Нұрсұлу (а-қ). Дәулекең мен Нұрсұлу шешей Толыбайда кісі есігін тастап, колхоз табалдырығын аттаған-ды (М. Сатыбалдиев). Ахметкерім мен Нұрсұлудың жұмыс күні таң сәріден басталады
(А. Шевелов).
Нұртай (а-қ). Нұртай — төрт аяғын тең басқан жорға, Сүгірдің шәкірті (Т. Әлімқұлов).
Нұртас. Мен жатқан жайды Нұртас ағай өздігінен тауып келе алмай жүр-ау, деуші ем (Д. Әбілев).
Нұртілеу (а-қ). Нұртілеу есігінің алдында кішкене баласын ойнатып жүр екен («Л. Ж».).
Нұрхан, Нұрқан (а-қ). Күні кешегі тұлпар Нұрхан, сұңқар Әбікей есімдерінің әрқайсысы жырдың алтынмен аптап, күміспен күптеген ажарлы асқақ күмбезіндей (С. Досанов). Дәулет ағай Нұрқанды жақсы көретін («Л. Ж».).
Нұрханым (а-қ). Нұрханым — бес биенің сабасындай әйел («Жұлдыз»).
Нұрым (а-қ). Нұрым атқа лып етіп, жеңіл мінді (Е. Қосбасаров).
نور احمد (нур ахмад; нур — қар. نور ; ахмад — қар. احمد ) — б. т. е. нур + ахмад: Нұрахмет. Нұрахмет — көздегенін дәл ұратын, атқан оғы мүлт кетпейтін мерген (С. Сейітов).
نور اصيل (нур асил; нур — қар. نور ; асил — қар. اصيل ) — б. т. е. нур + асил: Нұрәсіл. Бұл пікір участке инспекторы Нұрәсілге ұнады (Қ. Бекетаев).
نور خالق (нур халық; нур — қар. نور ; халиқ — қар. خالق ) — б. т. е. нур + халиқ: Нұрхалық, Нұрқалық. Нұрхалық сергек ұйықтап, тауық шақырған соң тұрды («Жалын»).
نور الدين (нур-уд-дин; нур — қар. نور ; дин — қар. دين ) — б. т. е. нур + ад-дин: Нұретдин. Әкем Нұретдин көп жыл бойы жұмысшы болып еңбек етті, қазір құрметті демалыста,— деді Перуза («Л. Ж».).
Нұридден, Нұриден. Бұл іс - Нұридден өмір жолының бір белесі («Л. Ж».). Пәдеріңе нәлет!.. Аулақ!—деді Нұриден хазірет Байғалиға (Ш. Хұсайынов).
Нұриддин. Он бір баланың әкесі Нұриддин еңбек жолын сонау жас кезінен-ақ шопандықтан бастапты («Л. Ж».).
نوراللـه (нур-ул-лаһ: нур — қар. نور ; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. нур + аллаһ: Нұролла, Нурулла, Нұрылла. Нұролла жаралы жауынгерлерге көмек көрсетіп, жай таппай жүр екен (X. Бекішев).
نور جمال (нур жамал; нур — қар. نور ; жамал — қар. جمال ) — б. т. е. нур + жамал: Нұржамал. Нұржамал да жылда отарын осы «Сұлуторыда» төлдетеді (М. Қуанышбаев).
نور جمان (нур жуман; нур — қар. نور ; жуман — қар. جمان ) — б. т. е. нур + жуман: Нұржұман. Басқы рөлдерде Нұржұман Ықтымбаев секілді белгілі актерлер бекітілді (К. Смайлов).
نورجمعة (нур жум ‘а: нур — қар. نور ; жум‘a — қар. جمعة ) — б. т. е. нур + жум ‘а: Нұржұма. Нұржұма орнынан қарғып тұрды (Қ. Бекетаев).
نورحضر (нур хидр; нур — қар. نور ; хидр — қар. حضر ) — б. т. е. нур + хидр: Нұрқыдыр. Нұрқыдыр мен Байқара, Келіп еді қалаға (I. Жансүгіров).
نورحيدر (нур хайдар; нур — қар. نور ; хайдар — қар. حيدر — б. т. е. нур + хайдар: Нұрқайдар. Нұрқайдардың маңдайынан шып-шып тер шықты («Л. Ж».).
