Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)


(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)



Pdf көрінісі
бет15/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 
 
 
БАҒДАРЛАМАШЫ 
 
Бағдарламашы
– арнайы математикалық модельдеудің кө-
мегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді 
құрастыратын маман. 
Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қа-
рауға болады. Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, 
есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қам-
тамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады. 
Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және 
аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру 
жабдықтарын жатқызуға болады. 
Жүйелік бағдарламашылар
операциялық жүйелерді, желі 
платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әртүрлі ақпарат ор-
талықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналы-
сады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола ала-
тындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар олар бағдарла-
малық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қамтамасыз ететін 
блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық 
құрылғылар) да жасайды. 


26 
Web-бағдарламашылар
да желімен жұмыс жасайды. Деген-
мен олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. 
Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық 
веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интер-
фейстерді жасаумен айналысады. 
Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептер-
ді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешім-
дер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды 
құрастырады. Сондай-ақ олар автоматты, типтік және стандарт-
ты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақ-
таумен жұмыс істейді. Бағдарламашылардың IT-компаниялар 
мен Web-студияларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында, жеке 
бағдарламашыны қажет ететін компанияларда жұмыс істеуге 
мүмкіндігі бар. 
Бағдарламашы өте жылдам дамып жатқан технологияларға 
бейімделе білуі қажет. Сол себепті өзін-өзі оқыту ең басты қа-
сиеттерінің бірі болуы тиіс. Әйтпесе бірнеше жылдың көлемінде 
маманның маңызы кетіп, жұмыстан шығып кетуі мүмкін. 
Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде ағылшын 
тілін білу де – ең маңызды талаптардың бірі. Аталған маман ие- 
лері топпен жұмыс істей алуы керек. Үлкен жобаларда біріге, 
жұмыла жұмыс жасай алатын мінездің болғаны да артықтық етп-
ейді. 
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет