмұрад (а-қ). Бекмұрадов жолдастың өзі Москвадан директорға телефонограмма беріпті (М. Сәрсекеев). Хат жолдап, пікір білдіргені үшін С. Бекмұратовқа үлкен рахмет айтамыз (Е. Сағатов).
Бердімұрат (қ-а). Мығым денелі Бердімұрат қолын көтеріп, жиналыс басқарушыдан рұқсат алды да, орнынан атып тұрды («Жұлдыз» ).
Ермұрат (қ-а). Баласы Үмбетбайдың молда Ермұрат Сөз қылып назым, жұмбақ толғайтұғын (Ермұрат).
Есмұрат (қ-а). Есмұратов Зейнелмін,— деп қара бала чемоданын жерге қойды (Ғ. Құлахметов).
Ешмұрат (қ-а). Ешмұраттың сөзіне тек сыпайылық үшін құлақ салып отырғаны болмаса, ойы мүлде басқа қырларды шарлап жүрген-ді (С. Асылбеков).
Жолмұрат (қ-а). Мәшһүр қолжазбаларының көпшілігі жиналды. Бұл жөнінде үлкен еңбек сіңірген - өзінің туған жиені Жолмұрат пен үлкен баласы Шарафи (3. Ақышев).
Құлмұрат (қ-а). Ауданда бас дәрігер Құлмұратов Зер салып тұрмайды екен осындайда (Файзолла).
Мұрат. Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) — Гурьев облысы, Қызылқоға ауданында туған, өз дәуірінде өмір сүрген ақындардың ең көрнектілерінің бірі («Қ. С. Э».).
Мұратбай (а-қ). Мектеп ауласындағы Ғани Мұратбаев ескерткіші алыстан көз тартады («Л. Ж».).
Мұратбек (а-қ). Жас жігіт механик Мұратбекке арқа сүйейді (Ғ. Тәшімбаев).
Мұратхан (а-қ). Мұратханды үйде отыр деп ойлаған жоқ еді («Л. Ж».).
Төремұрат (қ-а). Құрманай, Төремұрат, өтті Нұрым, Жел сөздің ешбір жаннан көрмей дығын (Ерімбет). Шеше, менің есімім Төремұрат,— деді (С. Бақбергенов).
Тілеумұрат (қ-а). «Қап» деп өкінді Тілеумұрат («Жалын»).
مراد على (мурат ‘али; мурад — қар. مراد ; ‘али — қар. على ) — б. т. е. мұрад + али: Мұраталы, Мұратәлі. Мұратәлі шамалы ілгерілеп, жүрелеп отырды (Т. Әлімқұлов). Айтса айтқандай, Мұраталы сияқты малшылар әр жүз сиырдан жүзден бұзау алып, аман сақтаған (Б. Тоғысбаев).
مرتضى (муртада — қанағаттанған, көңілі жай тапқан) Мұртаза. Мұртаза жалт қарап, кейінгілерге көз тастады (М. Қаратаев).
مرجان (маржан — 1) теңіз астынан алынатын қызыл яки ақшыл түсті тастар; 2) інжу). Маржан. Маржан, жүрегім, Қолыңда сенің күресің. Жұмыста жүрсің білемін... (С. Сейфуллин).
Маржанбике (а-қ). Маржанбикеге қайдан біткен осыншама қайсарлық, — деп ері таң-тамаша
(Ө. Қанахин).
مرحبا (мархаба — Өте жақсы! Хош келдіңіз!) Мархаба, Марқаба. Мархаба Айгүлдің жағдайын естіген күннен бастап өз қамқорлығына алған (С. Сматаев). Марқабаға кеше кешкісін қолы зорға жетті («Жалын»).
مرحمة (мархаба — қайырымдылық, мейірімділік, аяушылық, шапағаттылық). Мархабат. Мархабаттың жүрегінде бір ыстық салмақ қалды («Л. Ж».).
مرحومة (мархума — рақымы түскен). Мархума, Марқұма. Сөйтіп, Мархума дұға көйлекпен алдына келген ауруларды жазып жата берсін, енді Мархуманың ері Жүніс әңгімесіне келейік («Қ. Ә».). Бейнетке белін буып бармайтұғын, Әуелде-ақ жазулы екен жарты наның. «Бекерден тәңірім безер» деген сөз бар, Сауалын білмейтін бе ең Марқұманың? (Темірбай жырау).
مرضية (мардийа — 1) мақұлданған, көпшілік ұнатқан, риза болған; 2) ауыс. сүйкімді, жағымды, ұнамды). Мәрзия. Ақанмен бірге Ақтоқты, Мәрзия, Дәмелі де көңіл-күйін шертеді, сырын ақтарады
(«Қ. Ә. Т».). Шай ішіп болған соң Мәрзия бұрышта тұрған радиоланы ойнатып, музыка тартқызды
(Ш. Мұртазаев).
مرغوبة (марғуба — 1) күткен, үміт еткен; 2) ауыс. сүйікті). Марғұба.— Марғұбамысың? Сөйлеп тұрған Нұрай,— деді (І. Жансүгіров).
مرفوعة (марфу ‘a — көтеріңкі, биік, жоғары; аса қадірлі, аса құрметті). Марфуға, Марпуға. Марфуға Айтқожина — белгілі қазақ совет ақын қызы («Қ. С. Э».). Айша колхоздағы қызы Марпуғаның үйіне келіп жатыр («Жалын»).
مريد (мурид — жолын қуушы, шәкірт, сопылықтың жолына түскен адам). Мұрид. Қарауылға алып жау басын, Салды басып ер Мұрид. Қан қылып шыңның жартасын, Құлады құзға құлдиып (С. Бегалин).
مريم (мариам — жалқы есім). Мәриям. Жүзі от қызуымен алаулай қызарып Мәриям отыр
(«Л. Ж».). Жеңгейдің қайын сінлісі жалғыз Мәриям ғана десеңдер тағы адасасыңдар, қаладағы атақты сұлудың бәрі осы кісіңнің алақанында десек те болады (Б. Майлин).
Достарыңызбен бөлісу: |