نور دولة (нур даула; нур — қар. نور ; даула — қар. دولة )— б. т. е. нур + даула: Нұрдәулет Т-34 танкісінің экипажымен бірге Курск доғасында болған қиян-кескі ұрыстарға қатысып, айрықша ерлік көрсетті (3. Асабаев).
نورسلطان (нұр султан; нур — қар. نور ; султан — қар. سلطان — нур + сұлтан: Нұрсұлтан. Нұрсұлтанның ағасының аяғында - қызыл ұлтанмен ұлтандаған жап-жаңа қара мәсі (Ж. Мұзапаров).
نورسيد (нур саиид; нур — қар. نور; саиид — қар. سيد ) — б. т. е. нур + саиид: Нұрсейіт. Ғылым саласындағы Нұрсейіттің табысы біршама баршылық («Л. Ж».).
نورشيح (нур шайх; нур — қар. نور ; шайх — қар. شيح ) — б. т. е. нур + шайх: Нұршайық. Неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін Нұршайықов «Батырлығы үшін» медалімен наградталады («С. Қ».).
نور صادق (нур садик — шындық, адалдық нұры, сәулесі) — б. т. е. нур + садик: Нұрсадық. Нұрсадық шопандар арасында көп болады («Л. Ж».).
نورصفاء (нур сафа; нур — қар. نور; сафа — қар. صفاء ) — б. т. е. нұр + сафа: Нұрсапа. Махаббат ағысындай ортаюды білмейтін, Ерке Ертіс, сен куә бол!—деді Нұрсапа (К. Жүнісова ).
نورضياء (нур дииа; нур — қар. نور ; дииа — қар. ضياء ) — б. т. е. нур диа: Нұрзия. Әсіресе, жылы жүзді жас келіншек Нұрзия есімін село жұртшылығы ерекше айтады (3. Әуесбаев).
نورعادل (нур ‘адил; нур — қар. ; نور адил — қар. عادل ) — б. т. е. нұр — ‘адил: Нұрәділ. Мәмбетпен бірге жүрген жігіттердің ішінде Ысқақ, Нұрәділ деген жолдастары да қалатын болды
(І. Жансүгіров).
نور عالم (нур ‘алим; нур — қар. نور ; ‘алим — қар. عالم ) — б. т. е. нур + алим: Нұрғалым. Ол — Сасан Нұрғалымов («Қ. Ә».).
نور عائشة (нур ‘айша; нур — қар. نور ; айша — қар. عائشة) — б. т. е. нур +‘айша: Нұрғайша. Нұрғайша ас-су тізгінін келінінің қолына беріп қойып, өзі қонақпен қонақ болды (Ж. Тілеков).
نورعظيم (нур ‘азим; нұр — қар. نور ; ‘азим — қар. عظيم ) — б. т. е. нур + азим: Нұрғазым. Нұрғазым ауылдан арба алып келді (Ш. Сәрсенбаева).
نور على (нур ‘али; нур - қар. نور ; али - қар. على ) - б. т. е. нур + ‘али: Нұралы. Ант етем! — деді Нұралы, — Дина қолындағы домбыраны ешкімге де қорлатпаймын (С. Бақбергенов).
Нұрәлі. Нұрәлінің әкесі Әбдірахман колхозда шопан болып істейді («Л. Ж».).
Нұрғали. Нұрғалиев Рымғали — қазақ әдебиетін зерттеуші, сыншы, жазушы, филология ғылымдарының докторы («Қ. С. Э».).
Нұрқали. Марат Нұрқалиев мектеп қабырғасында-ақ небір әндерді дүниеге келтірді (Ж. Жүнісов).
نورعيسى (нур ‘иса — Исаның сәулесі, нұры) — б. т. е. нур + иса: Нұрғиса. Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы — қазақ композиторы, дирижер, виртуоз домбырашы, халық артисі («Қ. С. Э».).
نورعين (нур ‘айн; нұр-қар. ; نور айнعين ) — б. т. е. нур + ‘айн: Нұрғайын. Нұрғайын Бекмұхамбетұлы — Ақмола қаласында революция жұмысына белсене қатысып, сол жолға жалынды жастық шағын қиып, ерлікпен қаза тапқан қызыл мұғалімдердің бірі (М. Төрежанов).
نورغازى (нур ғази; нур — қар. نور ; ғази — қар. غازى ) — б. т. е. нур + ғази; Нұрғазы. Романда... Нұрғазы, Захар Петрович, Гүлжайсаң сияқты бүгінгі партия, шаруашылық қызметкерлерінің де баршылық екенін атап көрсетуге тиіспіз (Қ. Сыздықов).
نورفضاء (нур фида; нур — қар. نور ; фида — космос, ғарышفضاء ). Нұрфиза. Нұрфиза театрға құмар-ақ («Л. Ж.»).
نورقابل (нур кабил; нур — қар. ; نور қабил — қар. قابل ) — б. т. е. нур + қабил: Нұрқабыл, Нұрғабыл. Нұрқабылдың үйіне де ертеңіне бәрі бір мезгілде жиналды (Т. Нұрмағамбетов). Нұрғабыл Құлжабаймен арбасатын тұста Ерден бейнесі бүкіл болмысымен ашылады (Е. Домбаев).
نورقاسم (нур қасим; нур — қар. نور ; қасим — қар. قاسم ) — б. т. е. нур + қасим: Нұрқасым. Ортада уәкіл Нұрқасым (Т. Садықбеков).
نورالعين (нур-ул- ‘айн — көз нұры) — б. т. е. нур + ‘айн: Нұрлығайн. Төкенов Нұрлығайын (1912-73) — Қазақ Республикасының еңбек сіңірген барлаушы-геологы («Қ. C. Э».).
نورمحمد (нур мухаммад — Мұхаммедтің нұры, сәулесі, жарығы) — б. т. е. нур + мухаммад: Нұрмұхамед. Бригаданы Нұрмұхамед басқарады («Қ. Ә».).
Нұрмағамбет. Нұрмағамбет атандым Баймырзаұлы, Жасымнан әрбір іске болдым қырлы (Балуан Шолақ).
Нұрмұқанбет, Нұрмұхамбет, Нұрмыханбет. Нұрмұқанбет 1965-1971 жылдар ішінде аудандық емхана жанында ұйымдастырылған 2 жылдық медициналық курсты басқарып, сабақ берді (Қ. Түктібаев). Нұрмұхамбет, сен осындағыларды басқар (М. Мәжитов).
Нұрымбет. Нұрымбет осы көктемде алған жаңа трактормен жер жыртуға қатысып жүр екен («Л. Ж»).
نورملا (нур мулла; нур — қар. نور ; мулла — қар. ملا ) — б. т. е. нур + мулла: Нұрмолда. Үн қосқан әңгімеге әсем кеңсе, Ол да бір, колхоз үшін жер емес пе! Жолығып Нұрмолдаға, ақыл алып, Жігіттер кетіп жатыр әлде неше (Ғ. Орманов).
نورى (нури — 1) жарық, сәуле; 2) жарыққа, сәулеге қатысты). Нұри. Жас сауыншылар өздерінің міндеттемелерін асыра орындап, еселі еңбегімен елге таныла бастады,— дейді Ж. Нуриева («Л. Ж».).
نور احمد (нури ахмад; нури — қар. نور ; ахмад — қap احمد ) — б. т. е. нури + ахмад: Нұриахмет. Нұриахмет жылдам оралады,— деді кекілді бала нық сеніммен («Жалын»).
نورية (нурииа — сәулелі). Нұрия. Е, сен жүргізесің ғой,— деді анадай шетте тұрған Нұрия сықылықтап күліп (С. Бегалин).
نية (нииа — 1) ой, мақсат, ниет; 2) ауыс. адал жүрек, ақниет). Ниет. Ниеттің қолындағы гүлі түсіп кетті («Л. Ж»).
Ниетбай (а-к,). Ниетбай машинасының есігін ашып тастап, демалып жатыр («Л. Ж».).
نية اللـه (нииат-ул-лаһ; нииат — қар. نية; ; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. ниа + аллаһ: Ниетолла. Серік пен Ниетолланың айтыстары іргелі әлеуметтік рухани үрдістерді бетке ұстады деуге негіз бар (С. Ақатаев).
نية على (нииат ‘али; нииат — қар . نية ; ‘али — қар. على ) — б. т. е. ниа + ‘али. Ниетәлі. Бригаданың комсоргі — Ниетәлі деген жігіт (Қ. Жиенбаев).
Ниетқали. Ниетқали қолтығындағы жастықты нығырлап, салмақтана түсті («Л. Ж».).
نية قبول (нииат қабул; нииат — қар. نية ; қабул قبول) — б. т. е. нииат + қабул: Ниетқабыл. Халықтың адал, саналы перзенттері — Таңат, Ниетқабыл, Сақилар («Қ. Ә. Т».). Ассалаумағалейкүм, мұғалім,— деді Сақи Ниетқабылға таянып келе бергенде (Ғ. Сыланов).
(هـ)
هابل (һабил — жалқы есім). Абыл. Топ басы күйшісіне күле қарап, Салалап ақ сақалын қойды тарап, Қазақтың соңғы шыққан Абыл күйін, Тартуын тамылжыта етті талап (Ә. Тәжібаев).
Әбіл. Әбілев Дихан — қазақ ақыны («Қ. С. Э».).
Әбілбай (а-қ). Өзен өңіріне бірінші болып бұрғы салу Әбілбайға тиді (А. Мұқажанов).
Әбілбек (а-қ). Орта толсын, достарым! — деді Әбілбек (Ә. Тәжібаев).
Әбілтай (а-к). Әбілтай нағыз құйма құлақтың өзі екен («Л. Ж».).
Әбілхан (а-қ). Қастеев Әбілхан (1904-73) — қазақ өнерінің негізін салушылардың бірі, халық суретшісі («Қ. С. Э».).
هابل حكيم (һабил хаким — дана Әбіл, данышпан Әбіл) — б. т. е. һабил + хаким: Әбіләкім. Әбіләкім дәрігер болып ауылға баруға тілек білдірді (Ә. Сейілханов).
هادى (һади — басшы, жетекші, қолбасшы, басқарушы). Әди. Әди әулеті бір шаңырақтың астында түгел бас қосқан кезде әңгіме арқауы көп ретте Екібастұз жайында өрбиді (О. Қалиев).
Әдихан (а-қ). Жалғыз басты Әдихан отарын тастап шыға алмады («Жалын»).
Әдібай (а-қ). Табылдиев Әдібай — қазақ ақыны... («Қ. С. Э».).
Байқади (қ-а). Байқади басқаратын айналасы ат шаптырым, іші кең де жарық шеберхана жөндеушілердің еңбегімен дүбірге бөленген («С. Қ.»).
Қати. Қати мен Ғабдолмұрат — Жәпектің балалары (С. Бақбергенов).
هارون (һарун — 1) ескі. хабаршы; 2) жалқы есім). Һарун. Сәлімді дос десе де бұрын Һарун, «Қош келдің!»— деп, ол алмады бірден қолын (Шәңгерей).
Арон. Сүйінбай Аронұлы (1815-1898) — XIX ғасырдағы қазақ ақыны, айтыс өнерінің жүйрігі
(«Қ. С. Э».).
Арын. Соғыс не болып жатыр, қарағым, осыны да түсіндірші? — деді Нұрпейістің көршісі Арын
(Ж. Арыстанов).
Арынбек (а-қ). Әуездің екінші әйелінен Арынбек туған (Қ. Мұхаметханов).
Һарон. Ұлуғ мәртебелі Жаһанша мырза Сіздің жоғарғы құзырыңызға арналған донесениені оқып шығуға лұқсат етіңіз? — деді Һарон төре (X. Есенжанов).
هارون الرشيد (һарун-ур-рашид — жалқы есім) — б. т. е. һарун + ар-рашид: Арон-Рашид. Арон-Рашид әке-шеше аузынан кенші әулетінің осынау үш ұрпағы жайлы талай аңыз-әңгімелер естіп өсті
(О. Қалиев).
هاشم (һашим — жалқы есім). Әшім. Әшімов Әкім Ұртайұлы (лақап аты — Әкім Тарази) — қазақ жазушысы («Қ. С. Э».).
Әшімбай (а-қ). Әшімбай — өмір көрген сақа жігіт («Л. Ж».).
Әшімбек (а-қ). Әшімбекті ортамыздан бастық сайладық («Л. Ж».).
Әшімхан (а-қ). Әшімханның жылы орнын суытып, бейтаныс жаққа аттанғанын жұрт түсінбеді («Жалын»).
هاشم على (һашим али; һашим — қар. اشم ; ‘али — қар. على) — б. т. е. һашим + али: Әшімәлі. Шоңқайма етік киген Әшімәлінің қабағы бір жадырамады («Жалын»).
Әшімғали. Әшімғали жанына адам ертпей, түн ортасында суыт аттанды («Жұлдыз»).
هداية (һидаиа — 1) басқару, басшылық; 2) тура жол іздеу, тура жолға түсу). Идаят, Ідаят, Хидаят. Идаят өзінің міндетін әрқашан абыроймен орындап, көпшілік сенімін ақтап келеді («С. Қ.»). Романдағы Ідаят бүгінгі прозамызда ауыз тұшынып айтарлық образ емес пе? (Д. Досжанов).
هدية (һадийа — сый, сыйлық тарту). Адият, Әдиет. Ұтқырлы жайттардан өзі де үйренбек, — деді Адият («Қ. Ә».). Әдиет екеуі қайтадан бұрынғыдай ауыз жаласып кетті («Л. Ж».). Әдия. Қызмет істеген, еңбек сіңірген, бір адам болса, біздін панамыздай-ақ болсын! — деді Әдия келін (Қ. Жұмаділов).
هوس (һауас — 1) құмарлық, әуесқойлық; 2) қиялилық). Әуес. Асырған Әyec одан бір амалын, Қалдырып шырмауыққа орамалын (X. Ерғалиев). Жайту Әуесті сол күні төркініне тастап кетіпті
(Б. Нұржекеев).
Әуесбай (а-қ). Әуесбай бұл сөзге кеңк-кеңк күлді («Л. Ж».).
Әуесхан (а-қ). Қоймашы Әуесхан — әскерден бір аяғынан айрылып келген, мінезі шатақ жан («Жалын»).
و
وامق (уамқ — жақсы көруші, сүюші). Уамық. Уамық Қалжанов 1895 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туған («Айтыс»).
وحيد (уахид — жалғыз, жалғыз-ақ, жалғыз ғана). Уахит, Уақит. Уахит жастайынан екі жылдық ауыл мектебінде оқыды (М. Қаратаев). Атым Уақит, Алтынның тұқымы едім, Біледі нәсілімді қазақ-орыс (Уақит).
Уахат. Уахатов Бекмұрат — қазақ әдебиет зерттеушісі, сыншы, филология ғылымдарының докторы («Қ. С. Э».).
وسيلة (уасила — 1) жақындық; 2) ықыласын аудару; сеніміне кіру; 3) құрал; амал, шара; дәрі). Уәсила. Біздің ауылдың адамдары Уәсиланы «Спортшы қыз» деп мақтайды (Т. Арыстанбеков).
وطن (уатан — туған жер, туған ел). Отан. Одақтас елдердің ұландары — Мұхит, Отан деген ұлы есімдерімен жасай берсін, жау алдында мерейлері үстем болсын! (P. Ыдырысов).
Отанбек (а-қ). Совхозда Отанбек басқарған комсомол-жастар күріш өсіруші бригадасы бар
(«Л. Ж».).
وظيفة (уазифа — 1) қызмет, лауазым, мансап; 2) міндет, борыш). Өзипа. Өмірбек есімді жігіт Өзипа есімді қызбен тіл табысып, тұрмыс құрған (Ж. Жұмаханов). Сау болыңыздар! Өзипажан хат беріп жіберіңіздер! — деді (3. Жұманова).
Уазипа, Уәзипа. Уазипа біздің алақанымызда өскен бала емес пе?! — деді Өкендер (І. Жансүгіров). Уәзипа келіп тұрды ол да бермен, Менің балам — инженер Тәңірберген,— деп еді қарт, Уәзипа: «білем», - деді, Сейітқамалдың досы деп, бірге жүрген (А. Тоқмағамбетов).
ولى (уали — 1) жақын; 2) қорғаушы, қамқоршы, сүйеуші; 3) ауыс. дос). Уәли. Қызы едім Уәлидің атым Майра, Қызыл тіл, көмекейім түгел сайра («Қ. Ә. Т».).
Уәлихан (а-қ). Уәлиханов Шоқан (шын аты — Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835-65) — қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, саяхатшы, фольклорист, ағартушы, демократ
(«Қ. С. Э».).
Уәлі. Уәлі ертең таң алдында елге білдірмей жүріп кетпекке бекінді (А. Исмаилов).
وليمة (уалима — 1) той; ас; сыйлау (аспен); 2) банкет, салтанатты қонақасы). Уәлима. Уәлима апайым — ою-өрнек шебері («Жалын»).
وهاب (уаһһаб — 1) жомарт; 2) барлығын жарылқаушы). Оқап, Оһап. Жаңа жабдықты жасауға белсене ат салысқан Т.Оқапов сияқты білікті инженерлердің талмай ізденуі, творчестволық еңбегі жемісті болып шықты (А. Жолдасбеков). Жігіттер Бағыданы ортаға алып, Сүйініп өнеріне құмарланып, Өшкен жанып, өлгені тірілгендей, Оһап жүр топты жарып, масаттанып (И. Байзақов).
Уақап. Іләйдің жолдасы Уақап — оқыған адам, жоғары дәрежелі білімі бар, ағайынға, жолдасқа соншама жаны ашығыш, мейірбан, аса адамгершіл, қамқоршы жігіт (А. Байтанаев).
ويدا (уайда — ашық, анық, жарық, жалтыр). Уайда. Үмбетбай Уайдин — қазақ ақыны («Қ. Ә».).
ويس (уайс — құдірет, күш, қуат). Уайыс, Уәйіс. Уәйіс бірнеше әйелді және жас жігіттерді Қоңқаймен беттестірді де, еріксіз Алуамен жақындығын мойнына алғызды (М. Әуезов).
(ى)
يتيم (иатим — жетім). Жетімбек (а-қ). Қасындағы нардай жігіт өзін Жетімбек деп таныстырды («Л. Ж».).
يحيى (иахиа — жалқы есім). Яхия, Яқия. Яхия — Сарыбаланың немере ағасы (Ғ. Мұстафин). Яқия Оспанов — Шораяқ Омардың туған інісінің баласы («Айтыс»).
Жақия. Жақия дейтін баласы Омбыдағы медицинская школада оқып жүрді (Қ. Айманов). Осы жақта мен өліп, Артымда тірі сен қалсаң, Жаңа өспірім Жақияны Жолдасым саған тапсырдым (Махамбет).
يعقوب (иа қуб — жалқы есім). Жақып. Жақыптың арбасына ауылдың бар баласы таласа-тармаса мініп алушы еді («Қ. Ә».).
Жақыпбай (а-қ). Жақыпбай тызалақтап, жаны қалмай жүгіріп жүр («Л. Ж».).
Жақыпбек (а-қ). Жақыпбек қанша адаммен дәмдес, істес болса, солардың әрқайсысы жөнінде арнаулы пікірі болатын (М. Иманжанов).
يغفر (иуғфар — кешірімді). Жағыпар. Есікті ашқан кісіні Жағыпар таныды («Жалын»).
Яғпар. Бірінші курстың өзінде-ақ Нұрғожа Оразов, Тұрап Айдаров, Яғпар Жүнісбаевтар республикалық газет-журналдарға барғанын айтып, аузымның суын ағызады (Т. Молдағалиев).
يوسف (иусуф — жалқы есім). Жүсіп, Дүсіп, Түсіп. Кешке қарай Жүсіп оралды («Л. Ж».).
يوسف على (иусуф ‘али; иусуф — қар. يوسف ; али — қар. على ) — б. т. е. иусуф + ‘али: Жүсіпәлі. Заводқа жаңа директор болып Жүсіпәлі келді (Н. Қапалбаев).
يوسف نظر (иусуф назар — Жүсіптің көзқарасы, ықыласы, ілтипаты) — б. т. е. иусуф + назар: Жүсіпназар. Түйелі жолаушыны жазбай таныды... Қойшы Жүсіпназар екен (Б. Әбдіразақов).
يوسف (иунус — жалқы есім). Жүніс. Сол жылдары Хамза Есенжановтың «Көп жыл өткен соң», «Ағайынды Жүнісовтер» романдары шықты («С. Қ».).
Байжүніс (қ-а). Байжүніс пен Қапар да озат шопан, Қолайлы шаруа қандай маман (К. Әзірбаев).
Жүнісбек (а-қ). Шашкин Зейін Жүнісбекұлы (1912-66) — қазақ жазушысы («Қ. С. Э».).
Жүнісхан (а-қ). Жүнісхан бұдан кейінгі сөзді артық көріп, төмен қарап тұнжырап отырып қалды («Жұлдыз»).
Достарыңызбен бөлісу: |